Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

да шойын жолдан шығып кеткен екі цистернаны көтеру жұмыстары сейсенбіге жоспарланған — ТЖМ

Дата: 08 февраля 2011 в 12:30

Алматы. 7 ақпан. ҚазТАГ — Алматының Түрксіб ауданында шойын жолдан шығып кеткен керосин құйылған төрт цистернаның екеуін көтеру жұмыстары сейсенбіге жоспарланған, деп хабарлайды ТЖМ.

«2 цистернаны көтеру жұмыстары 8 ақпанға жоспарланып отыр», — делінген таратылған ақпаратта.

Ведомствоның ақпараты бойынша, 21 сағат 45 минутта үш отын құйғыштың көмегімен 2 цистернадағы авиакеросин құйылып алынды.

«Эвакуацияланған үйлердің тұрғындары өз пәтерлеріне оралып жатыр», — деп хабарлайды ТЖМ.

Оқиға орнын АІІБ қызметкерлері қоршауға алды. ҚР ТЖМ ТЖД өртке қарсы күрес қызметінің күштері тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырды.

Бұрын хабарланғандай, Түрксіб ауданының Жұлдыз ықшам ауданының аумағында орналасқан 3 бес қабатты үйдің 365 тұрғыны мен кәмелетке толмаған 20 бала теміржолдан шығып кеткен цистерналардан керосиннің төгілуінен улану қаупіне байланысты қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы халықаралық әуежайына апаратын жолдардағы апат туралы қалалық жедел әрекет етуші қызметтеріне өткен жексенбі күні сағат 19:23-те хабарланды.

ТЖМ РДО-сына хабарланған жедел мәліметтерге сәйкес, «жанаржағармай құйылған 4 цистернаның қозғалысы кезінде цистерналардың бәрі рельстен шығып кеткен, екеуі аударылып, авиакеросин жерге төгілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ».

Адамдар эвакуацияланғаннан кейін авиакеросин сіңген жерге әуе-механикалық көбік құйылды. Жексенбі сағат 00:20-да 2 цистерна шойын жолға қойылып, қауіпсіз қашықтыққа жылжытылды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы