Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстандағы Азиада ойындары шетелдіктердің де назарын аударып отыр

Дата: 05 февраля 2011 в 12:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА.  5 ақпан.  ҚазАқпарат — Қазақстандағы Азиада ойындары,  жарыстар  басталмай  тұрып,  шетелдіктердің      назарын  өзіне аударған   еді.   Қазір Алматы мен  Астанада    медаль үшін     күресіп   жатқан     елдерде қысқы Азиада  ойындарының  қарсаңында,   Азиялық ойындарға    арналған   бірқатар  материалдар жарық  көрді.  Әрине,  ол мақалаларда     өз ұлттық   құрамаларына  артқан үміттер    басым  болды. Дегенмен,    қысқы Азиаданың     тек Қазақстан   үшін емес,  барлық құрлық үшін де елеулі  оқиға екендігі   де айтылды.

Мысалы,   Малайзия  басылымдарында   мұндай ауқымды спорттық шараны  өткізу  Қазақстан  үшін айрықша     тәжірибе   екендігі айтылды. «7-Қысқы Азиялық  ойындарын   өткізу   тек Қазақстанның спорт  қауымдастығы  үшін ғана  айтулы  шара болып қалмайтыны сөзсіз»,  деп    хабарлады 31 қаңтарда   «Бернама»  ұлттық ақпарат  агенттігі.

«Бұл  —   Қазақстан   үшін    өзін  әлемге    таныстырудың    тағы  бір мүмкіндігі.  Бұған дейін,  қысқы Азия ойындары       азияның     дамыған   үш елінде  ғана өткізілген  болатын:   бірінші, екінші  және   бесінші  ойындар  — Жапонияда,    үшінші  және алтыншы ойындар  — Қытайда, төртінші  ойындар    Оңтүстік Кореяда  өткен  еді.    Қазақстанның  халықаралық   беделі  қазіргі таңда   едәуір  өсіп  отыр  және   жетінші  қысқы Азиялық ойындарды  өткізу  мүмкіндігі    елдің  беделін  арттыра  түсетін  айтулы спорттық  шара  болады»,  деп   хабарлады   малайзиялық  агенттік.

Көрші Қырғызстан  да  Азиялық ойындарды назарынан  тыс  қалдырған  жоқ.     Елдің  жетекші спорттық интернет-ресурстарының бірі — Sport.kg  сайты  — қырғызстандық спортшылардың шаңғымен бағдарлау  және     допты хоккей сияқты  жаңа  жарыс түрлері  бойынша     Азиада  ойындарына  қатысатыны  жайлы бірнеше  мақала  жариялады.    Ал  «Вечерний Бішкек»  газетіне   сұхбат  берген  жаттықтырушылар    16 және 17 жастағы    екі    қырғызстандық  жас    биатлоншы қыздан    көп үміт күтетіндерін  айтты.  «Жігіттер  Азиадада   алғашқы  орындар  ала қоймайды,   азулы спортшылармен   күш сынасу  оларға әлі ертерек,  бірақ  өз күштерін  сынап  қайтады.    Есесіне    қырғызстандық екі жас  қызымыз    тәжірибе  жинақтайды,   бірер жылдан кейін    олардың есе  қайтарары анық»,  дейді  жаттықтырушылар.

Оңтүстік Корея  құрамасы Азиаданың     алғашқы орындарына  таласы  бар  екенін   жасырған  емес.  «Біздің   спортшыларымыз  жарыстарға  сақадай сай.    Қазақстанда  біз   өте  жақсы   нәтижелерге  қол жеткізетінімізге сенімдімін»,   деп  мәлім етті   оңтүстіккорейлік  делегацияның  жетекшісі  Ким Чон Вук мырза  The Korea Herald басылымына  берген  сұхбатында. «Азиада    қожайыны — Қазақстанның  басымдық көрсететіні анық,  дегенмен  Корея   да қарап қалмайды, біз  10 алтын медальға    үміт артып  отырмыз...»,  деді Ким Чон Вук мырза   өз сөзінде.

Азиада ойындарына  қыс  тіпті болмайтын,  қарды  өмірінде  көрмеген елдер де  қатысуда.   Және олар да   жүлделі  орындарға  таласы  бар  екенін  жасырмады.   Жарыстар басталмай тұрып,   Араб  Әмірлігінің    Хоккей  қауымдастығы баспасөз мәслихатын өткізген еді.   Онда Әмірлік құрамасының Куәйт,  Моңғолия,  Қырғызстан және  басқа да   бірқатар құрамаларға  қарсы  ойнайтыны  және   қарсыластардың  оңай еместігіне  қарамастан,    әмірлік командасының  өз дивизионында    көш бастауға  үмітті екендігі айтылды.

«Біз    жақсы дайындықтан   өттік,     жарыстарға    әзірміз.     Жеңіске  де  үмітіміз де жоқ емес»,  деп мәлім етті    ұлттық құраманың  қорғаушысы  Халид  әл-Хабси   жергілікті The National  газетіне берген сұхбатында.

Иорданияның     Азиада  жарыстарына    тау шаңғысы  және  фристайл  бойынша екі    спортшы    жіберетінін   Ад-Дустур, Аль-Гад ұлттық газеттері мен  «Петра»  агенттігі   хабарлады.   Иордания — қысқы  ойындарға   алғаш рет  қатысып отырған  ел, дегенмен     жақсы   көрсеткіштен   үмітті,  делінген     мақалаларда.    Басылымдар   сондай-ақ,     Қазақстан жеріндегі спорт мерекесіне иорданиялықтардың  қатысуы «екі елдің арасындағы қарым-қатынасты»   дамыта   түсетінін  жазды.

7-Қысқы Азиялық ойындарға тек  азиялық   елдер  тарапынан ғана емес,     Азиядан  алыс жатқан   Канададан   да   ықыластың   бар  екені  қуантады.    «Хоккейді  жақсы  көретін Қазақстаннан  сәлем!»  деген    мақаласында  CBC Sports агенттігінің  журналисі Кейтлин  Пир  ханым,  «қазақтардың  хоккейді   жақсы көретінін»   естіп,  таң қалғанын   жасырмайды.  «Хоккейдің әлемдік  рейтингінде  Қазақстанның алатын  орнын біле тұра,   қазақтардың  бұл спортпен   қатты әуес  болатындығына күмәнімнің болғаны  рас», деп   жазады   қысқы  Азиада   ойындары туралы жазу үшін  Қазақстанға келген К.Пир   ханым.  «Жанкүйерлері   қызу  қолдап отырған  ұлттық құрама    Азиадада    үздік нәтижеге  қол  жеткізуі керек» екенін мойындап  отырған  журналист,  «Қазақстан  құрамасы өз  жерінде өтіп жатқан қысқы Азиада  ойындарында «алтынды»  қанжығаласа,   біздің Ванкувердегі  табысымызды    қайталайды»,  дейді  К.Пир    ханым,    Канаданың хоккей  құрамасының  Ванкувер Олимпиадасындағы   жеңісін еске алып.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы