Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Вашингтонда Қазақстан елшілігінде американдық дінбасылармен кездесу өтті

Дата: 07 февраля 2011 в 11:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 7 ақпан.   ҚазАқпарат  —   Вашингтонда Қазақстан  елшілігінде  американдық   дінбасыларымен  дәстүрлі   кездесу    өтті,

деп  хабарлады  елшіліктің баспасөз қызметінен.

2 ақпанда   өткен    кездесуде    христиан,  ислам,  иудаизм   діндерінің   басшылары    халықаралық   дінаралық   диалогтың өзекті мәселелерін талқылады.  Шараға    АҚШ Президенті Барак Обама мен   Мемлекеттік  хатшы Хиллари Клинтоннің     мұсылман  әлеміндегі  өкілдері — Президенттің Ислам Конференциясы  Ұйымы  жанындағы арнайы   елшісі Рашад Хусейн  мен   мұсылман қоғамдастықтарындағы  АҚШ-тың арнайы өкілі  Фара Пандит   қатысты.  2011  жылғы  Ислам Конференциясы  Ұйымына  төрағалығы  аясында      атқарып отырған     өркениеттерді  жақындастыру  жөніндегі  жұмыстары   осынау  жарыссөзге   арқау  болған негізгі тақырыптардың бірі  болды.

Жиналған  қауымның алдында    сөз сөйлеген  Елші  Ерлан Ыдырысов,  Президент  Барак Обаманың  мұсылман әлеміне   қатысты  басымдықтарымен   сәйкес  келетін  Қазақстанның  өркениетаралық   диалог  саласындағы жұмысының басымдықтарына  тоқталды.  2011   жылы 11   қыркүйектегі   лаңкестік   оқиға болған    жерге   ислам мәдени  орталығын  салу  жөніндегі      танымал жобаның авторы имам  Файзл  Абдул  Рауф   осы    тақырыпты өрбітті.   Ол,  11 қыркүйектегі  оқиға тек Американы ғана емес, бүкіл әлемді    екіге   бөлгенін  және   американ-мұсылман   қатынасын дамыту   тарихындағы  шұғыл бетбұрысты   нүкте  болғанын  атап көрсетті.   Негізгі проблема — дінде емес,    диалогқа  қабілеті  жоқ    радикалды   өкілдерде екенін айтты.  «Қазіргі  АҚШ пен  мұсылман әлемінің арасындағы    диалогта    радикалдар  басым болып тұр   және  біз     бірнеше  дін мен   мәдени өркениеттің  қатар    өмір сүру мүмкіндігіне сенетін    салмақты  және   сарабдал    мұсылман басшылардың   даусына мұқтажбыз.  Қазақстан  жас  та  болса,     қарқынды дамып    келе  жатқан  ел, өзінің    оң  энергетикасымен   маңызды  халықаралық үдерістерге    серпін беріп  отырған     осы ел    радикалды  риториканың  өршуін   тоқтата алады», деп атап  көрсетті имам  өз  сөзінде.

АҚШ-тың  мұсылман  әлеміндегі   серіктесі ретіндегі Қазақстанның маңыздылығын     атап көрсеткен Рашад Хуссейн мен   Фара Пандит,   Қазақстанды Ислам Конференциясы Ұйымына  төрағалығының  барысында      мұсылман  елдеріндегі білім  беру,   әлеуметтік-экономикалық реформаларды  дамытуға айрықша  назар  аударуға  шақырды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы