Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Аша Матай: «Әкем сияқты жігіт іздеп жүрмін...»

Дата: 07 февраля 2011 в 01:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Аша Матай: «Әкем сияқты жігіт іздеп жүрмін...»

Мен өсу үстіндемін

— Аша, «Біржан салдан» кейін тағы бір фильмге түскен екенсіз. Ол кімнің картинасы, қазақ жұрты оны қашан көре алады?

— «Қазақфильм» киностудиясы өз көрермендерінің назарына тағы бір фильм ұсынбақшы. Бұл — режиссер Асқар-Мұхит Нарымбетовтің жаңа кинокартинасы. Фильм желісі бойынша, белгілі себептермен кезінде ажырап қалған егіз­дер 20 жылдан кейін қайта кездеседі. Яғни олардың ой-санасы мен өмірлік ұстаным­дарында түрлі қайшылықтар туады. Өйтпегенде қайт­сін, бірі жай­ма­шуақ ауылдың лирикалық сәттеріне елтіп өссе, екіншісі Еуропада білім алып, байлыққа малынып, өмірге жеңіл көз­қараспен қа­рай­тын адам болса! Мұнда мен ауылдағы сұлу қыздың рөлін, тіпті ауылдың «ханшайымын» сом­даймын десем де болады. Мұндай қызға кім қара­масын, екі жігіт те маған ғашық болып, талас туады. Ал фильмнің атауы Ақан Са­таевтың «Ағайын­дылар» киносы түсіріл­мей тұрып, дәл осылай белгіленген болатын. Енді фильм атауы өзгертілетін сияқты. Жақын арада көгіл­дір экранға шығады деген ойдамыз.

— Еркін Рақышевтің «Борат — менің ағам» фильміне тегін түсіпсіз...

— Иә, қазақ тілінде көрсетілетін «Аққу көлі» және «Борат — менің ағам» деген киноға да түстім. Шынымен, «Бораттан» өшімізді алатын кино болса, Қазақ­станым үшін намыс қорғауда маған ақы керек емес. Осы жерде мен де патриот­тық се­зі­мімді білдіргім келді. Сондықтан фильм­­ге тегін түсемін деп, бірден келі­сім-шартқа отырдым. Фильм режиссері Еркін Рақышев өте жақсы кісі екен. Кәсі­би режиссер болмаса да, өзінің ойын жеткізе білетін, халықтың мәдение­тіне үлес қосып жүрген азамат. Яғни кез келген киносын алып қарасақ та, өзінің сценарийіне көп мән беретін режиссер­ле­ріміздің бірі. Ол кісінің идеясына, жұмысына, шыны керек, өте риза болдым. Кино әлемінде біраз жаңалық­тарым бар. Жақын арада түсірілетін «Поездка в диснейленд или Лунная соната» деген фильмде де басты рөлді сомдамақ­шы­мын. Сондай-ақ, Игорь Кончалов­ский­дің түсіріп жатқан туындысында мүлдем басқа образда көрі­немін. Яғни Децл деген әншінің стилінде оператордың рөлін сомдаймын.

— Сонда мұның бәрі киноға бір­жола бет бұрғаныңызды білдіре ме?

— Өнер әлеміндегі қызықты бір сала — ол кино. Дегенмен де жүрегіме жақыны, — әрине, ән салу. Киноға түсу ұнағанымен, ылғи да ойыңдағыдай бола бермейді. Өйткені фильмге түсуде кастингке бара отырып, жүрегіңде өтем бе, өтпеймін бе деген қобалжу тұрады. Үміт пен күдік ара­ласқан жерде, кейде қуансам, кейбір кез жылаған сәттерім де болған. Ал ән­шілікте еркіндік бар. Өз қалауың біледі. Қашан ән айтқың келсе, ән жазып, клип түсіргің келсе қалауыңды өз ойың­да­ғы­дай орындай аласың.

Қазіргі таңда түрлі киноларға түсу­мен қатар, «Хабар», «Ел арна», «Хит-Тв» арналарында бірнеше бағдарлама­ларды жүргізіп жүрмін. Осын­дайда «Екі кеменің басын ұста­ған суға кетеді» дейтіндерге келіс­пеймін. Себебі адам­ның өзіндік арманы болып, оған жетудің жолдарын таба білсе, онда тұрған не бар?! Меніңше, ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан жастардың қолынан бәрі де келуі керек.

— «Біздің нанымызды тартып алдың» — деп, кәсіби әртістер сізге реніш білдіріп жатқан жоқ па?

— Рас, «бұл оның саласы емес, өз ма­мандығы бойынша жұмыс жасасын» деген сөздер қардай борады. Кейде көңі­лі­ме алып та қаламын. Түсінбейтінім, егер сенің тартымдылығың болса, «осыны істей аламын, менің қолымнан келеді» деген құлшынысың болса, неге істемес­ке! «Өнерді үйрен де, жирен» деген бар ғой. Сен әншісің, актерсің деп бөлудің не қажеті бар? Телеарнада танымал өнер иелерінің тележүргізуші болғанынан пайда келмесе, зиян тиеді дей алмаймын. Олар арқылы бағдар­лама рейтинг жинайды. Менің жұмысым жайында «сөз байлығы жетпейді, мүді­ріп қалады» деген сынды естимін. Бірақ мен бір орында тұрып қалған жоқпын. Өсу үстіндемін. Заманға ілесіп келемін. Бұйырса, осы жылы журналистика сала­сының магис­тра­турасына түскелі отырмын. Сон­дық­тан қолымнан келгенінше қазақша том-том кітап оқып, жан-жақты іздену­демін. Газет-журналдарды да көзімнен таса етпеймін.

— Яғни сіздің кешегіңіз бен бүгініңізде үлкен айырмашылық бар ғой?

— Әрине! Алғаш рет телеарнаға шық­қанда, сөздік қорым жетпей қалатын. Бәлкім, ішкі әлемімнің ашылмай жатқан­дығынан болар, көп қиналдым. Айна­лам­дағы адамдар мен құрбы-құрдаста­рым­мен: «Сәлем, қал қалай?» — деге­нім­нің өзі орыс тілінде еді. Қалай теле­жүргізушілікке келдім, олардың және өзімнің орысшама «тыйым» салып, қа­зақ тілінде сөйле­се­йік деген талап қой­дым. Тіл байлы­ғымның өсуіне үлес қос­қан достарыма алғысымды айтамын.

Қадіріңді халық білсін

— Қазіргі қазақ киносының кенжелеп қалғаны жөнінде көп айтылады. Расында, ескі жүкті сүйретіп, жаңа әлемге шыға аламыз ба, қазақ киносын өркениет көшіне іліндіру үшін не қажет деп ойлайсыз?

— Қазіргі киномен 10 жыл бұрынғы, тіпті екі жыл, үш жыл бұрын түсірілген киноларды салыстыруға болмайды. Дүние бір орнында тұрмайтындықтан, кинолар­дың да айырмашылығы жер мен көктей. Біз біртіндеп-біртіндеп өсу үстіндеміз. Ал­ла қаласа, әлемдік дең­гейге шығаты­ны­мызға сенімім мол. Біздің қазақтың ак­терлері, режиссерлері дарынды. Тек олардың меселін қайтар­май, шабыттандыратын пікірлерді көбі­рек айтып, демеп отырсақ, жақсы дү­ние­лер жасалады деп білемін.

— Шоу-бизнесте жүргендер арасынан «Аша Матайдың тойдағы ставкасы өте жоғары» деген сөз естіледі. Шынымен солай ма?

— Ол рас, ставкасы жоғары дегенге толықтай келісемін. Бұл мендегі «жұл­дыз ауруы» емес, уақытымның тығыз­дығына байланысты қойған талабым. Егерде мен өз ставкамды 100, 200, 300, 1000 доллар, тіпті 1500 деп қоятын болсам, онда анда да, мұнда да шапқы­лаумен уақытым кетеді. Менің ойымша, бағаңды қазірден биік қоя білсең, яғни өзіңді бүгіннен бағаласаң, онда сені халық та қадірлейді. Менің түсінбейтінім, біздің кейбір әншілер тек қана киім-кешекке, бір айлық жалақыға тұрмайтын бағаға келісіп, тойларда өнер көрсетеді. Бұл, әрине, дұрыс емес! Ән айтады екен­­мін деп, әр жерден шыға беру ән­шінің, ән әлемінің қадірінің кетуіне жол береді. Өнер иесінің міндеті бес­бармақ пен бауырсақты асап, той тойлатып жүру емес. Халық мәдениетіне үлес қосу, оны дамыту! Сондай-ақ әнші үшін келісті дене бітімінің болуы жеткі­ліксіз. Онда көрермен үшін сен тек әдемісің, бәлкім, дарын­дысың. Болды! Егер бүгін­нен өзімізді бағалай білмесек, келешекте ше­телдің әншілері сияқты, қомақты қар­жыға лайық­ты боламыз десек, ха­лық­тың төлейтін ақшасына сай еңбек­тенуіміз керек.

— Осындайда: «Егер қазақ тойшыл болмағанда, қазақ эстрадасы мүл­дем тұралап қалар  еді», — деген пікір еске түседі. Анығында, қазіргі әншілердің дені концертпен емес, тойда ән айтумен жан бағады. Сонда қазақтың той-томалағы болмаса, мемлекет эстрадаға жәрдем жасамаса, әншілер қалай күн көрер еді?

— Бізде қазіргі шоу-бизнестің — той-биз­нес екені бәріне белгілі. Өйткені бү­гінгі тойдан ақша табу үрдісі болмаса, біз­дегі көп әншілер сахнадан кетеді. Се­бебі, сахна иелері тойдан тапқан тиын-тебендеріне ән жаздырады, бейнебаян түсіреді, фотосессия жасайды, тағысын тағы. Осындай жағдайлардан біздің мә­дениетіміз де, шоу-бизнесіміз де өте баяу дамып жатыр.

— Ал алдыңғы толқын — ағалар кейінгі жас әншілерді су қосқан «шалапқа» балайтын көрінеді. Мұндай сөздер сіздің жаныңызға батпай ма?

— Ондай әншілер бізде жетерлік: не дауыстары жоқ, не келбеттері жоқ, не та­лант­тары жоқ, неге жүргені белгісіз. Тек ақшалары бар. «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» дейді ғой. Демек, кімнің айтқысы келсе — айтсын. Әкесінің немесе өзі тап­қан ақшасын қалай жұмсаса да, өздері біледі. Оларға да тыңдарман табылады. Мен өз тарапымнан басқаға қандай да бір сын айтудан аулақпын. Бірақ белгілі бір жүйені қалыптастырып, эстарадамыз­дың дамуы үшін шетел­дегідей лицензиямыз болуы керек. Басқа елдерде бұл жағынан қиындық жоқ. Ал бізде ешбір байқау­ларда сыналмай, әркім өз бетімен жүр. Егер мемлекет тарапынан лицензия жайлы ше­шім шығарса, мүмкін, жақсы жағына қарай ойысармыз. Өкінішке қа­рай, қазіргі таңда әншілерге қарастыры­лып жатқан қамқор­лық жоқ.

— Өзгеге сын айтудан аулақпын дедіңіз, ендеше, Аша Матай қандай әнші, қандай адам? Өзі­ңізге сын көзбен қарап көріңізші.

— Өнер әлеміне алғаш қадам басқан­да, жүрегіңнен бір мақтаныш есіп, өзіңді көрсеткің келеді ғой. Сондай бір бақытты кездерімде көңілге тиер сөз естіп, жылап қалған сәттерім де аз бол­ған жоқ. Осындай кезде жан ұшырып: «Маған неге олай айтты, еңбектеніп жатырмын ғой, мені әлі білмейді?» — деп, сахнаның бір бұ­ры­шына барып, жылап алатынмын. Ал қазір мен ондай сөз­дерден қорықпай­мын. Себебі, әншілер­дің бұлай көрмей-білмей кемсіте беруі түйсіктің жетпеге­нінен болар деп ойлаймын. Мені Мақпал Жүнісова сахнаға ал­ғаш қадам басарда: «Алтыным, сенің қо­лыңнан бәрі келеді!» — деп қанат­тан­дырған болатын. Одан басқа Бақыт Шадаева, Мәдина Сәдуақасовалардан кө­мек сұраға­нымда, ешқашан бетімді қай­тарған емес. Бірақ ішін қызғаныш кернеп, «менен озып бара жатыр ма» дегендей көре­ал­маушылық танытқандар болды. Өнер жолын таңдаған әр әншінің өзін­дік орны бар. Мен де өз көрер­менімді, тыңдарманымды қалыптас­тырдым, со­ған шүкір. Ал менің жан дү­нием қыз­ғанушылық, көреалмау­шылық деген қасиеттерден тым алыс...

Телеарнаға келгенімде де көптеген сын-пікірдің астында қалдым. Сонда қалай істесем болады деп, кейбір журналистерден көмек сұрасам, сөзіме құ­лақ аспайды. Соларға қарап тұрып: «Мен ешқашан осылар сияқты мінез танытпаймын, ешкімнің алдында өзімді биік қоймаймын», — деп серт бердім. Өйт­кені бәріміз бір пендеміз, бір адамбыз. Сондықтан да біреуге ақыл айтқан­нан, енді біреуден ақыл сұраудан ешкім де төмендеп қалмайды.

 

Өз бақытымды қолымнан жібермеймін...

— Халыққа Аша Матай болып танылдыңыз. Енді өз тегіңізге оралу ойыңызда жоқ па?

— Аша деген — менің кішкентай кез­дегі екінші атым. Қазақ тарихына көз жү­­гірт­сек, батырлардың, үлкен азамат­тардың да лақап аттары болған. Әкем де тіл-көзден сақтасын деген ниетпен ел алдына екінші есіміммен шығуымды жөн көрді. Ал найманның ішіндегі матай менің руым. Руымды даралағанымның еш­қан­дай да теріс астары жоқ. Біз бә­ріміз қазақпыз. Мен тек қана руымды мақтан тұта отырып, атымды шы­ғар­ғым келді.

— Бірқатар әріптестерім сіз туралы: «Фильмге шақыруды былай қойғанда, сұхбат алу үшін де әкесімен сөйлесуі керек екен», — деп еді. Мен мұн­дай «қиындық­қа» жо­лық­падым, әлде менің жолым болды ма?

— Эстрадаға енді-енді қадам басқан кезде, әкемнің рұқсатынсыз бір адым аттап баспайтынмын. Сыртымнан «әке­сінің арқасында жүр, оны әнші жасаған әкесі» деген сөздер айтылған және айтылып та жүр. Мен оған ренжімеймін. Бұл жерде менің ешқан­дай да олигарх туысым жоқ, не болмаса бір ән жазып, бейнебаян жасау үшін бір олигархтың көңілдесі болып жүрген жоқпын. Кері­сінше, осындай өнер сахнасына жетелеп әкелген, үнемі ме­нің қамымды ойлайтын әкем болға­нын мақтан етемін. Бұл — маған тағды­рымның берген сыйы. Дегенмен қа­зіргі уақытта бар шаруамды өз қолы­ма алдым. Кешегідей емес, қанатым қатай­ды...

— «Сахнаға кеше келіп, төр менікі дей алмаймын», — депсіз бірде...

— Мен қай бағытта болсын, өзімді жұлдыз деп санамаймын. Осы уақыт­қа дейін қандай да бір жетістікке жетсем де, мен әлі «жұлдыз» емеспін. Мен тек жол үстіндегі жолаушымын...

— Өткен уақыттағы бір сұхбатыңызда: «Жігітімді күтіп жүрмін», — деп едіңіз, ол құрғырдың келетін түрі бар ма?

— Әлі де күту үстіндемін. Бәрі бір Алланың қолында ғой. Маған жігіттің ұнауы өте қиын. Шынымды айтсам, бо­лашақ жарыма жаным ашиды (кү­ліп). Себебі, мен өзіме не керек екенін біле­мін. Сондай-ақ, мен өзім емес, мені сүйгенін, өзіне бағындыра, еліте білге­нін қалаймын. Бұл — бастысы. Өйт­кені маған жарының ығына жығылып, айтқа­нымен жүретін жігіттер мүлдем ұна­майды. Сондай-ақ болашақта өзім ғана емес, балаларымның да жақсы өмір сүріп, жоғары білім алуы үшін бо­лашақ жарымның қалтасының қалың болғаны да жөн ғой...

— Сіздің талғамыңыздағы жігіт те өнер адамы болуы мүмкін бе?

— Өнер жолындағы жігіттер менің талғамыма сай келмейді. Өйткені олар өзімшіл болады. Кейбір қыздар бірінші орынға карьерасын қоятынын айтады. Меніңше, бұл — өтірік. Өйткені әр әйел­дің ар­маны — сәтті тұрмысқа шығып, дүние­ге сәби әкелу. Мен ешқашанда әйелдік бақыттың бірінші кезекте екенін жасырмаймын. Егер мінез-құлқы, болмысы әкем сияқты азамат кездессе, бүгін-ақ қол ұста­сып кетер едім. Мен өз жігітімді танысам, қолымнан жібермей­мін. Айт­пақ­­шы, «Біржан салда» уылжы­ған 16 жасар қыз өзінен 45 жас үлкен адамға ға­шық болады. Бәлкім, мұндай махаббат өмірде кездесетін де болар, бірақ, өз басым, мұндай алшақтықты түсіне алмаймын. Мен үшін бұл тек кинода ғана болады. Бұл тұрғыда менің таң­даған «ханзадам» менен 6-8 жас үл­кен шамасында болатын шығар...

Әңгімелескен -

Ардақ Иманбекқызы,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 04 (87) 02 ақпан 2011 жыл.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы