Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қостанайда балықтар қырылып жатыр

Дата: 03 февраля 2011 в 09:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қостанайда балықтар қырылып жатыр

Қостанайдың өзен-көлдерінде балықтың жойылып кету қаупі бар. Соңғы 4-5 жылда көлдердің арнасы тартылып, тайызданып кеткен.

Оның сыртында биыл қыста су бетін бір метрге жуық қалың мұз басты. Осындай жағдайларға байланысты балықтар жаппай қырылуда.

Меңдіқара ауданы Алешинка ауылының маңындағы көлде желбезектілердің жаппай қырылуы етек алған. Тексере барған мамандар оның себебін қажетті қорек пен ауаның аздығынан деп түсіндіреді.

Таңат Смайлов, Қостанай облысы балық инспекциясы бөлімінің бас маманы:

— Суда оттегінің болмауы — ең басты себебі. Екінші себебі — бұл судың таяздауы. Соңғы 5-7 жылдың ішінде Қостанай облысы бойынша қардың көлемінің аз болуы және табиғи еріген судың келмеуіне байланысты өзен, көлдердің барлығы таяздап кеткен. Орташа тереңдігі 1,5 аспайды. Ал жалпы қатты аяз күндері температура төмен түскенде мұздың қатып қалуы 1 метрден асып кетеді.

Мағауия Қалиев, тілші:

— Көкбетті көлінің жалпы аумағы 1750 гектар. Облыстағы ірі көлдердің бірі. Мұнда білетіндердің айтуынша, балықтың 10 шақты түрі болған. Жылына 70-80 тоннаға дейін балық ауланған.

Бүгінде мұнда мұз астында тіршілік атаулыдан түк жоқ. Осы көлді жалға алған Иван Таран балықтардың жаппай қырылуының басты себебі су деңгейінің төмендеп кеткендігі. Сосын жергілікті шаруалардың да келтіріп отырған залалы орасан, — дейді.

Иван Таран, жалға алушы:

— Шаруалар өзен, көлдерге тақап тұрып егін егеді. Су қорын қорғау туралы заң бойынша егістікпен аралық 500 метрден кем болмауы керек. Бірақ бұл талапты сақтап жатқан ешкім жоқ. Олар сепкен гербицидтер мен химикаттар көлге түсіп, бір жылдың ішінде бүкіл балығым қырылып қалды.

Алабұға, шортандарды сақтап қалғымыз келсе, ойық ауқымы барынша кең болу керек

Жалпы Қостанай облысында сегіз мыңнан астам ірілі-ұсақты өзен көлдер бар. Соның 500-і ғана жеке тұлғаларға бекітіліп берілген. Олардың өздері су тоғандарының күтімін келістіріп отыр деп айту қиын. Әр жерден ойылған оймақтай ғана ойықтар су астын оттегімен қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Алабұға, шортандарды сақтап қалғымыз келсе, ойық ауқымы барынша кең болу керек, — дейді кәнігі балықшылар.

По сообщению сайта Nur.kz