Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ерлан Көлбай. Шенеуніктер балаларын орыс сыныбына бере бастады

Дата: 06 февраля 2011 в 18:00

Ерлан Көлбай. Шенеуніктер балаларын орыс сыныбына бере бастады

Астаналық қазақ шенеуніктері орта мектепте оқитын балаларын орыс сыныптарына беріп жатыр. Астанада дәл солай. Оны қайдан біліп қойды, дейсіз бе?! Соңғы 3-4 жылда қаланың сол жағалауына жаңадан 2-3 мектеп ашылды. Сол мектепте оқып жатқандардың дені мемлекеттік  мекемелерде, атап айтқанда, министрліктер мен  тікелей Мемлекет басшысына бағынатын ведомстваларда қызмет істейтін шенеуніктің балалары. Өйткені, шенеуніктердің көбі пәтерді сол маңнан алды. Осылар балаларын орысша оқытып жатыр. Жоғарыдағы мектептерді аралап көрсеңіз көзіңіз әбден жетеді.

Бұлар балаларын неліктен орысша оқытып жатыр? Мемлекеттің  болашағына сенбей ме? Әлде қазақ тілінде білім беру төмен бе? Енді осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Қазақ тілінде білім беру жаман емес. Айталық: өткен оқу жылында, Халықаралық пән олимпиадаларынан жүлде алған 544 оқушының 395-і, яғни 72,6 пайызы қазақ сыныбының оқушылары. 2009 жылы «Алтын белгі» иегері атанған 1703 оқушының 1091-і қазақша білім алғандар. Осыған қарағанда, қазақша білім беру жаман емес. Олай болса шенеуніктерге не көрінді?

Зерттеп көрсек, мәселе басқаша екен. Олар жұмыс істеп жүрген орындарда (министрліктерде) қазақ тілі түкке керексіз. Шенеунік ақымақ емес. Жағдайды дәл түбінен көріп отыр. Ертең орысша сауатты оқып, жаза алмаса балалары мемлекеттік қызметте істей алмайтынына өздері куә. Талай қазақ балаларының орысша жазып-сыза алмағандықтан қор болып қызметтен кетіп жатқанын күнде көріп отыр. Немесе қызметін өсірмей, салпаңдатып қара жұмысқа салып қояды. Ол бейбақтарды қорғайтын, болмаса «обал болды-ау» дейтін заң жоғын тағы біледі.  Содан кейін баласын орысша оқытпай қайтпек. Бір-екеуімен іштесіп, тілдесіп те көрдік, «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болмайды, мына жақта орыс тілінсіз өмір жоқ» дейді.

Енді осы шенеуніктердің айтып отырғаны рас па? Рас сияқты. Сенбесеңіз, осыдан бір жарым жыл бұрын алынған мына дерекке көз жүгіртіңіз: мәселен ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің іс қағаздары 23 пайыз мемлекеттік тілде, ҚР Индустрия және сауда министрлігі — 26 пайыз, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі-14,10 пайыз, ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі — 18 пайыз, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі — 2 пайыз (бұрынғы атауы  бойынша алдық) іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізеді. Бұл нақты дерек.

Енді мына қызыққа қараңыз. Республика көлемінде 2 669 618 мектеп оқушысы бар. Осылардың 62 пайызы қазақша білім алып жүр. (Бұл көрсеткіш 1990-шы жылдары 32,3 пайыз болатын). Еліміздегі 7859 орта мектептің 3747-сі таза қазақ тілінде білім береді. 2067 аралас мектеп бар. Қысқасы, халық баласын ана тілінде оқытып, Қазақ мемлекетін құрғысы келеді. Қазақияның шаңырағы астында алаңсыз өмір сүргісі келеді.

Дұрыс-ақ. Әттең осы халықтың үкілі үмітін Үкімет желге ұшырып отырған жоқ па?! Қазақша білім алған балалар ертең мемлекеттік қызметте істей алмаса, не үшін қазақ мектептерін ашып қанжілік болып жүрміз?! Өзінің ұлы мен қызын қазақша оқытқаны үшін халық кінәлі ме? Болмаса іс-қағазын 50 пайыз қазақша жүргізетін бірде-бір министрлік жоқ. Қазақ тілінде үзбей 10 сағат (24 сағат тек арман ғана) хабар тарататын бірде-бір телеарна жоқ.

Шенеунікті кінәлайын десем, жағыдай жоғарыдағыдай. Айналып келгенде халыққа жаның ашиды екен!!!

«namys.kz» сайты

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы