Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мұхтар Шерім. Біздің елде сағыз шайнауға болмайды...

Дата: 07 февраля 2011 в 00:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Мұхтар Шерім. Біздің елде сағыз шайнауға болмайды...

Жалпылдап, сағыз шайнап келе жатқанмын.  Қалтарысы көп, қаланың қараңғы бұрышынан өте бергенімде, бес-алты бұзақы алдымнан шыға келді. Мен байғұста оларға бере қоятындай, қалтамда көк тиын жоқ, ұялғанымнан қаша жөнелдім!

Безіп келем, олардың бірінің қолында пышақ, өлетінімді сезіп келемін... «Полиция! Менің құрметті қорғаушыларым, қайдасыңда-ар?» — деп жан ұшыра шыңғырып келе жатсам, бір үйдің үшінші қабатынан шыққан семіз әйел: «Күйеуімді оятасың! Оянса арақ ішеді!» -деп ұрсып берді. Қазағым-ай, арақтан алдарына жан салмай келеді! Артыма аңырай қарасам, бұзақылар жақындап қалыпты! Қашып келе жатып, жалма-жан қалтамды қарай бастадым. «Жер беремін, мә, госакті!» -деп бір жапырақ қағазды артыма лақтырып жібердім. біреуі қағып алып: «Қаланың қай шетінен?»-деп сұрады. Қашып бара жатып: «О-о, сорлы байғұс, маған қаланың қақ ортасы түгіл, шетінен шегіркенің көзіндей жер бере ме екен? Айдан! Ай планетасынан бес гектар жер алғанмын! Қа-қалай же-жетерімді білмей жүрмін, жетсем ма-ма-мақта егіп тастамасам!» -дедім әрең сөйлеп.

Безіп келемін, бұзақыларға жер керек емес екенін сезіп келемін... «Полиция! Қайдасыңдар?»-деп шиқылдай айқайлап едім, бір үйдің екінші қабатындағы балконнан бір еркек шығып: «Сорлы! Келесі бетте мола, соған қарай жүгіре бергенше, оңға бұрылсаң, УВД көрінеді, солай жүгір!» -деді. Рахметімді айтып, солай қарай жүгіріп келе жатсам, бір кемпір подьез алдында бір парақ қағаз ұстап тұр: «УВД-ға бара жатқаныңды естідім, мына арызымды ала кетші, тәңір жарылқағыр! Участкелік инспектор қызымды зорлап кеткен, бастығы қылмыстық іс қозғар емес.» «Е?» -деппін сәл бөгеліп. «Қызымның үстінен қылмыстық іс қозғамақ көрінеді. Инспекторды зорлап кеткені үшін...» Бір қарасам, бұзақылар ентелеп келеді екен. Кемпірдің қолындағы арызды ала қаштым. Қалтамды қарап,  ернімді жалап келемін! «Мә, мынау светтің, газдың, судың квитанциялары!  Әкесі өлгендей, қымбаттатып жіберіпті! Төлей алмай жүрмін!»  Біреуі қағып алды да: «Ақшасын берсең, төлеп келеміз!» -деп қояды. Келесі қалтарыстан өте бергенімде бір қайыршы: «Братан, нанға тиын беріңізші!»-деп сұрады. Қалтамнан жартылай желінген кәмпит шығарып, аузына сұға салдым: «Мә, сора тұр!»

Безіп келемін, бұзақылардың бірі аяғымды шалып құлататынын сезіп келемін... «Өрт сөндірушілер! Қайдасыңдар! Көмектесіңдер!» --дедім лапылдап жанып келе жатқандай айқайлап. Полициядан қайран болмаған соң қайтейін?  Өкпем өшті. Бір жерге келгенде, шаршап отыра кеттім. Аналар да шаршаса керек, менен ары бес метрдей жерде отыра кетісті.

— Атың кім?-деп сұрады алқынған албастыдай біреуі.

— Жеткізбес.

— Қанша ақшаң бар?

— Айлық алған жоқпыз...

— Сонша қашқаныңа қарағанда, қалтаң қалың-ау?

— Жо-жоқ, сендерден ұялып қашып келемін...

— Солай ма?-деген олар тұра берді. Мен де қаша жөнелдім. Безіп келемін, енді ұстаса, қытықтап өлтіретіндерін сезіп келемін... Бір қалтарысқа жеткенімде: «Ой, атаңа нәлет полицейлер, қайдасыңдар! Өлтіретін болды!»--деп өлетін мысықтай мияулап едім, шамның жарығынан байқап қалдым, төрт полиция инспекторлары шыға келді. Артыма қарасам, бұзақылар кілт бұрылып, қашып барады екен. «Ана жаққа қашты, ана жаққа!»--деп ентігіп тұрғанымда, поли­цейлер келіп, бірі:

— Нең бар?-деп сұрады.

— Сағыз,--дедім аузымдағы сағызды тіліммен шығарып.

— Әкел бері!-деген біреуі жұрттан алып үйреніп қалған ғой, тілімді қоса жұлып ала жаздады. Сағызымды төртеуі қылдай бөлісіп, ауыздарына салды.

— Қайдан қашып келесің?-деп сұрады бірі.

— Түн жарымында неғып жүрсің? Жатпайсың ба, қатыныңның қасында тыр-тыр қасынып!-деді екіншісі.

— Еще бізді атаңа нәлет деп балағаттайды!-деді үшіншісі.

— Жігіттер, қолым қышып тұр, — деді төртіншісі. Аңырып тұрғанда, қорғау­шы­ларым қорлаушыларыма айналып, мені жабылып ұра бастады. Жерге құлап түсіп едім, тепкеілей жөнелді. Алғашқыда, қышыған жерлерімнің жаны кіріп бара жатқан, кейін жаным шығып бара жатты.  Есімді жисам, бір күшік бетімді жалап жатыр екен. Жалағаны жақсы болды, бетімді  қаннан тазартып тастады. Полицейлерден иттің күшігі жақын болды маған... Құқықты мемлекет екеніміз есіме түсіп, әрі мына күшіктен жаман ұялып, үргім келіп кетті... Ертеңіне ішкі істер дапартаментіне барып арыз жазып едім, тергеушілер қолымды қайырып, қамап қойды. Сөйтсем, полицейлердің сағызын «тартып алыппын...»

Абайлаңыз, біздің елде сағыз шайнауға болмайды!

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы