Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ОҚО «Сарыағаш станциясы» кеден бекеті арқылы тауар алып өту тәртібін бұзған фирмалар Т800 мың айыппұл төледі

Дата: 08 февраля 2011 в 12:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Шымкент. 8 ақпан. ҚазТАГ -Оңтүстік Қазақстан облысындағы (ОҚО) «Сарыағаш станциясы» кеден бекеті арқылы тауар алып өту тәртібін бұзған фирмалар Т800 мың айыппұл төледі.

«Олар (фирмалар — ҚазТАГ) тауарды — қылқан жапырақты ағаш материалын ілеспе құжаттарда көрсетілген көлемнен артық көлемде алып өтпек болған. Бір оқиғада вагондағы тауардың саны мен атауы құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмеген», — деді бекет бастығы Алтынбек Жүнісова. Ол тауарлардың бәрі Ресей Федерациясынан жақын шетелдерге жөнелтілгенін нақтылады.

Бұл фирмаларға қатысты әкімшілік материалдар ашылды. «Фирмалардың әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, өндіріп алынды. Барлығы Т800 мың өндіріп алынды», — деді А. Жүнісов.

ОҚО Сарыағаш әкімшілік сотының шешімімен ҚР әкімшілік кодексінің 429 бабын «Тауарларды декларацияламау немесе тауарларды жалған кедендік декларациялау» (5 факті) және 428 бабын «Тауарлар мен көлік құралдарының кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жалған құжаттарды немесе жалған идентификация құралдарын пайдалану арқылы алып өті» бұзу туралы қаулы шығарылды.

«2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның кеден органдары Кеден Одағының Кедендік Кодексінің шеңберінде қызмет етеді. Теміржол көлігімен тасымалданатын КО-ның барлық тауарлары өтеті «Сарыағаш станциясы» КО құрылымдарының бірі болып табылады.

1АЕК=Т1512

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы