Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қанат Әбілқайыр. Шакал кім, шайтан ше?

Дата: 04 февраля 2011 в 01:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қанат Әбілқайыр. Шакал кім, шайтан ше?

 
Шакал кім, шайтан ше?немесе «ұлтшылдықтың» терісін жамылған зия («н»-ді қоясыз ба, «л»-ді қоясыз ба өз еркіңізде)-ылар жайлы...
 
Әрине, үндемей қалуға да болар еді. Кеше ғана Нұрлан Оразалинге «Қоразалин» деп қоқаңдаған Мұхтар ағамызды ақтап, иә қаралап абырой іздемей-ақ қойдық. Әсілінде, адамның тегіне тиісу көрегендік емес. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді»... Меніңше, осы орды Мұхтар көкем өзіне қазып алды білем. Оразалин бұл мәселеге «ләм» демегенімен, онан да зорғысын айтатындар бар екен. Жұмбақтамай-ақ қояйықшы. Ел арасында «Мұхтар Шакаловтың шайтандықтары туралы» деген парақ кеңінен тарап кетті. Ол парақты таратудағы мән не? Оның артында кім тұр? Мұндайда тасты тасада тұрып атушы еді? Жо, бұл жолы олай емес. Хасен Қожа-Ахмет ағамыз бен Жасарал Қуанышалин көкеміздің тасы екені айқын көрініп тұр. Біздің қазақ зиялыларының (әрине, зиялы деуге келсе) мұнысы арсыздық. Қай қырынан алсақ та... Сын мәдениетті айтылмағы шарт (мұны Мұхтар аға да ескеруі керек). Ал, үй-үйді кезіп жүретін өсекші әйелдердің «қатын әңгімелері» қазаққа қажет емес. Бұл «қатын әңгімелердің» артында «Желтоқсанның геройы» болғысы келетіндердің мысықпиғылдары ғана жатыр.
Анығын айтқанда, Желтоқсанның батырлары Хасен Қожа-Ахмет те, Жасарал Қуанышалин де, тіпті Шаханов та емес. Оның батырлары қазақ жастары. Қазақ олардың айтқанына еріп, айтағына көніп пе? Көне ме? Өздерінің тілімен айтқанда «аталарының қақ басы». Мысалға мен және мен сияқты қазақ жастары Жасаралдың да, Хасеннің де артына ермейді. Оның да себептері жоқ емес. Мәселенің мәнісіне келейікші..
Алғашында «Азаттық» радиосының сайтында Сұлтан-Хан Аққұлұлының «Как одним листком бумаги власти остановили массовую голодовку интеллигенции» деген мақаласы жарияланады. Сол мақаланың айналасында Шахановтың үстіне «жуынды» төгу акциясы өтеді. Әркім бір «Шахановтың шакалдығын» дәлелдейтін дәйектемелерін тықпалап, біраз көсіліпті. Жарайды дей салар едік. Сол жазылғандар сүзгіден өткенде 24 беттік «қатын әңгімені» құрапты. Сосын аяқастынан Шахановқа деген көзқарасы өзгерген белгісіз біреу шығып, әлгі парақтарды таратыпты. (Алматыдағы іргелі оқу орнының студенттері қолдан-қолға алып, оқып жүр деседі.) Өз қаржысына... Ақшаны кейінге ысыра салайықшы. Сонда деймін-ау, қазақтың қамын күйттеген қаншама мақалалар жарияланып жүр. Соның бірде-бірін «әлдебіреулер көшеде таратып жүр» дегенді естімеген едік. Қош! Мұны бір деп қойыңыз.
Екіншіден, шу шығарған мақала «Азаттық» радиосында жарияланды. «Азаттық» радиосында іргелі қызметте Мұхтар Мағауиннің баласы Едіге отыр. Екі Мұхтардың басы бір қазанға сыймайтыны әу бастан белгілі. Мұндай дудың болуын Едіге де екі қолын көтеріп, жанама түрде болсын қолдауы  мүмкін ғой. Мұныңыз енді біздің долбар.
Үшіншіден, бұл жақсылықтың нышаны емес. «Қарға қарғаның көзін шұқымаушы» еді. Осы отқа май құйған Хасен де, Жасарал да  өздерінің «түбі шикі» желөкпелер екенін баяғыда-ақ дәлелдеп тастаған. Ел арасында Хасеннің «Әскерден қашып, Бауыржан Момышұлынан көмек сұрапты-мыс. Бауыржан мұнысын кешірмей, ұстатып жіберіпті-мыс. Сол кезде әскерден қашып сотталған Хасен, бүгін батыр болғысы келеді-міс» деген сөздер желдей еседі. Әрине, елдің сөзіне сенгіміз келмейді. Белгілі сазгер, ұлтшыл азаматқа бұлай деп айту ұятты іс. Мұның анық-қанығына көз жеткізу керек қой, әуелі. Жоқ. Ендеше, Хасен ағамыз өзіндегі отты көрмей, әлдекімнің басындағы шоқты көре қалуы қалай?
Таратылған парақшадағы «қатын әңгіме» де, «әскерден қашып, батыр болу» хиқаясы сияқты дүние. Дәлелі де соның айналасында. Шындығын айтайын. Бұл кісіні азамат ретінде жақсы көреміз. Десе де, 2008 жылы Хасен Қожа-Ахмет ағаның тырнақшаның ішіндегі «шынайы ұлтшылдығын» көзіммен көрдім. Х.Қожа-Ахмет басқаратын Ықылас атындағы халық саз аспаптары мұражайынан 1993 жылы домбыраның бейнесі қашалған 6 мың жылдық тарихы бар тас жоғалған. Аталған жәдігерді іздемеген жан жоқ. Тоқсанды алқымдап қайтыс болған марқұм Жағда Бабалықұлы бастап, бұл мәселені көптеген ағаларымыз жазды да. Ол тас 2008 жылы мұражайдың жанындағы «қоқысқорадан» табылды. Нәжіске батып жатқан құнды жәдігерді журналистер алып шықты. Сол сәтте Хасен ол тасты көтеріп шығатын адамды таппағанын айтқан-ды. Нәжіске батқан қазақтың құндылығын көтеруге бес азаматтың басын қоса алмай жүрген тұлға, алты Алаштың қабырға қайыстырар қара тастай мұңын мұңдап, мыңдаған адамды артына ертеді дегенге кім сенеді?
Бұл орайда, мысқалдай болсын, Шахановтың абыройы бар. Ал, ол абыройдың қайдан келгені екінші кезектегі әңгіме. Қош. Қазақтың жәдігерін құрметей алмаған көкем жайлы тағы да көпіртуге болар еді. Ол мақсатымыз емес.
Енді Жасаралға келейік. Осы елде Жасаралдың сөзін естімеген адам қалды ма? Иә, билікке қарсы шығып, соттасыпты. Ананы жамандапты, мынаны жамандапты. Жамандаған да жақсы ғой. Бірақ, оның да шегі бар. Мысалға, қазақтан кандидат құрып қалғандай тіркелмеген «Алға» партиясы Козловты кандитаттыққа ұсынуға жел бергенде Жасарал қайда еді? Ой, оны қойшы. Козловтың шекпеніне кіріп алып, баспасөз мәслихатын өткізіп, өзі де президент болғысы келетінін, Козловпен бірге  билікке қарсы күресетінін, өзінің қолын Козловқа бере салуы да мүмкін екенін айтқаны да кеше сияқты еді. Шахановты «Бутяның» (Болат Әбілов) қала берді биліктің қолшоқпары болды» десіпті. Ал, өзі ешкіден серке сайлап жүргені қаперінде жоқ. Қазақы көзқараспен қарайықшы. Кім болса, ол болсын, Бутя қанша дегенмен қаны қазақ. Ал, Козлов... Оның «президент болам» деген қылығы қазақ жастарына екінші Колбин секілді көрінгені рас. Сол «екінші Колбиндікті» қолдайтын Жасаралды ұлтшыл деуге аузың қалай барады? Әрине, осымен тілімізді тістей тұрайық. Мұның да сыртында біраз жайлар бар.
Қош! Сонымен кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Әрине, 24 беттік парақша шындықтың бетін аша алмайды. Бұл ел Хасен ағам мен Жасарал көкем ойлағандай оңайшылықпен «зомби» бола салмасы анық. Сонымен қатар, «зомби» де емес. Ал, жасанды батыр болу ешкімнің де қолынан келмейді. Бүгін үшеуі де батыр шығар. Десе де, жүз жылдан кейін не боларын «болмашыға зомби бола салатын сіздердің саналарыңыздағы ақымақ халқыңыз» шешеді, Хасен һәм Жасарал көке. Мейлі, Шаханов ұлт батыры һәм көсемі болмас, бірақ ақын болып қалары хақ. Ал, сіздер ше? Сіздердің ұрпақтарыңыз «біздің әкелеріміз «қатын әңгімені» көпіртетін «өсекші» болыпты» демесіне кім кепіл? Егер бұл «Желтоқсан геройы» болуды қаламайтын һәм ақиқат үшін шырылдайтын жандардың шыңғырған шындығы болса, дәлелдеңіздер. Жандарыңыз Қайраттікі мен Ләззаттан артық емес шығар. Айтпақшы, Хасен көкем бір кездері «Ләззат Асанованы желтоқсаншы емес» дегені де есімізде...
Түйін
«Айтылған сөз атылған оқ». Адырнамызға қайта сала алмаймыз. Десе де, елден сұрап көрелікші. Мұндағы шайтан кім, шакал ше?... Еліңіз «Тосам Тозақ-Ахмет» пен «Таста-Арал Жыланшалин» деп жүрмесін... «Адамның тегіне тиісу көрегендік емес» дегенбіз жоғарыда. Көрегенсіздікті де өздеріңізден үйреніп отырмыз, мінекей!
www.masa.kz сайты
 
 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы