Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жұмыспен қамту бойынша жаңа бағдарлама өзін жұмыспен қамтып отырған азаматтардың мәселесін 5 жылдың ішінде шешіп беруге тиіс — премьер

Дата: 04 февраля 2011 в 07:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 3 ақпан. ҚазТАГ — Айгүл Түлекбаева. Жұмыспен қамту бойынша жаңа бағдарлама өзін жұмыспен қамтып отырған азаматтардың мәселесін 5 жылдың ішінде шешіп беруге тиіс, деп тапсырды ҚР премьер -министрі Кәрім Мәсімов.

«Бағдарламаның түрлі бағыттары бойынша алдағы 5 жылда 1,5 млнадамды қамту қажет. Біз бұл бағдарламамен өзін жұмыспен қамтып отырғандардың мәселесін ақырына дейін шешіп беруге тиіспіз», — деді К.Мәсімов бейсенбі күні еңбек министрлігінің алқасында.

Ол сондай-ақ, Давостағы (Швейцария) Дүниежүзілік экономикалық форумда кейбір американдық экономистердің «Америкадағы дағдарыстың басты мәселесі — ондағы жұмыс күшінің бәсекеге қабілетсіздігі» деп мәлімдегені «қатты таң қалдырғанын» айтты.

«Америкада тұратын халықтың бір бөлігі басқа елдермен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз болып барады. Олар жеткілікті деңгейді білікті емес немесе (жұмыс — ҚазТАГ) таба алмайды. Америкада осылай болып жатыр! Мигранттар болса да», — деді К.Мәсімов.

Сондай-ақ, ол Қазақстан халқының аздығы бұл жағдайда артықшылық береді.

«Біздегі жұмыс күшінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін дайындалуға уақыт бар», — деді ол.

Еңбек министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда 2,7 млн адам өздігінен еңбек етіп жүр, олардың 1,3 млн-ы өз аулаларында жұмыс істейді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы