Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Лукойл Оверсиз» 2010 жылы Қазақстанда 4,45 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді

Дата: 04 февраля 2011 в 06:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

 

Алматы. 3 ақпан. ҚазТАГ — «Лукойл Оверсиз» 2010 жылы Қазақстанда 4,45 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді, делінген компанияның ақпаратында.

«Компанияның негізгі өндіру аймағы — Қазақстандағы өндірістік бағдарлама табысты орындалды. Мұнда 4,45 млн тонна мұнай мен газ конденсаты (жоспардың орындалуы — 104%) және 2,2 млрд текше метр газ өндірілді», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Құжатта айтылғандай, сұйық көмірсутекті жоспардан тыс өндіруге геологиялық — гидродинамикалық зерттеулер, көлбеу-бағытталған және көлденең ұңғымаларды бұрғылау, стационарлық емес суландыру, проппантты пайдалану арқылы қабатты гидрожару сияқты заманауи технологияларды тиімді пайдаланудың арқасында қол жеткізілді.

«Лукойл Оверсиз» компаниялар тобы 2010 жылы жалпы көлемі 5 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндірген (Теңізді есептемегенде, «Лукойл» ААҚ-ның барлық халықаралық upstream-жобалары), газ өндіру көлемі шамамен 5,4 млрд текше метрді құрады.

«Лукойл Оверсиз» тобы  «Лукойл» ААҚ-ның вертикальды түрде интеграцияланған және Ресейден тыс жерлерде мұнай-газ кен орындарын іздеумен, сатып алумен, интеграциялаумен, тиімді игерумен айналысатын мұнай компаниясының негізгі бөлігі болып табылады.

Қазақстанда «Лукойл Оверсиз» Аташ («Аташ» компаниясы» ЖШС — 50%), Түпқараған («Түпқараған Оперейтинг Компани Б.В.» — 50%), Құмкөл («Торғай Петролеум» БК — 50%), Қарашығанақ (Karachaganak Petroleum Operating B.V. — 15%), Арман («Арман» БК — 25%), Солтүстік бұзашы (Buzachi Operating Ltd — 25%), Қарақұдық («ҚарақұдықМұнай» ЖШС — 50%), Жамбай («Жамбай» ЖШС — 12,5%), Әлібекмола, Қожасай ( «Қазақойл Ақтөбе» БК — 25%) және т.б. кен орындарын игеруге қатысады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы