Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Батыс Қазақстанда қазақ тілі орталығы еріктілердің көмегімен ұйымдастырады

Дата: 08 февраля 2011 в 13:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Батыс Қазақстанда қазақ тілі орталығы еріктілердің көмегімен ұйымдастырады

Мемлекеттік тілді меңгеру үшін тілдік орта қалыптастыру қажет. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысында айтылды.

Елбасының биылғы Жолдауында қазақстандықтардың 2020 жылға қарай 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі қажеттігі атап көрсетілді.

Бұл оңай міндет емес. Осыған орай «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбеков, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері өз ойларын ортаға салды.

Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының директоры

Үмбетқали Жаңабековтің пікірінше, қазіргі таңда әр үкіметтік емес ұйымнан еріктілердің көмегі қажет.

«Біз тілдік ортаны дамыту жөніндегі қоғамдық инспекция қызметін жандандыру үшін еріктілерді оқытуға дайынбыз. Еріктілер жинақтаған ақпарат біздің институтта сараптаудан өткізілетін болады», деді ол.

Біз тілдік ортаны дамыту жөніндегі қоғамдық инспекция қызметін жандандыру үшін еріктілерді оқытуға дайынбыз

Қазіргі таңда қоғамдық инспекция социологиялық сауалнама жүргізіп, іс қағаздарын толтыруда мемлекеттік тілдің қолданылуын үнемі бақылап отырады.

Сондай-ақ жарнама қызметінде мемлекеттік тілдің орны мен маңызы назардан тыс қалмайды.

Түрлі жарнамада қазақ тіліндегі мәтіннің әлі күнге дейін қате жазылатыны жиі кездесетіні жасырын емес.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік тілдің қолданылуын тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, сондай-ақ кәсіпорындар мен фирмаларда, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарда жандандыру қажеттігі туралы тоқтамға келді.

По сообщению сайта Nur.kz