Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбе облысында жабайы доңыздарды атқан жергілікті 2 тұрғын ұсталды

Дата: 03 февраля 2011 в 13:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбе. 3 ақпан. ҚазТАГ -Ақтөбе облысында 12 жабайы доңызды атып алған жергілікті 2 тұрғын ұсталды.

«Белгісіз біреулердің жергілікті тамақтану орындарына жабайы доңыздың етін сатып жүргені туралы оперативті ақпарат түсті», — деп хабарлайды Шалқар АІІБ.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Шалқарда тіркемесі бар УАЗ көлігі тоқтатылды.

«Көлікті Шалқар ауданы Байқадам елді мекенінің 43 жастағы тұрғыны басқарған. Автокөлікті тексеру барысында тіркемеден жабайы доңыздың 12 тушасы табылды», — деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев.

«Жүргізуші мен 35 жастағы жолаушы доңыздарды сату мақсатымен Байқадам елді мекенінен 20 шақырым қашықтықтағы Баян деген жерде атып алғандарын айтқан», — деді А. Иманғалиев.

Браконьерлердің мемлекетке келтірген шығыны Т3,3 млн-ға бағаланып отыр. ҚР ҚК 288 бабы «заңсыз аңшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды, қылмыс қаруы — 16-шы калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді.

«Заңсыз аңшылық» бабының санкциясы мүлікті тәркілеумен 2-5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы