Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Еуропадағы музыкалық конкурста қазақ балдары жулделі болды

Дата: 08 февраля 2011 в 11:00 Категория: Новости культуры

Еуропадағы музыкалық конкурста қазақ балдары жулделі болды

Қаңтар айында елордадағы №2 балалар музыка мектебінің «Жігер» ұлт аспаптар ансамблі «GRAN FIESTA -2011» бай­қауына қатысу үшін Испанияға аттанған болатын.

Жуырда ансамбльдің көр­кемдік жетекшісі Мейрам Омаров редакциямызға атбасын б­арып, ол елден жақсы жетістікпен орал­ғандарын әң­гі­мелеп бер­ді.

«GRAN FIESTA – еу­ропалық дең­гейдегі көпжанр­лық байқау. Оған әртүрлі мемлекеттерден келген өнерлі балалар қатыса алады. Ал, ұйым­дастырушылар алқасы ис­пан­дық Fiestalonia фестиваль комитеті.

Бай­қау жыл сайын Бар­селонаның маңайындағы Ллорет де Мар қала­сында өтеді екен.

Біз бұл мәлі­меттерді интернет ар­қылы білдік. Сосын қалайда бағы­мызды сынап көруге тырысып, ұйымдас­тыру­шы­лармен алғашқы­да интернет ар­қылы байланысып отыр­дық. Олар­ға ансамбльге қа­тыс­ты мә­лімет­терді, су­реттерімізді, со­сын ви­део­ролик­тер жібердік. Сөй­тіп, бай­­қау шақырту келді. Содан тәуе­келге бас тігіп ат­та­нып кет­­тік. Жетістігіміз жаман емес.

30 мем­ле­кет­тен 100 ұжым қа­тыс­қан үл­кен бай­­­қауда екінші орын­­д­ы иелен­дік

30 мем­ле­кет­тен 100 ұжым қа­тыс­қан үл­кен бай­­­қауда екінші орын­­д­ы иелен­дік», дей­ді Мейрам Омаров.

Испан кө­рер­мендері Құр­ман­­ғазының «Бал­бы­рауын», Ж.Ең­­се­пов­тың «Балбұ­лақ», А.Жел­ді­баев­тің «Ерке сыл­қым» күйлерін тың­дап, одан үлкен әсер ал­ғанын бай­қадық.

Осын­дай ауқымы кең, көпжанрлы бай­­қауда (яғ­ни виоленчел, скрипк­а, хореография, во­кал, трио бәрі бар) екінші орын алу үлкен жетістік десек, Испа­ния­ға барып өнер көрсетіп қайтқан жеткіншектердің атын айтпай кету жарамас.

Олар «Жігердің» құра­мын­да өнер көрсететін Диляра Дүй­енова, Абылай Жүсіпбеков, Сұлтан Қаб­ді­рахманов, Жансая Қайрат­қызы, Әмір Қамидоллинов, Айдар Қаркенов, Әлі­шер Мәжитов, Адақ Тайжанов, Те­­мірлан Теміртаев, Мадина Тоқ­мур­зина, Сәния Хусеинова секілді өнер­лі балалар» — дейді көр­кемдік жетекші.

По сообщению сайта Nur.kz