Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Парламент президенттің кезектен тыс сайлауын өткізуді қарастыратын заң қабылдады

Дата: 04 февраля 2011 в 06:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 3 ақпан. ҚазТАГ — Айнагүл Бекеева. Бейсенбі күні парламент сенаты алқа отырысында «ҚР жекелеген конституциялық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады. Сөйтіп, заңды парламент қабылдады деп есептеліп, президентке қол қоюға жіберіледі.

Отырысқа қатысқан 43 сенатордың барлығы (палатада барлық сенаторлар саны 47) бір ауыздан заңды қолдап дауыс берді.

Бұрын хабарланғандай, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен парламентке президенттік сайлауларды мезгілінен бұрын өткізуді қарастырған заң жобасы енгізілген.

Мәжіліс заңды бейсенбі күні түске дейін мақұлдады.

Президент әкімшілігі бастық орынбасары Талғат Донақовтың айтуынша, конституциялық «ҚР-дағы сайлаулар туралы» заң 51-ші бап, 1-ші ескертумен толықтырылады. Ол бойынша мемлекет басшысының шешімімен кезектен тыс президенттік сайлау өткізу қарастырылған және ол тағайындалған соң екі ай ішінде президенттік сайлау  өтуі керек. Осы бапта, дейді Т. Донақов, президенттің келесі бес жыл өткен соң президенттік сайлау өтетін мезгілі де анықталған.

«Кезектен тыс сайлауларды заңнамалық тұрғыдан толық регламенттеу үшін осы конституциялық заңға жаңа 66-шы бап, 1-ші ескертпені енгізу ұсынылады. Ол бойынша кезектен тыс президенттік сайлау да кәдімгі сайлау сияқты ережелер аясында өтетіндігі айтылған. Бұл ретте кезектен тыс сайлаудың сайлау шараларының мерзімін ОСК анықтайды», — деп нақтылады Т. Донақов.

Одан басқа, «Президент туралы» заңға түзетулер енгізілген. Ол бойынша кезектен тыс сайланған президент сайлау қорытындысы жарияланған соң бір ай ішінде ант қабылдауы тиіс делінген. Ант қабылдау күні анықталуда», — деп қосты Т. Донақов.

Одан басқа, заңмен кезектен тыс сайланған президент бес жылдан кейін желтоқсанның бірінші демалысында сайланатын келесі президент қызметке кіріскенше өз қызметін атқару кезеңі айқындалған.

Сондай-ақ «Президент туралы» заңның 4-ші бабы, 1-ші тармағында кезектен тыс президенттік сайлау өткізу мүмкіндігіне байланысты екінші бөлім алынып тасталады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы