Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанның Жоғарғы сот қызметкері парамен ұсталды

Дата: 03 февраля 2011 в 14:51 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанның Жоғарғы сот қызметкері парамен ұсталды

Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы алқа хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Нұрлыбек Сәрсенов қамауға алынды, деп хабарлайды «Время«газеті.

«Үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында агенттік Жоғарғы соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының азаматтық істі қарауда оң шешім қабылдауына көмек көрсету үшін азаматша А.-дан 22 мың АҚШ долларын алды деген күдікпен Жоғарғы соттың жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаментінің қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Сәрсенов Нұрлыбекті ұстады», — деп хабарлаған газетке экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы Мұрат Жұманбай.

«Осы күні аталған факт бойынша Сәрсеновқа қатысты ҚР ҚК 177 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Үстіміздегі жылдың 28 қаңтарында Сәрсеновқа қызметтік жалған құжат жасау арқылы жасалған алаяқтық деген айып тағылып, ол сот санкциясымен қамауға алынды», — делінген қаржы полициясының ресми мәлімдемесінде.

Сәрсеновқа қызметтік жалған құжат жасау арқылы жасалған алаяқтық деген айып тағылып, ол сот санкциясымен қамауға алынды

Оның мәліметінше, қылмыстық іс тергеліп жатыр, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбай отыр. Газет Жоғарғы сотқа жіберген ресми сұранымына аталған мекеменің баспасөз қызметінен факспен жауап алған.

Онда Н.Сәрсеновтың үстіміздегі жылдың 27 қаңтарында еш себепсіз «жұмысқа шықпағаны үшін» қызметінен босатылғаны айтылған.

«Факста Жоғарғы соттың бұрынғы қызметкердің қамауға алынғаны туралы бейхабар екені жазылған», — деп хабарлайды газет.

По сообщению сайта Nur.kz