Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бір аптаның ішінде Қызылорда қаласында 8 өрт оқиғасы тіркелсе, солардың екеуі қасақана жасалған

Дата: 08 февраля 2011 в 12:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ — Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Анар Сәменова өткен аптаның аумағында аймақ ауқымында 8 өрт оқиғасының орын алғанын хабарлайды.

Солардың ішінде 2 оқиға ерекше назар аудартады. Олар — арнайы от қоюдың салдарынан болған өрт оқиғалары. Бұлардың бірі Арал қаласының Әуезов көшесіндегі бір үйді шарпыса, келесісі Қызылорда қаласының «Ақмешіт» шағынауданында «Мазда» жеңіл көлігінің жанып кетуіне апарып соқтырған.

Тағы бір жағдайда үйде орын алған өрттен 1965 жылы туған азамат бірінші және екінші дәрежелі күйікке ұрынған. Ал Сырдария ауданы Шаған ауылының клубында болған өрт пеш салу мен оны пайдалануда жіберілген кемшіліктерден шыққан. Ендігі бір өрт электр жабдығынан тұтанған. Тағы бірқатар өрт себептері мен шығындары зерттелу үстінде.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы