Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Россия мен Қытай

Дата: 08 февраля 2011 в 02:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Россия мен Қытай

Өткен февраль һәм март айларында халық арасында әңгімеде болсын, һәм газеттерде болсын соғыс болады білемін деген лақап жайылып кетті. Бұл сөздер біздің қазақ арасына да жайылды. Соның үшін біз сол лақап неден шықты, іс мазмұны қалай болды, біразырақ жазайық.

Қытай патшасы менен біздің патшаның арасында 1881 жылы жасалған бір мәмле бар. Бұл мәмле бойынша біздің патшалыққа қараған саудагерлер Қытай қоластында Қытай Түркістаны, Монғолия деген жерлерде салық төлемей сауда қылуға ықтиярлы болған. Қытайдың «Сұңқары» деген өзенінде Россия кемелері тоқтаусыз жүрешік. Біздің хүкімет жоғарыда айтылған жерлердегі шәһәрлерге консул өоярға ықтиярлы екен.

Не себептен-дұр биыл жыл басынан бері Қытай хүкіметі біздің Россия саудагерлеріне Монғолияда еркін сауда етуіне тығыздық ете бастады. Оның үстіне біздің хүкіметіміз Қытайдың «Қобда» деген шәһәріне консул қоймақшы еді. Бұған да Қытай хүкіметі ризашылық көрсетпеді. Екі араға осындай азырақ салқын түсе бастаған соң, біздің хүкіметіміз 3 февралдьда Қытай хүкіметіне өзінің сұрағанын қабыл етуін ашықтан жазып қағаз берді. Мұндай қағаздарды хүкімет адамдары «үлтиматум» деп атайды. Бұл ултиматумға да Қытай тездікпенен жауап бере қоймады. Ол екі ортада өзі ғасыкерін біздің шекараға ақырындап жинай бастады. Біраздан соң қайтарған жауабы біздің хүкіметімізді риза таптырғандай болмады:

Қытай хүкіметіне айтқанын тыңдатар үшін біздің хүкімет те ғаскер жинауға қол қойды. Жетісу облысында пробный мобилизация ағылан етіліп (хабарландырылып) бір облыстағы ғаскер Қытай шекарасындағы біздің Жәркент шәһәріне жиналды. Тәшкенттен де Жәркентке ғаскер жіберілді.

Бір жағынан Қытай хүкіметі 3 февральда берілген ултиматумға ризалығыңды білдіріп он бесінші мартқа дейін жауап қайтар. Оған дейін қайтармасаңыз, біздің не істерге де қолымыз бос болады деген мағынада, біздің хүкіметіміз қағаз жіберді.

Әлбетте, Қытай хүкіметінің нақ осы күнде біздің хүкіметімізбен соғысуға шамасы келмейді. Бір айдан тура жауап бермей қисаңдап ғаскерін жиғыштаған болғаны, сірә өз қоластына азырақ сәулет көрсеткені болған білем. Біздің хүкіметіміздің соңғы сөзін алған соң, он төртінші мартта Қытай хүкіметі біздің не айтқанымызды қабылдап, жауап қайтарды. Соныменен Россия менен Қытай арасы тағы да дұрысталып соғыс қаупі басылды. Істің бұлай  тыныш біткеніне екі жақтың халқы да өте сүйінді. Әсіресе, біздің қазақ үшін өте жақсы болды. Алла сақтасын! Егер жазатайымсоғыс шығып кетсе, соғыстың күшті жерлері Құлжа маңайында болар еді. Ол жақта Қытайға қараған біздің қазақ аз ба?! «Екі нар сүйкенсе, шыбын өледі» деген ғой.

Қытайменен іс бірыңғайға қойылмай жатқанда бас хакімдерімізде біразырақ әңгіме қозғалып қалды. Бұл істің мазмұны былайша: хүкімет күнбатыс жақтағы орыс халқы мен поляк халқы аралас мекен еткен алты (губернада шаруашылықты халық өзі қарайтұғын закон) губернаға земство кіргізбекші болып жоспар түзеп думаның қарауына тапсырды. Дума бұл жоспарды қабылдады. Енді бұл жоспар закон болып шығу үшін государственный советник қаралашық болған.  Государственный совет бұл законды қарап, муафық көрмеген соң, қабылдамады. Тапқан міні, законда әр халық өз алдына бөлініп, земство мүшелерін бөлек-бөлек сайлау болады деп жазылған екен. Бұл закон Г. Советте қабылданбаған соң, бас министр Столыпин отставка сұрап арыз кіргізген, бұл оқиға туралы март ішіндегі газеттер әрқайсылары әртүрлі жазып, Столыпин отставкаға қабылданды.  Орнына Каковсов бас министр болады деген сөздерде сөйлене бастады. Он екінші мартта патша ағзам тарапынан указ болып, Г. Советі менен Г. Дума жиналысы он бесінші мартқа шейін яғни үш күнге тоқтатылды. Он төртінші мартта манағы алты губернаға земство жүргізіледі деп негізгі (түп) законның 87 статьясына муафық указ жария етілді. Столыпин хазіреттері бұрынғы қалпынша бас министрлік орнында қалды. Отставкасы қабылданбады.

«Айқап» журналы

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы