Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан өзге мемлекеттерге қарағанда әлемдік дағдарысты оңай еңсерді

Дата: 07 февраля 2011 в 16:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан өзге мемлекеттерге қарағанда әлемдік дағдарысты оңай еңсерді

Қазақстан өзге мемлекеттерге қарағанда әлемдік дағдарысты оңай еңсерді.

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында РФ ҒА-ның академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Абел Аганбегян осындай пікір айтты.

«Қазақстанның ЖІӨ-нің өсімі дағдарыстың 2008 және 2009 жылдардағы кезеңдерінде өте төмен, шамамен 1 пайыз деңгейінде болды», — дейді А. Аганбегян.

Алайда ЖІӨ деңгейі «минусқа» кетіп қалған ТМД, Еуропа, Балтық елдерінің жағдайын келтірген профессор, «олармен салыстырғанда, ТМД кеңістігіндегі Қазақстан және Беларус сынды ірі мемлекеттер дағдарысты оңай еңсерді», — деп атап көрсетті.

Соның ішінде Қазақстанның сыртқы қарыздарының көлемі әлі де болса өзгермегендігін еске салған А. Аганбегян мырза, дегенмен мемлекеттің ішкі қоры жылдам жинақталып жатқанын, бір жылда ол 22 пайызға салмақтана түскендігін ерекшелеп өтті.

По сообщению сайта Nur.kz