Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Адай көтерілісіне 80 жыл толып отыр

Дата: 06 февраля 2011 в 08:20

Адай көтерілісіне 80 жыл толып отыр

1931 жылы он мыңдаған адамның қудаланып, мыңдаған қазақтың босып кетуіне себеп болған тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан «Адай көтерілісіне» биыл 80 жыл толып отыр.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында осы оқиға толық зерттеліп, «Адай көтерілісінің» 2 томдығы жарыққа шықты.
1927 жылы Маңғыстау түбегінде «Қоян жұты» болып, малдың 80 пайызы қырылып қалған.

Бұдан кейін Кеңес үкіметінің күштеп ұжымдастыру саясаты басталып, халықтың азын-аулақ қой-ешкісі ортаға түседі. Ол аз болғандай қолында малы жоқ адамға «Жүн салығы» салынады.

Бұқара халықтың киіз үйінің түндігі мен туырлығын түтіп, өткізуіне тура келеді. Егін егуге мүмкіндігі жоқ шөлейтті аймақтың негізгі күн көрісі мал болғандықтан бұл еріксіз ұжымдастыру халыққа өте ауыр соққы болды.

Осындай дәрежеге жеткізген қоғамға қарсы наразылық таныту үшін түбек тұрғындарының 60 пайызы көтеріліске шығады.

Осы көтерілістен кейін бірі аштықтан, енді бірі түрлі тағылған айыптардан қашып құтылу үшін мыңдаған қазақ жан-жаққа босып кетті.

Осы оқиға жан-жақты зерттеліп, «Адай көтерілісі» екі томдығына топтастырылды. Бұл жинақта қуғынға ұшырағандарға жалған жала жабылғандығы нақты дәлелдермен баяндалады. 20 ғалымның атсалысуымен жарық көрген жинақ мектеп оқушылары мен студенттерден бастап, қалың көпшілікке арналған.

Сол қиыншылық кездің өзінде өз Отанының Тәуелсіздігі үшін күрескен

Өмірзақ Озғанбаев, тарих ғылымдарының докторы:

— Сол қиыншылық кездің өзінде өз Отанының Тәуелсіздігі үшін күрескен. Олар жанын шүберекке түйген, қаны мен терін төккен. Сөйтіп, елдің Тәуелсіздігі үшін қызмет жасаған. Мінеки, сол Тәуелсіздікке 20 жыл толғалы отыр. Осы кезде біз халыққа, елге ең бірінші жастар тәрбиесі, тарихи сананың қалыптасуы. Егер тарихи сана қалыптаспаса ұлтын сүйетін, Отанын сүйетін патриот қалыптаспайды.

По сообщению сайта Nur.kz