Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Хоккейден Қазақстанның қыздар командасы Қытай командасын 4:1 есебімен жеңіп, Азиада-2011 чемпионы атанды

Дата: 04 февраля 2011 в 07:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Әділ Орманов. Хоккейден Қазақстанның қыздар командасы ақтық кездесуінде Қытай командасын 4:1 есебімен жеңіп, Азиада-2011 чемпионы атанды.  Ойын Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт Сарайында өтті.

Алғашқы шайбаны қазақстандықтар бірінші таймда салып үлгерді. Ойынның 12-шы минутында Елена Штельмайстер шайба салды.

Екінші кезеңде Зарина Тухтиева гол салды. Үшінші кезеңде Е. Штельмайстер қарсыластар қақпасына екінші шайба салып үлгерді.

Оған жауап ретінде қытайлық хоккейші Руи Ма (Rui Ma) 58-ші минутта қазақстандықтар қақпасына гол салды.

Ойынның аяқталуына екі минут қалғанда қытайлықтар қақпаны бос тастап, алаңға алтыншы ойыншыны шығарды. Мұны пайдаланған қазақстандық Любовь Ибрагимова төртінші шайба салды.

Ойындар қорытындысында 4 ойыннан соң, 11 ұпаймен Қазақстан командасы топ бастады. Екінші орында 9 ұпаймен Жапондықтар. Үшінші орынды 7 ұпаймен Қытайлықтар алды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы