Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бақтыбай Айнабеков. Арыстанбабтағы жаңа мешітке Әмір Темірдің аты берілсе...

Дата: 07 февраля 2011 в 16:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бақтыбай  Айнабеков. Арыстанбабтағы жаңа мешітке Әмір Темірдің аты берілсе...

Мемлекет және қоғам қайраткері Асқар Құлыбаевқа Ашық хат

Бисмиллаһир Ирахманир Рахим

Қадірлі Асқар Алтынбекұлы!

Сіздің соңғы жылдары республика көлемінде көпшілік үшін  рухани орталық болып саналатын  көптеген мешіт құрылыстарын салып, сауапты имани тіршіліктер жасап жүргеніңізді бұхара халық жақсы біледі. Осы бір өнегелі тірлігіңізді соңы уақытта  одан әрі өрістетіп, әулиелі Арыстанбап жерінен тағы да бір күмбезі көк тіреген келісті мешіт құрылысын бітіріп, пайдалануға бергелі отырғаныңызды таяуда зияратпен жүргенде арнайы барып көріп қайттым. Архитектурасы өте көркем шығыпты. Мешіт жанынан салынған қонақ үйлеріңіз де көңілге қонымды. Ендігі жерде көпшілікке иман таратар шаңырақтың  игілігін көруге жазсын.

Құрметті Асеке, өзіңіз салдырып жатқан жарасымды осы мешітіңізді көре отырып, өзіңізге аз-кем  өтініш-базына айтқым келіп отыр. Ел тарихын  жетік білетін зиялы қайраткерлердің бірісіз ғой,  өзіңіздің ықыласыңыз ауып, маңынан мешіт үйін көтеріп отырған Арыстанбап әулиенің кесенесін Әмір Тарағайдың ұлы Әмір Темір Көреген Баһадүр бабамыз сопылық ілімнің негізін салушы, кемеңгер ақын Қожа Ахмет Яссауийге арнаған қасиетті Әзірет Сұлтан кесенесінен бұрын салдырғандығы туралы ел аузында әр қилы аңыз бар. Сол аңыздардағы айтылар негізгі шындық Арыстанбаптың әйгілі әулие Қожа Ахмет Яссауийдің  ұстазы болғандығы. Сондықтан да бұл екі тарихи жәдігер ел жадында қалай сақталса, соны жарылқап салдырған 27 елдің патшасы болған Падиша Әмір Темір де естен шықпауы тиіс қой. Әмір Темір осынша елдің патшасы болумен қатар сол елді  Исламдық, оның ішінде Ясауийлік негізде басқарған данышпан.  Ол өзінің «Темір түзіктері» атты кітабында; «Маған тәжірибе көрсетті, Дін мен Заңға бағынбаған мемлекет ешқашан өзінің күші мен қуатын сақтай алмайды... Дінсіз мемлекетті шатыры жабылмаған, есіксіз, қоршаусыз, кез-келген арам пиғылды адам кіре беретін, қорғансыз үймен салыстыруға болады.

Мен, сондықтан, өзімнің ғимаратымды Ислам дінінің ұлылығына негіздедім, оған ережелер мен заңдарды үйлестірдім және оларды өзім билік жүргізген кезімде сақтап, мойынсындым»(118-бет) — деп жазып та кеткен. Есімі де Құрандағы Темір сүресімен аталған.  Жалпы, Падиша Әмір Темірдің қазақ жерінің тарихындағы орыны бәріміз тәу етерліктей.  Осыны көріп-біле отырып, көзі тірісінде-ақ көреген атанған қасиетті баһадүр бабамызға осы күнге дейін мемлекет тарапынан ешқандай назар аударылған емес және таяу арада аударыла қоятын сыңай байқалмайды. Әрине, бұл жағдай күні кеше ғана ЕҚЫҰ-ға мүше елердің мемлекет және үкімет басшыларын, халықаралық ұйымдардың жетекшілерін, сондай-ақ бірқатар елдердің мемлекет басшылары атынан келген ресми делегация басшыларын салтанатты жағдайда қарсы алып, жоғары деңгейде Саммит өткізген еліміздің атына ұят-ақ тіршілік. Елімізде орын алып келген осы олқылықты жоюдың бастамасы ретінде   Сіз салдырған жаңа мешітке дін жанашыры, баһадүр бабамыз Әмір Темірдің атын беріп, алдына әлем мойындаған айбатын танытар алып ескерткішін салдырса, баба әруағы алдында үлкен иманды тірлік жасалған болар еді. Бұлай өтініш жасап отырғаным, баһадүр бабамыздың сүйегі Самарқандағы Регистанда жатқанымен, дәл осы жерде өмірден өткені тарихтан мәлім. Оны өткен тарихтың хабаршысындай сол кезден бері аталып келе жатқан «Темір» темір жол кенті жеткізіп отыр...

Қадірлі Асеке, бұл хатты  Өзіңіздің атыңызға жазып отыруымның екінші себебі, Сіз мемлекет және қоғам қайраткері болумен қатар, 1998 жылдан  республикалық «Жібек жолы — Қазақстан » Ұлттық компаниясының президентісіз. Бұл компанияның ертеңгі жарқын болашағы — әлемдік туризмде. Әмір Темір падиша — әлемдік тұлға. Баһадүрдің осы жерде өмірден өткендігі туралы жер әлемге хабар берер сом ескерткіш тұрғызылып жатса,  әлем падишасына зиярат етуші  Арыстанбап жеріне жеткенше асығатындар  легі  жетіп артылар еді. Сол туризмнің өріс алуымен түбі Сіз салдырған мешіт үйі мен «Темір» станциясының аралығы үлкен елді мекен болып кетуі де ғажап емес...

Елге де, Өзіңізге де абырой әперер осы ойлар мені мазалаған соң, БАҚ арқылы атыңызға  Ашық хат жазғаныма ағалық кешіріммен қарап, нақтылы жауабын айтарсыз деген ойдамын.

Сәлеммен, Бақтыбай АЙНАБЕКОВ,

«Қазақстан қажылары» діни бірлестігінің төрағасы, жазушы

«Абай-ақпарат»

 

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы