Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мұхтар Шерім. Ертегілер елі жасасын!

Дата: 04 февраля 2011 в 00:40

Мұхтар Шерім. Ертегілер елі жасасын!

Қиялға құрық та, құрығы несі, «Мерседесің» де жете алмайды...  Аштан бұратылып келе жатып, жерде жатқан жарты нанды алуға беттей бергенмін, атауыңды жегір шынашақтай шымшықтар  іліп әкетті де, қолымды созған күйде тұрып қалдым.

Бір семіз кісі «Джипінен» түсті де, менің серейген қолымды бұтақтай көрді ме, қара сөмкесін іле салып, ышқырын көтеріп, белдігін тарта  қойып, сосын қай­тадан сөмкесін алып, рахмет айтпастан кете барды. Жыртық шалбарыма жыртия қарап алдым да, саябақ шетіндегі орындықтардың біріне отыра кеттім. Қарап отырғанша деп, қиялыма қиқым қосып, ертегілер еліне еніп кеттім...

Баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда деп басталатын ертегіні бүгінде: «бүгінгі мына заманда, жемқорлар дін аманда» деп бастағаным жөн сияқты. Жаз айы болса керек, Қазақстанның жанға жайлы бір жағажайында етпетімнен күнге қыздырынып жақанмын, біреу майсыз құйрығыма бір тепті де:

--Тө-өу, құйрығың  қатып қалған цементтей екен, аяғым ауырып қалды! Тұр бы­лай, кет бұл жерден! Қазір Көлтауысар мырза келеді!-деді. Сүметіле тұ­рып, көлге бір сүңгіп алғым келді де, жүгіре жөнелдім. Биіктеу жерден суға қой­ып кеткенмін, көзімді ашсам, құм үстінде жатырмын. Көл жоқ. Сасып қалдым. Орнымнан тұрғанда байқадым, Көлтауысар алып адам екен, көлді ұртына толтырып алыпты.

--Сіздің Қазақстан көлдерін болмашы тиынға жекешелендіріп алып, пайдаға батып жүргеніңізді біле­мін, бірақ, балық-палығымен, қайық-майығымен жұта салуыңыз, өткен жылы ғана саммит өткізген біздің елге үлкен сын! Өзіңіз парламент депутаты бола тұрып, мұныңыз қалай?-деп едім, «ой әкеңнің!» дегісі келгенде аузындағы көл суы  төгіле кетіп, жақын маңдағы ауылды шайып кете барды...   Сол ауылдың әкімі болса керек, моторлы қайық дайындап қойған екен, бала-шағасын соған отырғызып алып, ызғытып барады...  «Көлді қайтара жұтыңыз!»- — деп Көлтауысарға айқайладым. «Кто ты такой, ей нищщи!» деген ол мені де жұта салғысы келген. Дию досы соңыма түсті. Тұра қаштым. Енді болмағанда, о дүниеде жүрер ме едім, жолай Желаяқ кездесе кетті де, мені арқалап алды. «Қайда?» деп сұрады ол зуылдап келе жатып. «Үкімет үйіне, Мәсімовке. Болмаса Елбасыға тарт!» «Ақшасын төлесең болды, мен қала аралық таксист- — Желаяқ боламын!»--деді ол. Содан не керек, желмен жарыса, зымырап келеміз. Бір жерге келгенімізде, біреу Алматының Алатауын көтеріп келе жатыр!

--Мынау кім?-деп сұрадым мен.

--Толик,--деді Желаяқ.

--Толигің кім еді?

--Баяғы заман ертегісіндегі тау көтеретін Толағай бар емес пе? Ол бір жақсы кісі еді ғой, мына Толик соның шөбересі. Таусоғар Толағаевич.  Алатауды сатып алған деп естігенмін.

--Қазақ жерінде сатылмаған не қалды өзі! Алатауды қайда апармақшы?

--Өзі Қызылорда жақтан. Сол жаққа апарып қоятын көрінеді...Ол жақта тау жоқ қой...

--Ташкенге апарып қоймаса болды...-дедім күйініп. Бір қарасақ, дию ар­ты­мыз­дан   ұшақпен қуып келеді екен.  Тұра қаштық.  Шымкентке жеткенде Желаяқ «зәпірәпкенің» жанына келіп тоқтады.

--Не болды?-деп сұрадым мен.

--Бензин ішіп алайын да...

--Ойбай, сен желаяқ емессің бе?

--«Современный» желаяқпын,--деген ол колонканың  пистолетін аузына тығып жатып: «АЙ-96»--деді. «Зәпірапшік» жігіт Желаяққа жақындап: «Аға, біз бензин сатпаймыз,»--деді. «Онда неге тұрсыңдар?» «Біз показухамыз. Зәпірәпкеміз мұнай құбырының үстінде, трубаны тесіп, мұнай ұрлап сатамыз... Ойбуу, бастығым ешкімге айтпа деп еді, жүдә ақ көңілмін ғой! Ағатай, ешкімге айтпайсыз ғой?»--деген жігіттің шыр-пыры шықты. Басқа жерден бензин жұтқан Желақтың үстінде қаным қайнап келеді. Қазағымды жемқорлық  жайлап алған екен... «Ертегілер елінде өмір сүріп келеміз!-деді Желаяқ,--өзіміздің Толағай-Толиктер, көлтауысар, жезтырнақтар, тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдектерге мейлі, орыстың «Бессмертный Кащейлері» де қазақ жерін сорып...»

Бір кезде алдымыздан бір топ қазіргі заманның Алдаркөселері шықты. Министр Алдаркөсе, әкім Алдаркөсе, полицей Алдаркөсе... «Патшаға бізді жамандауға бара жатырмысыз?  Одан да біз сізге ән шырқап берейік!»--дейді.

«Біз Алдармыз, Алдармыз,

Шайтанды да алдармыз,

Сайтанды да алдармыз!

Сақалды «оптом» талдармыз...

Біз көсеміз, көсеміз,

Министр боп өсеміз... а-ей, о-оей, аа-а-ай...

Астанаға жетейін деп қалдық. Желаяқтың желке тұсында ғаламтор бар екен, соны қарап отырсам, біздің патшаға бара жатқанымызды Австриядағы саққұлақ қашқынымыз  біліп қойып, «Қазаққа саусақ не үшін берілген? Бір-бірінің құйрықтарынан шұқу үшін!» деген тақырыпта мақала жазып үлгеріпті. Жат жұртта жүріп, өзімізді өзіміз өзекке тебеміз енді... Астанаға жете бергенімізде...

Ия жете бергенімізде, Желаяқ екеуміз тоңқалаң аса құлап түстік! Анадай жерде Мыстан кемпір тұр екен, екінші тісін жұлайын деп. Сол  әжеміз, тісін бізге қарай лақтырған... Ар жағында Жезтырнақ әпшеміз тұр, мини юбка киіп алып... Қой, осы жерден ертегімді аяқтайын, патшаға мыналар  менің зарымды жеткізе қоймас!

Қарным ашып, әлім құрып, көзім қарауытып бара жатса да: «Ертегілер елі жасасын! Ура-а!--дедім өлімші дауыспен, --мырзалар, құдай үшін, мені бір тойғызып жіберіңіздерші, дәретханада рахаттанып күшенейін деп едім...»

«Абай-ақпарат»

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы