Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қалалардың табиғатын қорғау қоғамы «улы» зауыттың құрылысына қарсы — Павлодар

Дата: 05 февраля 2011 в 12:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ПАВЛОДАР. 5 ақпан.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ — «Олимп»  ЖШС    ұсынысымен   Павлодардың  солтүстік аумағында салынғалы  отырған   натрий цианиді  зауытының  құрылыс  жобасы  «Қалалардың  табиғатын   қорғау қоғамы»  облыстық бірлестігінің  алаңдаушылығын   туғызып  отыр.

Экологтар   өздерінің баспасөз баяндарында,    бұл болашақ кәсіпорынның  өнімі — «күшті бейорганикалық    улардың бірі екенін»  ескертеді.  «Павлодар   онсыз да    өнеркәсіп   алпауыттарының  зиянды    қалдықтарына    тұншығып  отыр,    қоршаған   орта   тағы бір лас  өндіріске   шыдай  алмайды», — дейді экологтар.

Қоғамдық  бірлестік  ҚР Экологиялық кодексінің  57-бабы 3-тармағына  сәйкес,   зауыт құрылысының  жобасы  бойынша    қоғамдық    тыңдау  өткізуге  шақырып  отыр.

«Олимп»  ЖШС-нің жобасы    Павлодар облысының Үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасының  үйлестіру   кеңесіне   таныстырылған   болатын.   2013-2015  жылдары  жүзеге асырылғалы   отырған  ол жобаның  құны — 11,7 миллиард теңге.   Натрий     цианидін алтын өндіруші   кәсіпорындар   пайдаланады,  ол  өнім   қазір бізге Ресей мен Қытайдан жеткізіліп  отыр.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы