Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Азиаданың 6 күнгі нәтижелері бойынша Қазақстан көш басында

Дата: 06 февраля 2011 в 00:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Азиаданың 6 күнгі нәтижелері бойынша Қазақстан көш басында

Қазақстандық спортшылар 28 алтын, 19 күміс және 15 қола медальдарын жеңіп алды.

4х10 шақырымға шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасы жеңіске сенімді жетті. Сергей Черепанов, Алексей Полторанин, Николай Чеботько және Евгений Величко қашықтықты 1 сағат 54 минут 40,9 секундта бағындырды. Олар Жапония құрамасынан 3 минут 4,7 секундқа алға шықты. Жүлдегерлер үштігін жеңімпаздардан 13 минут 26,5 секундқа кешіккен Оңтүстік Корея құрамасы толықтырды.

4х5 шақырымдық эстафета жарысындағы Қазақстан құрамасы жеңісінен кейін Азиада жеңімпаздары команда бапкері Владимир Филимоновқа алғысын жаудырып жатты.

— Ол бізді 15 жыл бойы жаттықтырып келеді, — деп атап өтті Светлана Малахова-Шишкина. – Бапкер бізге көп күш жұмсады. Оның әрқашан командамызға сенгеніне көп рахмет. Владимир Филимовтың жетекшілігімен әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетуге тырысамыз.

— Бапкерім мен үшін ең жақын адам, — деді Оксана Яцкая. – Өзімнің жеке бапкерім бар, ол алғашында негізін қалыптастырып, 16 жасымда Владимир Яковлевичке тапсырған болатын. Бұл кісі қасымда жанұяма қарағанда көп болады деп айта аламын. Оған мың алғыс. Оның үмітін әрқашан ақтауға тырысамыз. Бүгінгі алтын медальды асыға күтті ғой. Бірнеше күн сәтсіздіктен кейін, өзіміздің мықты екенімізді дәлелдегенімізге қуаныштымын.

Солдат сайдағы шаңғы-биатлон стадионында шаңғымен бағдарлаудан ақтық эстафеталық жарыс мәреге жетті. Ерлер арасында Александр Бабенко, Аслан Тоқбаев және Михаил Сорокин өнер көрсетіп, 56 минут 15 секунд нәтижемен, алтынмен апталды. Онда ерлер құрамасынан кейін әйелдер арасында Евгения Кузмина, Эльмира Молдашева мен Ольга Новикова құрама қоржынына тағы бір алтын медальды салды.

По сообщению сайта Nur.kz