Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан банктері проблемалы кредиттерден құтылады

Дата: 02 февраля 2011 в 17:10 Категория: Новости экономики

Қазақстан банктері проблемалы кредиттерден құтылады

Алдағы уақытта банктердің проблемалы активтерін тазалау яғни қалыпқа келтіруде түрлі қадамдар жасалады.

«Қаржы секторындағы ахуал тұрақты. Былтыр көптеген шаралар жасалынды. Егер мәселелі кредиттер жайы шешіліп жататын болса банк жүйесі қалыпты өз дамуына қарай қадам жасайтын болады». Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары Мұрат Байсынов бүгін Алматыда агенттіктің 2010 жылғы жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтты.

«Алдағы уақытта банктердің проблемалы активтерін тазалау яғни қалыпқа келтіруде түрлі қадамдар жасалады. Банктер мәселелі активтерді беретін компанияларды құрады. Сонымен бірге заемшылардың жағдайын жақсартуға бағытталған заң жобасы қабылданады. Ипотекалық несие алушылар мен инвесторлардың құқын қорғайтын бұл заң жобасы Елбасына қол қоюға берілді», дейді Мұрат Байсынұлы.

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасарының сөзіне қарағанда, жоба қабылданса заемшылар өздерінің алған несиелеріне айыппұл төлемейді.

Кредиттің жылдық мөлшерлемесі 10 пайызға дейін төмендетіледі. Кепілде тұрған мүліктерін соттан тыс сатуға тыйым салынады.

Егер заем алушының келісімі болмаса келісім-шартқа банк біржақты өзгерістер енгізе алмайды. Көрсетілген пайыздар өзгертуге жатпайды. Земшының алған несиесін қайтаруға жеңілдіктер жасау арқылы банктердің мәселелі активтердің көлемі азаймақ.

Егер заем алушының келісімі болмаса келісім-шартқа банк біржақты өзгерістер енгізе алмайды

М. Байсыновтың айтуынша, заң жобасында Ұлттық банк ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің келісімімен нормативтік құқықтық акт қабылдайды. Ол бойынша банктер кредитке онда көрсетілген көлемнен артық үстеме қоя алмайды.

По сообщению сайта Nur.kz