Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Еуропаға жылқының құрғақ сүтін экспорттаймыз

Дата: 02 февраля 2011 в 17:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Еуропаға жылқының құрғақ сүтін экспорттаймыз

Отандық бизнес өкілдері жылқының қадірін түсіне бастаған тәрізді.

Кеше Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алқа мәжілісінде мамандар журналистерге жағымды жаңалық жария етті. Жақында Инжиниринг және технология трансферті орталығы отандық шаруа қожалықтарының бірімен тізе қоса отырып, жылқының сүтін кептіру арқылы арнайы ұнтақ алатын жоба жасаған. Құрғақ сүтті сумен араластыру арқылы жылқының саумалын іше аласыз.

Бұл жаңалықты жақында Инжиниринг және технология трансферті орталығы директорының орынбасары Мұхтар Мәң­кеев таныстырды. «Алғаш рет осындай ұнтақ алдық, енді оны Еуропада сертификаттау сынағынан өткізгелі жатырмыз. Бұл елімізде жаңадан басталып жатқан, экспорттық әлеуеті бар тың жоба болғалы отыр. Жаңа бренд құрылатын болады», – дейді ол.

Ұнтақты фармацевтика, косметология, жас балалар мен спортшылардың тағамына қосуға болады.

Француз технологиясы бойынша жасалатын өнімге бүгінде сұ­раныс көп болатын түрі бар. Себебі былтыр ғана басталған жобаның алғашқы өнімдері жыл ортасында Батыстың бірнеше еліне экспорттала бастайды. «Бұл – бірінші пилоттық жоба. Ел аумағын қамтып қана қоймай, жылына 30 тоннаға дейін сыртқа шы­ғарамыз», – деп атап өтті ол.

Орташа бағасы елімізде 150-170 еуро көлемінде болмақ

«Орташа бағасы елімізде 150-170 еуро көлемінде болмақ. Бұл жоба Еуропада, әсіресе, Қытай елінде жақсы жолға қойы­лып келеді. Бірақ қазақ жылқылары далада өз аяғымен жайылатындықтан, құр­ғақ сү­тінің сапасы да жақсы болмақ, – дейді ма­мандар. Расында, соңғы жылдары өн­діріс орындарының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі айтарлықтай артқан. Әсіресе, уран өндірісі жылдан-жылға артып, фармацевтика саласы да жақсарып келеді. Отырыста «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Владимир Школьник: «Өткен жылы елімізде 18 мың тоннаға жуық уран өндірілді. Ал биыл 19 600 тонна уран өндіру жоспарланып отыр. Осылайша, 53,6 млрд теңге көле­мінде таза табыс табамыз», – деп атап өткенін айта кету керек.

Премьер-министрдің орынбасары әрі индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің сөзіне қарағанда, өткен жылы шығарылған өнімнің физика­лық көлемі 10 пайызға артқан. Ал өндіріл­ген өнім көлемі 18,4 пайызды құрап отыр. «2010 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен дүниеге келген бес жылдық индустриялық бағдарлама іске асырыла бастады. Алғашқы нәтижелері де жаман емес. 2010 жылы басымдық берілген салалар бойынша мастер-жоспарлар мен даму бағдарламалары дайындалып жатыр. Аталмыш жұмыстардың аясында 50-ге жуық жүйелік шаралар мен қолдау құралдары жасалады. Сондай-ақ сырттан инвестиция тарту үшін даярланған тағы 400-ден астам жоба бар. Жалпы, атқарыл­ған жұмыстың арқасында өнеркәсіптің барлық саласында алға жылжушылық бар», – деп атап өтті ол.

Бірақ жетістіктің бір баспалдағын ба­ғын­дырдық деп қарап қалуға болмайды.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов: «Қазіргі кез­дегі негізгі назар жеке секторды дамы­туға аударылуы тиіс», – деп атап өтті. «Дағ­да­рыс кезінде атқарылған жұмыстардың негізгі бөлігі мемлекеттік ресурстарға жүк­тел­­ді. Енді бұл жүктемені жеке секторға ба­ғыт­тау қажет. Дамудың негізгі локомотиві же­ке сектор болуы керек. Сондықтан бү­гінде қалыптасқан өзара іс-қимыл ары қа­рай жалғасып, нығаюы тиіс», – деген К.Мә­сімов шарықтап бара жатқан азық-тү­лік бағасына да тоқталды.

Қазіргі кез­дегі негізгі назар жеке секторды дамы­туға аударылуы тиіс

«Азық-түлік ба­ғасы бойынша облыс әкімдіктерінің атқар­ған шаралары қатаң бақылауда болады. Ба­ға нарқы әр облыста әркелкі. Мен осы мә­­селе тұрғысындағы шараларды қатаң ба­қы­лай­мын. Бұл бағытта атқарылатын ша­ралар бойынша дайындалыңыздар. Ал­дағы сенбі күнгі селекторлық кеңесте Президент тапсырмасына сәйкес, еңбекпен қамту бағдарламасы мен азық-түлік баға­сы мәселелері қаралады», – деді Премьер.

 

По сообщению сайта Nur.kz