Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Нұра Матай. Пішту

Дата: 03 февраля 2011 в 17:10

Нұра Матай. Пішту

Елімізде сырттан келген «Сорос Қазақстан» деген қор бар. Атақты шылқыған бай Сорос мырзаның Қазақстанға жасаған «мырзалығы». «МediaNet» халықаралық журналистика орталығы деген де ұйым бар. Бұл ұйым қазақ журналистерінің сауатын батысша ашумен айналысады. Халықаралық десе, қағылездене қалатын қазақ жазармандарының бір қаншасы осы ұйымнан сабақ алып әуре. Одан шығып алып, қасаңдаңданған, қазақ оқырманының ақпараттық жанына қабыспайтын батыстық журналистика стилін насихаттайды. Ел болған соң, еректер де болады ғой...

Хош, «Сорос Қазақстан» қорының қолдауымен «МediaNet» халықаралық журналистика орталығы «Қазақстан Республикасындағы азшылық топтар туралы БАҚ-тың хабар тарату сипаты» деген тақырыппен зерттеу өткізіпті. Рас, «Апама жездей» сай екен. Зерттеуді жүргізгендер елдегі ұлттық, діни, сексуалды азшылықтар туралы қазақ баспасөзі мүлдем аз жазады, жазса да мемлекеттің ұстанымы тұрғысынан ой қозғап, кекеп, мұқап жазады деген «деректі пәтуа» шығарыпты.

Азшылықтардың «азабына» қабырғасы қайысып, жан ашыған топ қазақ журналистері ұлтаралық мәселені біржақты береді, діни азшылықтарды «секта» деп олардың жанын түсінбейді депті. Шіркін-ай, ә!

Енді, бұған айтарымыз. Әлбетте, демократияны желеу етіп жалбаңдап жеткен шетелдік талай ұйым бар. Ол ұйымдарды Қазақстанға қай ел, қандай тереңдіктегі саяси оймен жіберіп, дем беріп, қаржыландырып отырғанын сезбейтіндей иіс алмас ел біз емес. Келсін, көрсін. Бірақ өз жөнімен жүрсін!

Екіншіден, елде Қазақстан халқы ассамблеясы деген мекеме бар. Осы елдегі барлық өзге этностардың жайын күйттеп отырады. Парламентте депутаттар бар, лауазымды адамдар бар этностық диасперолардан шыққан. Газет десе газеті, театр десе театры, мемтапсырыс десе мемтапсырысы бар. Өз санын есептей алмай жүрген қалың қазақ қай аз ұлттық азшылықтың құқын таптап жатыр екен сонда?

Діни азшылық делінетін, асылында саяси мақсат арқалаған топтан әлемнің кез келген мемлекеті сақтанады. Кім өзінің халқын үйірінен бөліп, өзіне қарсы қойғанды жаны қалайды? Сондықтанда діни азшылыққа деген қоғамдағы қыли көзқарас табиғи әрі заңды. Бұл өз жалғасын таба береді де.

Зерттеуді жүргізушілердің үшінші тақырыбын мүлдем қозғаудың өзі артық. Бұның артында елдің жаһандық мәдени экспансияға ұшырауының салдары жатыр.Ұлтымыздың санын арттыру мәселесі тұрғанда жігітімізді — қызтеке, қызымызды — жезөкше қылатын жайымыз жоқ!

Ал, мемлекеттің және қазақ баспасөзінің жасап отырған және жасай беретін қызметі — қазақ және оның мәңгілік азат мемлекеті үшін. Сондықтан бұл қасиетті қызмет тоқтамақ емес. Әрбір мемлекет өзін қорғауға міндетті. Керек десеңіз, бұл оның Алла берген құқы һәм құзыреті! Әр ұлттың қорғаныштық қабілеті болатыны сөзсіз. Ал, жоғарыдағы дүниелер ұлт ағзасына қарсы кеселді микроб, қауіпті вирус екені айтпаса да түсінікті. Бұдан әрі «Аузымды қышытпа, еститініңді естіп қаласың», депті бір апамыз.

Әрине, зерттеуге зер салмай-ақ, жылы жауып қоя салуға болар еді. «Жайын жатқан жыланның құйрығын басқан» соң, әу дедік. Оған бола қоңыраймай-ақ қойыңыздар. Шынтуайтында, пішту.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы