Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мекемтас Мырзахметов: «Президентке боялған информациялар ғана жетуі мүмкін...»

Дата: 08 февраля 2011 в 17:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Мекемтас Мырзахметов: «Президентке боялған информациялар ғана жетуі мүмкін...»

— Аға, ассалаумағалейкум!

— Аман ба!

— Абай.кз-тен ғой.

— Аха.

— Кеше президентпен зиялы қауым кездесті ғой.

— Иә, кездесті.

— Көптің ішінен өзіңізді де байқадық.

— Иә, кездесуге қатыстым.

— Жалпы президентпен кездесуде қандай әңгіме болды? Әңгімені осыдан бастасақ.

— Онда мынау әдебиетті, өнерді, ғылымды өсіру сол арқылы халықтың санасына әсер ету мәселесі турасында президенттің өзі біраз сөйледі. «Бұл салаларды біз қолдап отыруымыз керек. Сондықтанда мәдениет, өнер  өкілдеріне мемлекет тарапынан азда болса, мынандай заманда қаражат бөліп тұруды мақұл көріп, осыны беріп отырмын», — деді президент. Бұдан бұрын да президенттің сыйақысы  егде тартқан елу адамға берілетін. Қазір енді әдебиеттен, өнерден, ғылымнан елу жасты қосыпты. Сонымен, жүз адамға берді ғой. Сонан кейін кездесуге келген кісілер сөйледі. Барлығы саясатты мақұлдап жатты.  Елбасы өз тарапынан сайлау келе жатыр соған өнер адамдары, ғалымдар  қатысып пікір білдіруі керек. Дуалы ауыздан шыққан сөз халыққа ертерек жетеді. Өнердің күшін пайдалану керек дегенді айтты.

— Кездесуге көңіліңіз толды ма?

— Мен онда сөйлеген жоқпын. Бірақ, мақсаты дұрыс. Негізгі мақсат халықтың тыныштығы, мемлекеттің ішкі әлеуетін өсіру. Қазіргі кезде қолданып жатқан индустриялық саясат бар ғой, сол мәселеге біраз тоқталды. Оның себебі, біз қазірше тек қана шикізатты тірек етіп отырғанмен, оның таусылатын күндері болады.  Сол себепті  біз тұтынатын заттарды өзіміз жасауымыз керек. Сыртқы бәсекеге төтеп беретін заттарды осы бастан зауыт, фабрикаларды салып отырып, өндірісті күшейтіп, даярлық жасауымыз керек. Бұл — қоғамның алдындағы үлкен міндеттерінің бірі. Ол үшін қазірден бастап қажетті мамандарды дайындауға тиіспіз.  Осы жайттарға біраз тоқталды.

— Енді зиялыларға келейік. Кеше анау «Хабар», «Қазақстан» арналарынан   кездесудің барысын көрсетті. Көрдік. Сонда бір байқағанымыз, президенттің қабылдауында болған өзіңіз айтып отырған ақсақалдарымызбен жастарымыз бүгінгі — сіз бен біз көріп жүрген елдің нақты жағдайынан сөз қозғамады. Бәрі де сол бұрынғыдай баяғы өткен замандағыдай мадақ жырлары мен мақтау сөздерін арнап жатты.

— Себебі, сөз бергенде анау өздері белгілеп қойған адамдарға берді. Реті солай екен.

— Белгілеп қойған ба екен?

— Иә, соларға ғана сөз берді. Ал, басқаларға сөз берілген жоқ. Бірақ, сөйлегендердің бірде-бірі қазіргі қоғамның кейбір жағдайлары туралы сөз айтпады. Мен өзім сұранып, сөз алуды ыңғайсыз көрдім. Мені алаңдатып отырған мәселе — Қазақстандағы діни ахуал. Осының алдын алмаса, болмайтын жағдайға бара жатыр. Табынып бара жатыр. Осыларды айтпақ едім, оған ретім келмеді. Басқа бір жерде айтармын дедім де қойдым. Я бір мақала жазармын.

Жалпы бізде діннің тарауы, соның тарихы мына сырттан келген діндердің  мақсаты  туралы  толық ұғым болу керек қой.

— Өте дұрыс айтасыз, аға.

— Қазіргі кезде шабуылдың бәрі неге кетіп жатыр? Анау христиан дінінен келетіндердің де мақсаты — ұлттық дәстүрімізден мақұрым қалдыру. Одан кейін космополиттік нигилистік идеяны тарату. Ал енді мұсылман дініне келетін болсақ, бұрын біз қалыптасқан мыңдаған жылдар бойы ұстанған жолымыз бар болатын. Қазір  уахабистерің де Имам Ағзамның жолындамыз дейтін болыпты. Бет пердесін сонымен жабады. Сөйтеді де, насихаттарында уахабистік жолға үндей бастайды. Мысалы, анау «Асыл арнадан» беріп жатыр «Лә иллаһа ил Алла, Мұхаммед расулалла» дейміз ғой, ал олар «Мұхаммед расулалла»-ны алып тастап отыр. Бұл барып тұрған салафиттік дінді біздің арамызға екіжүзділікпен таратудың көрінісі. Тарататын болса, ашық тарату керек. Ал, бұлар біздің алдайды. «Біз Имам Ағзам жолындамыз», — деп шыға келеді де, былай барып әлгіндей насихат айтады. Осы мәселелердің бәрін ашық  айтуымыз керек енді.

— Сіз айтып отырған мәселе бүгінгі күні расында да өте қауіпті болып тұр ма?..

— Енді белгі бере бастады. Әуелі біздің бес баламыз барды да Шешенстанда қайтыс болды. 21 адам түрмеден қашты. Өздерін өздері жарып тастады. Оның ішінде ғылым кандидаты бар. Ол кетті. Енді кеше Халықтың молаға қойған ескерткішін қиратқан сегіз-тоғыз бала ұсталды. Бұл бер жағындағы көрініс қана. Ертең жарылыстар басталады. Фанатиктер даярлап жатыр олар. Фанатик емес, барлығына саналы түрде қарайтын адамдарды дайындауымыз керек.   Әрине, бұның күшінің бәрі сырттан келіп жатқан ақшада ғой. Мен мысалы, Америкаға барып ислам дінін таратқым келеді. Бірақ мен ол жерге жете алмаймын да ғой. Маған ақша берсе, мен кетер едім.   Ал,біздегі исламға жат ағымдарды насихаттайтындарға ақшаны кім беріп жатыр, неге беріп жатыр? Бостан-босқа ақша бермейді ғой. Оның саяси астары болады. Сол саяси астарға қызмет етіп жатқан бізде адамдар бар. Анау кришнаиттер, ахмедизмдер, уахабистер. Ашық пікір алаңына шығуымыз керек солардың бәрімен.

— Осындай шетін мәселелер ұлтқа, мемлекетке қауіп төндіріп, қоғамда алаң көңіл тудырып тұрғанда, біздің зиялылар президентке осыны айтпай неге  баяғы өздері салған соқпақпен кетті?

— Ол енді әркімнің өзінің правосы ғой. Президентке жақсы атты болып көрініп қалайын деп проблема айта қоймаған шығар. Мен сөйлегенде сөз жоқ жаңағы мәселені айтпақ едім. Бірақ сөз бермеді. Министр Құл-Мұхамед ана кісі сөйлейді деп фамилиясын айтып, сөз беріп отырды.

— Құл-Мұхамед өзі басқарып отырған екен ғой.

— Иә, өзі басқарып, сөзді сол беріп отырды.

— Жалпы президенттің еліміздегі нақты жағдайдан хабары бар сияқты ма?

— Хабары болуы керек қой. Информация   ол кісіге қалай жетеді, о жағын білмеймін. Ол кісіге информацияны бояп беруі де мүмкін. Көп жағдайда хандардың, елбасылардың трагедиясы осындай жалған, ғылыми негізсіз информацияны алуында. Әйтпесе, ол бәрін біліп отыратын компьютер емес.

— Әрине.

— Жанында кеңесшілері болуы керек. Сол кеңесшілері оған шындықты айту керек. Сонда белгілі болады. Әйтпесе, біздің президент алғыр, сезеді мәселенің бәрін. Мәселе оған ден қоя білуінде. Оны баяғыда байқағаным.  Жамбылда президент Назарбаевпен жазу және ұлттық идеология туралы екі мәселемен жеке кездескен едім. Сонда менің сұрағым екі-ұш ай бұрын кеткен. Қиын сұрақтарды президентке айтуы керек қой, мынаған мынадай жауап, анаған мынадай жауап дегендей. Сонда президентті дайындамағаны байқалды. Өйткені, ата жазу мәселесінде «Ол қандай жазу?», деп ол кісі менен сұрап отырды. Сол кезде мен түсіндіргенмін. Анау Орхон-Енисейде ойма жазу болады. Дүниеде бірінші жаралған. Біз соны алсақ, бәленің бәрінен құтылар едік дедім ғой. Және латын жазуын алу керек деген мәселе сол жерде айтылған. Біртіндеп асықпай, ағайындарымыздың бәрі соған өтіп жатыр. Соны алатын шығармыз деген. Осындай мәселелер болған. Президентте пенде. Ол бүкіл қоғамдағы құбылыстарды, ағымдарды біле бермейді. Оған жеткізіп отыру керек.

— Президент кешегі кездесуде үш тұғырлы тіл мәселесін тағы да сөз етіп отырды.

— Иә, оны айтты. Жұмсартып айтты. Жалпы түбінде біз өзіміздің ана тілімізді білу, екіншіден орыс тілін білуіміз керек. Өйткені, тағдыр бізді олармен шекаралас жасаған. Әзірше информацияның көбін солар алады. Ал енді сыртқа шығуға келгенде сауда-саттық, экономиканың тілі ағылшын тілін білмей болмайды. Онысына мен дұрыс деп қараймын. Мәселе ана тілімізді тұғырына тұрғызу керек. Ол өз орнына тұрған соң, қанша тілді білсеңде қауіпті емес.  Себебі, оны өмір талап етіп отыр. Сондықтан үштұғырлы тіл мәселесін теріс дей алмаймыз. Ал, оны былай бұрмалауға болмайды. Бірінші тіл — өзіміздің ана тілімізді тұғырына тұрғызуымыз керек. Ол әлі тұрған жоқ. Екіншіден, әлеммен қатынас жасаған кезде біздің жастарымыз соны білуі керек. Сауда жүргізеді, басқа да салада жұмыс жүргізеді. Шетелдерге бардық қой. Маңырай-е-е-п тұрамыз. Тіл білмейміз. Осы тұрғыда қажеттіліктен туындап отырған нәрсе деп түсіндірді.

— Президен степендиясына әдебиет, өнер, ғылым саласынан елу жасты қосыпты деп жатырсыз. Ақсақалсыз, ақсақалдың көзқарасы тұрғысынан қарағанда, артыңыздан еріп келе жатқан іні-қарындастарыңыздың деңгейі жалпы, зиялылығы қаншалықты екен?

— Бұлар білімі бар адамдар ғой. Бірақ көбі уызынан жарымаған. Уызынан жарымағаннан жақсы жақсы әртіс, жақсы ақын, жақсы ғалым өліп кетсе де шықпайды. Уызынан жаруы керек. Олжасты дүниежүзі біледі. Бірақ, ол уызынан жарымаған ақын. Сондай біреулер шығатын шығар. Қазіргі әндерді көріп отырсың ғой. Ән бе солар?! Ыңылдаған, мияулаған нәрселер. Біз бұрынғы жырды, дастандарды, дәстүрлі әндерді тыңдаймыз да бұларды тыңдамаймыз. Неге? Тіпті, оларды өздері де тыңдамайды-ау.

— Жиынның соңында президенттің қабылдауында болған зиялылар сайлауда Назарбаевты қолдайтындарын айтыпты.

— Иә, айтып жатты.

— Нұрекеңді өзіңізде қолдайсыз ба?

— Жағдайға байланысты көреміз.

Сұхбаттасқан Өміржан Әбдіхалықұлы

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы