Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тоқтар Әубәкіров: «Қазақ басын көтерсе, оны тоқтату қиын болады»

Дата: 03 февраля 2011 в 00:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Тоқтар Әубәкіров: «Қазақ басын көтерсе, оны тоқтату қиын болады»

Өткен сенбі күні «Азат» партиясы Алматыда «Жаңа Қазақстан -2020» атты демократиялық форум өткізді. Осы форумға Астанадан арнайы келген Тоқтар Әубәкіров батырға тән сөзін айтып, бүгінгі биліктің жүргізіп отырған саясатына өз пікірін ашық білдірген еді. Біз де форум соңында өз тарапымыздан Батырға бірер сауал қойған едік.

Ескерте кетейік, бұл сұхбат мерзімінен бұрын, президенттік сайлау жарияланбай тұрып болған еді.

— Тоқтар аға, сіз елдің адал азаматы ретінде Қазақстандағы қазіргі жағдайды қалай бағалайсыз?

— Ежелгі заманнан бергі осы мем­лекеттің иесі — қазақ халқына қатыс­ты «момын», «жуас» деген теңеу біздің қонақжай, аузындағы асын өзгеге бөліп беретін жомарттығына ғана қа­тысты айтылған деп санаймын. Ен-бай­тақ даламызға көз тіккен басқын­шылардың «қазақ халқы жуас, не істе­сең де, көне береді» деп лепірген, үстем әрекеттерінің соңы не болғаны тарихтан белгілі. Тұқыртып, өзіне құл етеміз деген ниеттері күл-талқан болды емес пе? Шап­қын­шы жаудың жұрнағы атамеке­німізде қалды ма? Жоқ! Демек, «момын» атанған халық ешкімді басындырмады.

Ал бүгінгі күні осы қазақтың еркіндігін кем көрушілер хандық мемлекет құрып, хан сайлауға ұмтылуда. Мемлекетті басқару мерзімі әуелде төрт жыл еді, одан бес жылға ұзартылды, кейін жеті жылға, енді келіп, он жылға ұзартуға бастама көтерген жарам­сақтар табылды. Одан да өле-өлгенше басқарсын деп неге бекітпеді екен?! Міне, бүгінгі қа­зақтың жағдайы қалай десеңіз, берер жауабым — билікті бір уыста ұстауға ұм­тылған жандайшап «бастамашы» топтың әсірепысықтығын барша халықтың пікірі деп қабылдамау керек.

— Осындай жағдайда елге жаны ашитын сіз сияқты азаматтар не істеулері керек деп ойлайсыз?

— Айналайын қазағым не істеу керек екенін өзі кеңінен ойлануға тиіс. Осындай қиын кезеңде, бір жағынан қымбат­шылық қысып жатқанда, ауылында сүт пен наннан басқа азығы жоқ қазақтың ойланар шағы туды. Тіпті, көрші Қытайға рақмет дегің келеді екен — арзан тауарымен ауылдағы қазақты киіндіріп жатыр. Қорасындағы қойы мен сиырын бір киер киімге айырбастап, малының да басын құрай алмай отыр. Бірақ көршілердің осы арзанқол тауарымен елдің санасын да жаулап отырғанын түсініп отырған билік қайсы? Қайран қазақ қашанғы төзе берер дейсіз, «біз аңсаған тәуел­сіздік, егемен Қазақстан мемлекеті қайда!?» — деп, бір сәтте ашынбас үшін, билік елге бет бұруға тиіс.

— «Халықтың қарны тоқ, сондықтан ол бүгінгі билікке қарсы шықпайды» деген сөз бар. Сіз ел ішінде жүрсіз ғой, қазақ тоқ па?

— Егер қазақтың қарны тоқ болса, онда басқа да қоғамдық мәселеге араласып, сая­сатпен айналысар еді ғой. Бүгінгі қазақ өзінің күйбең тірлігінен ары аса алмауда. Ертеңгі күнкөрісім, тұр­мыс-жағдайым қалай болмақ, малыма жем-шөпті қалай жеткізем деп, өз-өзі­мен әуре. «Қырсық қырық ағайынды» де­мекші, табиғат Ана да қазақты аямай тұр. Аптап ыстықта еккен егіні мен шөбі өртеніп, көктем шықса, су апатына ұшы­рап, қыс түссе, қақаған аяз қысып, сы­нақ­қа алуда. Бүгінгі қазақ күнделікті қу тірліктің қам-қарекетінен аса алмайды.

Ал ел ішін аралап жүргенімде: «Конституция деген не өзі?» — деп сұраған қа­зақ­ты да көрдім. «Ол — Ата заң» деп жауап берсем, «сол Ата заң бүгін былай, ертең басқадай етіп, өзгертіп жаза беретін қамбашының кіріс-шығыс кітапшасы болып кетті ғой?!» деген қазаққа жауап таба алмадым.

Шынында да, мемлекеттің басты құжаты неше ұрпаққа арналып жазылып, өзгеріске, бұрмалауға ұшыра­майтын, бұзылмай­тын Заң болуы керек еді ғой. Бір адам­ның билігіне арнап жазылған заң енді сол бір адамның жеке билігі үшін жылда бұрмалануы көп қазаққа түсінік­сіз.

— Иә, «қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқаны жаныма батады» демекші, халық мемлекетті басқарудан тыс қалды ғой. Мәселен, Назарбаев сайлаусыз тағы да он жылға билігін созса, сіз не істейсіз, көнесіз бе?

— Меніңше, бүгінгі күні бар мәселенің маңызы да осы болса керек. Мен сая­сатқа араласып жүрген жиырма жылдың ішінде халық көтеріліп, қан төгіліп кетпесе екен деп алаңдаумен жүрмін. Осы мәселенің байыбына барып, түбін тереңнен ойламайтын бүгінгі билік өз халқына жанышымастық танытып отыр. Тіпті осындай жағдайға халық­ты өздері итермелеп жатқан сияқты. Қазақ деген халық шыдамды, төзімді деп, басына берудің де шегі бар емес пе? Қазақ басын көтерсе, алапат дауылдай жойқын мінезі бар екенін ұмытпаған абзал. Ал сол дауылдың екпіні жылдам басыла қояды десек, қатты қателесеміз. Тоқтату қиын болады. Сондықтан биліктің әлі де ойлануға уақыты бар.

— Ал жасы жетпістен асқан адамға балама таппай, референдумды қолдаған қазақтарға не айтасыз?

— Ондай бастама көтеріп, балама жоқ деген сөзді айтып жүрген қазақ халқы емес, биліктің маңында жүрген бір топ жарамсақтар ғана. Өздерінің қара басының қамы үшін керек болған соң, осындай оғаш бастаманы көтерді. Бұл — бір адамның билігін пайдаланып, ел байлығын иемденіп жүргендердің тірлі­гі. Қызметімнен, байлығымнан айырылмасам екен, қалай сақтап қалсам екен деген жанталас әрекеттің көрінісі. Ал пре­зиденттің өкілеттігін тағы да он жылға созу — сол топтың қауіпсіздігі үшін қажетті кепілдік.

— Дегенмен дәл қазір салғырт, бойкүйез, жігерсіз жүрген қазақ үшін кезіндегі Алаш арыстары сияқты жанпидалық жасауға болады деп ойлайсыз ба?

— Ел ішінде әділетсіздік пен заң­сыздыққа қаны қайнаған азаматтар көп. Кең даланың еркіндігін сезініп өскен қазақтың қаны таза, ойы азат. Бірақ ертеңгі болашақты ойлау үшін, өсіп келе жатқан ұрпаққа жағдай жасау үшін, жанпидалық әрекетке бармау керек.

Демократиялық форумға елден келген азаматтардың арасында: «Қорқа-қорқа қоян болдық, елді көтермейміз бе?!» — дейтіндерді көрдім. Алайда билік­тің бишігі бар екенін ұмытпауымыз керек. Қолындағы үстемдіктен айырылмау үшін, бейбіт халыққа қарсы зеңбіректі де пайдаланудан тайынбайды. Кезінде Алаштың арда азаматтары солақай саясаттың құрбаны болды, қанша асылдарымыздан айырылдық. Беті аулақ, ондай жағдай туса, алтын жігіттеріміздің басы кетеді. Ел басын көтерсе, сырттан бақылап қарап тұрмаймыз ғой, сол сәтте билік ешкімді аямайтынын естен шығармауымыз керек. Билікке уақыт беріп, қандай да бір сая­си шешім шығарар кезде, қазақпен санасуын талап етуіміз керек. Оянған қазақтың қаһарынан билік аяғын тартары анық.

Бақытгүл МӘКІМБАЙ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 04 (87) 02 ақпан 2011 жыл.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы