Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мемлекеттік тілді оқып-үйренушілер қатары жыл санап артып келеді

Дата: 05 февраля 2011 в 12:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ОРАЛ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ — Елбасы биылғы Жолдауында 2020 жылға қарай Қазақстан халқының 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі қажеттігін атап көрсетті.

Батыс Қазақстан облысында қазақ тілін оқып-үйренушілер қатары жыл санап артып келеді. Бұл туралы «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының оқытушысы Гүлнұр Әренова мәлім етті.

Гүлнұрдың айтуынша, олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, студенттер, жеке адамдар, зейнеткерлер де бар. «Елбасы тапсырмасы мемлекеттік тілді оқып-үйренуге тың серпін берері анық. Мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру да біраз жүкті жеңілдететіні хақ. Негізі әркім өзінен бастағаны дұрыс. Бұл ретте мекеме, кәсіпорын басшыларына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Егер олар өздері үлгі көрсетсе, қызметкерлері де мемлекеттік тілді тез меңгерер еді. Мәселен, кейбір басшылар тіл білетіндерді ынталандырудың түрліше шараларын қолданып жүр. Қайткенде де бұл — көптің қолдау-көмегімен жүзеге асатын шаруа», дейді Г.Әренова.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы