Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елбасы да бір топ әдебиет пен өнер қайраткерлеріне 2010 жылғы Президенттік және мемлекеттік стипендияларды тапсырды

Дата: 07 февраля 2011 в 11:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АЛМАТЫ. 7 ақпан. ҚазАқпарат  /Ерлік Ержанұлы/ — Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында бір топ әдебиет пен өнер қайраткерлеріне 2010 жылғы Президенттік және мемлекеттік стипендияларды тапсырды.

1995 жылдан бері келе жатқан Президенттік стипендия иегерлерінің арасында Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Асанәлі Әшімов, Гүлфайруз Исмайылова, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Фариза Оңғарсынова сияқты көрнекті өнер және әдебиет тарландары бар.

Отандық мәдениетті дамытуға зор үлес қосқан әдебиет пен өнер қайраткерлеріне материалдық қолдау ретінде берілетін бұл стипендия жыл сайын 50 адамға беріледі.

Ал, 2000 жылдан бері беріліп келе жатқан мемлекеттік стипендия иегерлеріне биылғы жылы болашағынан үміт күттіретін жас талантты дарын иелеріне көбірек орын бөлінген.

Олардың арасында Айгүл Ниязова, Еркін Әшеров, Қуандық Қыстықбаев, Әмір Бейсенғалиев, Әлқуат Қазақпаев, Данияр Саламат сияқты өнер иелері бар.  Жалпы, 2000 жылғы мәдениетті қолдау жылынан бастап берілетін мемлекеттік стипендияда жыл сайын 50 адамға беріледі.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы