Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Карағандыда жасөспірімдер өздеріне қол жұмсау себептерін айтты

Дата: 07 февраля 2011 в 09:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Карағандыда жасөспірімдер өздеріне қол жұмсау себептерін айтты

Қарағанды қаласында өткен алқалы жиында облыс аумағындағы мектептердің директорлары мен психолог-мамандар, сондай-ақ жергілікті полиция өкілдері облыста жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының көбейіп бара жатқанына қатты алаңдаушылық білдірді.

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Нұрлан Рахымберлин келтірген дерекке жүгінсек, 2009 жылы облыс көлемінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың 18 қайғылы оқиғасы орын алса, дәл сол жылы аймақта 25 жас өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған.

Ал өткен жылы дәл осындай 33 суицид оқиғасы тіркеліп, жалпы саны 28 жасөспірім өмірмен қоштасқан.

Облыс бас полицейінің айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалар бойынша Қарағанды және Теміртау қалалары алдыңғы орында көрінеді. Жасөспірімдер арасында мұндай оқиғалардың орын алуының себебі неде? Бұған қандай шара қолдану қажет?

Бұған қандай шара қолдану қажет?

Облыс орталығында өткен семинар-кеңесте оған қатысушылар ел-жұртты айрықша алаңдатып отырған осындай сұрақтарға бірлесіп жауап іздеді. — Әсіресе, жасөспірімдер арасында суицид оқиғасының білім ошақтарында жиі орын алуына тосқауыл қою мақсатында облыстағы барлық мектептерде штаттық кестеге сәйкес маман психологтар жұмыс істей бастады.

Психологтар жүргізген алғашқы әңгіме-пікір алысу барысында жасөспірімдердердің кейбіреулері мұндай жағдайға көпшілігінде ата-анасы өздерін түсінбейтіндіктен, ал енді біреулері мектеп мұғалімдерінің ерсі қылықтары мен талаптарына ренжіп, көңілдері қалғандықтан баратындықтарын ашық айтты.

Демек, мұның өзі ата-ана мен мұғалімдердің жасөспірімдермен мүмкіндігінше ортақ тіл таба білуі қажет екендігін айқындай түседі.

Бұл іске облыс аумағындағы мектептерде қызмет атқаратын учаскелік инспекторлар да жұмылдырылып отыр, — деп Қарағанды облыстық Білім басқармасы бастығының орынбасары Әйгерім Күдеринова мәселенің себеп-салдарына тоқталды.

Ал Қарағанды облыстық балалар психоневрологиялық диспансерінің бас дәрігері Айнагүл Күлдебаева болса, өткен жылы өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне бармақшы болған 8 — 12 жас аралығындағы 12 жасөспірімнің өзі басқаратын мекемеге түскенін айтып, көбейіп бара жатқан суицид проблемасына жол бермеудің әдіс-тәсілдерін көп болып қолға алу қажеттігіне барынша назар аудару қажеттігін ортаға салды.

«Өз тәжірибемнен байқағаным, жасөспірімдердің суицидке баруының басты себебі — олардың өздеріне барынша назар аударғысы келетіндігінде жатыр», — деді Қарағанды облысының бас балалар психоневрологы Айнагүл Күлдебаева.

По сообщению сайта Nur.kz