Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Нұра Матай. Қабірлерді қиратқандар құрықталды

Дата: 03 февраля 2011 в 00:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Нұра Матай. Қабірлерді қиратқандар құрықталды

Атыраудағы екі бірдей мұсылман зиратын қасқана қиратып, өлілердің мазасын қашырып, тірілердің зәресін ұшырған төтенше оқиға туралы өткен жолы айтқан едік. http://abai.kz/content/nyra-matai-kabirlerdi-kiratyp-ketipti Енді міне, кеше ғана зираттарды тас-талқан етіп, Құдай құзырына қылыш сермегендей аса қорқынышты қылмыс жасаған адамдар ұсталғаны туралы Атырау облыстық қылмыстық полиция бастығы Амандық Мұқашев мырза баспасөзге хабар айтқан.

Мұқашев мырзаның сөзі бойынша, қабірлерді қиратқандар өңшең 1991-1992 жылдары туылған Тәуелсіздіктің құрдастары саналатын өрімдей жастар екен. Олар зираттарда не атасының құны қалғанын ашып айтпай отырған көрінеді. Алайда, табылған айғақтар жас балалардың Қазақстанда тіркелмеген теріс пиғылды ислам ағымының мүриттері екенін анықтапты. Тіпті, әлгі бозбалалардан діни кітаптар, дискілер табылған.

Сөйтіп, «Халық айтса, қалт айтпайды» деген сөз тағы бір рет өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Өйткені, біз айтып отырған қылмыстық оқиға орын алғанда аймақтағы ел ішінде бұл үрейлі қылмыс діни ағымдардың жетегінде кеткендердің қолынан келді деген әңгіменің гулеп тұрғанын жазғанбыз. Міне, жұрттың айтқаны айна-қатесіз келді.

Бүгінгі таңда діни ағымдардың іс-әрекеттері мемлекетке, ел азаматтарына тіпті, өлгендерге де залалын тигізіп жатқанын көріп, біліп отырып Үкіметтің, ҚМДБ-сының, дін комитетінің қол қусырып қарап отыруы тіптен қорқынышты...

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы