Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Дәурен Қуат. «Перғауын» халықтың қаһарына ұшырады

Дата: 03 февраля 2011 в 13:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Дәурен Қуат. «Перғауын» халықтың қаһарына ұшырады

1981 жылдан бергі Египет Ислам Республикасының президенті Хосни Мүбарак  биліктен бас тартатынын мәлімдеді. Ақпанның 2-сі күні АҚШ президенті Барак Обама Египет елін «ежелден» билеп келе жатқан әріптесі Маха́ммад Хо́сни Сайи́д Мүба́ракка жағдайды уышықтырмай «Сфинкс тағын» босатудың жолын ұсынған болатын. 83 жастағы Мүбарак өзінің мүлт кеткенін мойындап, кеше  египеттіктер сарыла күткен «жаңалығын» жария етті. Сонымен, алдағы күз мезгілінде Египетте президент сайлауы өтпек. Ал, күз келгенше Мүбарак бүгінге дейін жан баласымен бөліспеген биліктің биік шыңында отыра бермекші. Алайда, көне Мысыр шаһарындағы толқулардың нышанына қарай отырып Мүбарактың мүрдем кетпесіне сену қиын болып тұр. Өйткені, халқы өте тығыз орналасқан Египеттегі ереуілдердің тегеуріні күн өткен сайын күшейіп барады. Катардың «Әл-Жазира» арнасы Қайыр қаласындағы Тахрир алаңына 2 млионнан астам халық жиналып, Мүбарак билігіне наразылық танытты деп хабарлады. Тап сол Тахрир алаңында қала тұрығындарынша қарапайым кинген полиция жасағымен ереуілшілдер қақтығысып та үлгерді. Египттің денсаулық сақтау министрі Ахмед Самех Фаридтің баспасөз өкілдеріне айтқан дерегіне қарағанда, 639 адам  қақтығыстардың салдарынан қатты жарақат алған көрінеді.

Мысыр шәрісі, көне мысырлықтар... Ніл дариясы. Біздің бабаларымызға парсы жырлары мен араб әфсаналары арқылы жетіп, қиял ғажайып ертегілерге елітіп өскен жас ұрпақтың жадындағы таныс та бейтаныс өлке. Мысырмен бізді сабақтастыратын тек қана әфсана, жырлар ғана емес, баһадүр бабалар рухы. Қайыр қаласында қыпшақ беріш Бейбарыс сұлтан салған мешіт бар. Перғауындар еліне мамүлік болып барған қыпшақтар Мысырды 300 жыл билепті. Бейбарыс билігі өзінен кейінгі ізбасарларына дәстүрлі түрде беріліп отырған. Бейбарыс бабамыз сияқты ерлігі асып, даңыққа бөленген қыпшақ   Қайтпай сұлтан соққан қорғанды осы жолдардың авторы Египетке барған сапарында көрген еді.  Бүгінгі египеттіктер жүресінен отырған адамға «Қайтпайға ұқсап отырма» дейді. Бұндағы сөз: Қайтпайды жаулары дарға асқанда кеудесінен жаны шықпаған батыр сұлтан жүрелей отырып жан тапсырыпты. Содан бері Мысыр жұртында жүрелеген адамды көргендер әлгіндей деседі екен.

Бұл жайттар мүбада сөз болған соң айтылып қалды, біз қайтып Мүбарагімізге оралайық. Махааммад Хоосни Сайиид Мүбарак 1928 жылдың 4-ші мамырында дүниеге келіпті. Әкесі  шағын ғана жерге иелігі бар заң қызметкері болады. Хосни ер жете келе әке жолын емес, әскери өмірді таңдайды. 1950 жылы Билбейс қаласындағы әскери әуе күштері Академиясына түседі. 1956 жылы Суэцк майданына қатысады. В 1959-1960  жылдары КСРО-да оқып,   қазіргі Бішкек (бұрынғы Фрунзе) қаласындағы авиациялық полкте  кәсіби білігін жетілдіреді. Мүбарактың ресми өмірбаянында жазылмаған сияқты, Египетте болған сапарымызда оның  Отар қалашығындағы әскери бөлімде «қызмет еткенін» естіп таң қалдық (Алматы облысының аумағындағы Отар қалашығы КСРО кезінде жабық қалалардың бірі болған). Жаратқанның жалпақ әлемін жартысынан кешіп билеуді көксеген Кремль көсемдері  әскери адамдарды тәрбиелеп, оларға ықпал етіп отыруды әсте ұмытпаған ғой.  Жас Мүбаракта Кремльдің жобасындағы адамдардың бірі болуы мүмкін. Өйткені ол қызмет бабымен тез көтеріліп, әйгілі Әнаур Саадаттың қасынан бір-ақ табылады. Әнауар Саадат өз заманында Кеңес өкіметімен татулықты қалаған тұлға. Саадаттың құрметіне қазақ та сараңдық танытпай балаларына Саадат,  тіпті Әнуарсаадат (Ақтөбе қаласында менің Әнуарсаадат атты жолдасым бар) деп азан шақырып ат та қойған еді.

1975 жылы Әнаур Саадат Хосни Мүбаракты вице-президент етіп тағайындайды. Сол жылы Мүбарак елдегі ұлттық-демократиялық партияға жетекшілік етіп, 1981 жылы 6 қазанда Саадатқа қастандық жасалған соң партияның бас хатшысы болады. Қастандықтан қаза тапқан Саадаттың орынын иеленісмен Мүбарак Египетте төтенше жағдайдың қалыптасқанын қатаң ескертіп, билікті билеп төстегеннің бәрін түрмеге тоғытады. Саадаттың уағындағы оппозициялық күштерге рахым жасап, еркіндікке шығарады. Содан кейін-ақ, Мүбарактың шексіз билігі қалыптасып, ол 1987, 1993, 1999 жылдардың бәрінде референдум арқылы өз билігін нығайта береді. 2005 жылдың күзінде ғана Мүбарак алғаш рет өз кандидатурасын сайлауға ұсынып саяси бәсекелесін шаң қаптырды. Мүбарактың жеңсін Батыс саясаткерлері «Египетте перғауындар заманынан Мүбаракка дейін халық осылайша таңдау жасап келеді» деген мысқылмен мойындаған-ды. Енді міне,  Египет «Перғауыны» халық атты Құдайдың қаһарына ұшырап жаза басуда. Египетті еркін ел етуге талпынып, халықаралық туризмге жол ашқан «Перғауын» бірақ,  жер асты байлығын базарлы ете алмаған сияқты. Әлемдегі мұнайға бай елдердің бірі Египет жұрты өте нашар өмір сүреді. Жан саны әлеуетінің дамуы тұрғысынан Египет 117 мемлекеттің ішінде 111-ші орынды иеленеді екен. Мысыр халқы жұмыссыз, жоғары жақты коррупция жайлаған. Өздерін «египеттіктерміз» деп атайтын Мысыр жұртындағы бүгінгі көпшілік копт тілін (афроазиялық тілдер санатындағы копт тілінде ежелгі Еипет халқы сөйлеген) мүлдем ұмытып, арабша сөйлейді. Араптанған египеттіктер пирамидалар мен жер астында қалған төл өркениетін дәріптеуден гөрі қара базардағы бүгінгі бақалшылығын (ұсақ-түйек саудагерлігін) мақтан   көреді.  Қазіргі Мысыр лаңкестікпен байланысы бар хизб-ут-тахрир ағымы ошақ құрған мекенге айналған. Ғалым, масондар тарихымен шұғылданушы Мақсат Тәж-Мұраттың жазуында, хизб-ут-тахрир ағымы Батыс масондарының еврейлер арқылы Мысырдың мыс табағына салған улы жемісі көрінеді.

Жылына 1 мллионға өсіп отыратын, жан саны 70 миллионға жуықтап қалған Египеттің адам рессурсын да Мүбарак тиімді пайдалана алмағанға ұқсайды. Халқы 1 млрадтан асқан Қытай мен Үндістанның экономикалық қарқына қарап  Мүбарактың мүлт кеткен ісіне байланысты осындай байлам жасауға болатындай.

Египеттегі толқудың салдарынан кешелі бері мұнайдың халықаралық нарықтағы бағасы 2008 жылдағы деңгейіне көтеріліп, 1 баррель 100 долларға жетті. Тәулігіне 2,4 миллион баррель мұнай тасымалданатын Мысырдың атақты Суэцк каналы қызметін тоқтатты.

Мұнай бағасының аспанға шапшуы тағы бір мұнайлы ел Қазақстанның қазаннын қайната түсуі ықтимал. Референдум мәселесін «іреп» тастап президент сайлауына білек түре кірісіп кеткен елімзідің «алтын бесігі» — Алматыда Хосни Мүбарак салып берген Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті атты университет бар. Египеттің әл-Асқар университетінде де қазақ жастары діни әм заманауи білім алуда  Мүбарак — Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сыралғы достарының бірі. Сөйткен сыралғы дос  отыз жыл орныққан ордасын тастап, сексеннен асқан жасында биліктің сеңгірінен түсіп барады... халқының қаһарына ұшырап.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы