Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстандық Евгений Левкин шаңғымен тұғырдан секіруден Азиада чемпионы болды

Дата: 04 февраля 2011 в 12:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстандық Евгений Левкин шаңғымен тұғырдан секіруден Азиада чемпионы болды

Қазақстандық спортшы Евгений Левкин шаңғымен тұғырдан секіруден 7-Қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржыны 19-алтын медальмен толықты.

Бүгін Алматыдағы Шаңғымен тұғырдан секіретін халықаралық кешенде өткен жекелей сын жарысында Евгений Левкин екі секірудің қорытындысы бойынша 252 балл жинап, тұңғыш рет Ақ Азиада чемпионы атанды.

Күміс жүлдені биіктігі 125 метрлік тұғырдан секіруден чемпион атанған жапониялық Казуя Иосиока (Kazuya Yoshioka) иеленді. Ол екі секірудің нәтижесі бойынша 248,5 балл жинады.

Қола жүлдені 245 баллмен тағы бір қазақстандық қанатты шаңғышы Радик Жапаров жеңіп алды.

Жарысқа Қазақстаннан — 6 , Жапониядан — 2, Қытайдан -1, ал Кореядан — 2, барлығы 11 спортшы қатысты.

Спортшылардың өнері — секіру қашықтығына және оның әдемі орындалуына байланысты бағаланды.

Оған 5 төреші 20 баллға дейінгі орындау стилі және арнайы кесте бойынша секірудің қашықтығына баға береді.

Қола жүлдені қазақстандық қанатты шаңғышы Радик Жапаров жеңіп алды

Айта кетейік, 31 қаңтар биіктігі 125 метрлік тұғырдан секіруден жекелей сынды алтын және күміс жүлделерді жапониялық қанатты шаңғышылар Казуя Иошиока (Kazuya Yoshioka) мен Казиоши Фунваки (Kazuyoshi Funaki) өзара бөліскен еді. Онда қазақстандық Николай Карпенко қола жүлдегер атанған болатын. Ол жарыста бүгінгі чемпионы Евгений Левкин алтыншы орын алса, ал қола жүлдегер Радик Жапаров сегізінші орыннан көрінген еді.

 

По сообщению сайта Nur.kz