Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан құрамасы Азиада қоржынына 47 медаль салып бірінші орында мықты тұр

Дата: 03 февраля 2011 в 22:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан құрамасы Азиада қоржынына 47 медаль салып бірінші орында мықты тұр

Ұзақ қашықтыққа шаңғымен бағдарлау жарысу бәсекесінде Михаил Сорокин Азиаданың үш дүркін жеңімпазы болды.

Шайбалы хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы үшінші мәрте Азиаданың чемпионы атанып отыр.

Бүгін Қазақстан құрамасы Қытай спортшыларын 4:1 есебімен жеңді. Бұл ойында Елена Штельмайстер 2 мәрте мергендігімен көзге түссе, Зарина Тохтиева мен Любовь Ибрагимова бір-бір голдан соқты.

Бүгінгі жаңбыр Юлия Галышеваға параллельді могулдан бірінші болуға бөгет жасамады. Юлия Азиаданың екі дүркін жеңімпазы болды. Ауа райы қолайсыздығына байланысты ерлер арасындағы суперкомбинация жарысы ертеңге көшірілді.

Мұз үстіндегі би қысқа бағдарламасының қорытындысы бойынша қытайлық жұп Хуан Синтон мен Чжэн Сюнь алда келеді. Бүгін, 3-ақпан күні биші жұптар өзінің қысқа бағдарламасын көрсетті. Оның қорытындысы бойынша қазақстандықтар Виктория Кучеренко мен Виктор Адониев 36,22 ұпайды еншілеп, төртінші қатардан көрінді.

Жалпы ұлттық құрамалар есеппен екінші орында Оңтүстік Корея спортшылары. Олар 10 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль алыпты, барлығы 24 медаль. Ұшінші орында 34 медальмен Жапония құрамасы, бұл елдің спортшылары 8 алтын, 15 күміс және 11 қола медальдарын жеңіп алды.

Қытай спортшылары 23 медальмен (8 — алтын, 6 — күміс, 9 — қола медальдары) төртінші орында. Ал Иран мен Монғолия құрамалары әрқайсысы 2 қола медальдарға ие болған.

Фотобейнелер мен ақпараттар Азиаданың ресми сайтынан алынды.

По сообщению сайта Nur.kz