Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Страсбургте Қазақстан мен Венеция комиссиясының қарым-қатынастарын дамыту перспективасы талқыланды

Дата: 05 февраля 2011 в 12:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

БРЮССЕЛЬ-СТРАСБУРГ. 5 ақпан.  ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ —  Қазақстанның Бельгиядағы және  Люксембургтағы Елшісі, Еуроодақ және  НАТО  жанындағы  миссиялардың жетекшісі   Ерік Өтембаевтың    Страсбургте  «Құқық арқылы     демократияға»  Еуропалық комиссиясының (Венеция комиссиясы) төрағасы    Джанни  Букиккиомен  болған  кездесуінде

екіжақты ынтымақтастықтың  ағымдағы мәселелері, сондай-ақ  Қазақстан мен   Венеция комиссиясының    қарым-қатынастарын дамытудың перспективалары    талқыланды.

Дж.Букиккио  біздің еліміздің  Венеция комиссиясымен   арадағы  қарым-қатынасының даму  қарқынына  қанағаттанарлық  білдірді  және  комиссиямен де,  Еуропалық Кеңеспен  де арадағы  ынтымақтастықты  кеңейту  қажеттілігін  айтты.  «Қазақстанның Венеция комиссиясымен арадағы ынтымақтастығының   тәжірибесі   баршылық және  біз  осы ынтымақтастықтың  Еуропа Кеңесінің басқа  да   институттары мен органдарына  таралғанын     қалаймыз»,  — деді  еуропалық шенеунік  өз сөзінде.

Венеция комиссиясының басшысы  сондай-ақ  Қазақстанмен   арадағы ынтымақтастықты әрі  қарай  нығайту жөніндегі стратегиялық  жоспарлары  туралы  айта  келе,  Қазақстанның Еуропалық Одақтың   «Орталық  Азиядағы заң  әділдігі»   бастамашылығы  аясында       белсенді серіктес  екенін  жеткізді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы