Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Мәдени Азиада» аясында ұмытылып бара жатқан қазақ дәстүрлерін көрсетті

Дата: 06 февраля 2011 в 08:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Мәдени Азиада» аясында ұмытылып бара жатқан қазақ дәстүрлерін көрсетті

Бас шаҺарда «Мәдени Азиада» аясында «Көшпенділер әлемі» этномәдени ландшафтық шоу жобасының қорытынды кезеңіне арналған гала-концерт өтті.

Мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Астана қаласы әкімдігі мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов «Мәдени Азиада» аясындағы іс-шаралардың спорттық сайыстардан бір мысқал болса да кем түспейтінін және бұл бастаманың өзіне тән миссиясы бар екендігін баяндады

Болат Мажағұлов, Астана қаласы әкімдігі мәдениет басқармасының бастығы:

— «Бұл шоу — қазақ халқының сан ғасырлық бай да асыл мұрасын айғақтайтын әрі бүгінгі мәдениетіміздің жоғарғы деңгейін көрсететін көрініс», — деді.

Дала дәстүрінің ең озық үлгілері экспозициялары қойылды

Қазақстанның имиджін қалыптастыруға бағытталған жобадан халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының иісі бұрқырап тұрды.

ҚР Президенттік мәдени орталығының тұңғыш ұлттық дәстүрлер театры 3000 жылдық тарихы бар көшпенділер өркениетіне қатысты қойылым қойды.

Аттың құлағында ойнайтын жігіттер қазақ халқының жаужүректігін паш етіп, акробатика жанрында өнер көрсетті.

Жоба аясында «Оттың мұзды алауы» атты мұздан жасалған мүсіндер фестивалі, Бейнелеу өнерінің көрмесі, Азиялық суретке түсірушілердің фотокөрмесі және осы жарысқа арналған кәдесыйлардың жәрмеңкесі өтті.

Халқымыздың айтыс, қыз ұзату, неке қияр, бесікке салу, тұсаукесер, тойбастар, шашу, бата беру секілді жөн-жоралғылары көрсетілді. Дала дәстүрінің ең озық үлгілері ретінде киіз басу, жүн сабау, келі түю, ұршық иіру, қымыз сапыру, көрік басу сынды экспозициялар қойылды. Бұған қоса алтыбақандар орнатылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

По сообщению сайта Nur.kz