Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Машкевич Отанына оралман болып оралды

Дата: 08 февраля 2011 в 17:30

Машкевич Отанына оралман болып оралды

ENRC Plc металлургиялық алыбының бас алпауыты Александр Машкевич Израильде оралман мәртебесін рәсімдеді, деп хабарлайды IzRus «ТМД елдерінің дәулетті еврейлерінің бірі қайтадан израильдік атанды» атты хабарында.
Бұл турасында бүгін аталған дерек көзіне сілтеме жасай отырып ҚазТАГ төмендегі жайттарды жария етті.

«Бұрынғы Кеңес одағының кеңістігіндегі дәулетті адамдардың бірі және Еуроазиялық еврейлер конгресінің президенті Александр Машкевичке«оралған азамат» («тошав хозер»)куәлігі берілді. Бұл мәртебе көп жылдардан соң шетелден оралып, тұрақты өмір сүруге келген Израиль азаматтарына беріледі. Құжатты абсорбция министрі Софа Ландвер және осы ведомствоның бас директоры Дмитрий Апарцевтабыс етті. Қазақстандық магнат енді дәулетті израильдіктердің бірі атанды», деп жазады портал.

«Мен өзімді әрқашан израильдік ретінде сезінетінмін. Израильде көп уақыт өткізіп жүрмін, менің үлкен қызым 2010 жылы Израильде бес айдай болды. Менің отбасым түгел осында ұзақ уақытқа келіп кетіп тұрды. Мен Израильді жақсы көремін және осы жерде ғана бақыттымын!» — деп ағынан жарылды А. Машкевич.

Сондай-ақ, А. Машкевичке Израиль Мемлекетінің дамуына қосқан үлесі үшін ең құрметті награда — «Герцлий қалқаны» медалі табыс етіледі. «Бұл марапат — мен үшін үлкен құрмет, өйткені «Герцлий конференциясы» — Израильдің стратегиялық жоспарлары талқыланатын ең мықты интеллектуалды алаң, — деді Машкевич IzRus порталына.

«Мені коференция президиумының мүшесі және «Еврей халқы» секциясының төрағасы қылып сайлағаны болашаққа берілген «алдын ала алғыс» сияқты. Адамдар менің мұны шын жүректен, шын ниетпен жасап отырғанымды сезеді. Осы марапатты барынша ақтауға тырысамын», — деді ол.

Израильдік порталдың хабарлауынша, А. Машкевич «Израиль экономикасына нақты инвестициялардың» тұтастай бір пакетін қарастырып отыр, осылайша, әлемдегі шығу тегі еврей ірі кәсіпкерлерге оң үлгі көрсетуде. Израильдің абсорбция министрлігінің баспасөз қызметі А. Машкевичтің Софа Ландвергерепатриант-ғалымдардың жобаларына сүйене отырып, жоғары технологиялық жобаларға қаржы инвестициялауды жоспарлап отырғанын айтқан.

ENRC иелерінің бірі А. Машкевич ENRC акцияларының 14,59% иелік етеді. 2010 жылдың наурызында  Forbes оның жеке байлығын $3,3 млрд деп бағалаған болатын. Миллиардер израильдік истеблишментпен:өнеркәсіп және сауда министрі Биньямин Бен Элиэзермен, президент Шимон Переспен тығыз байланыс орнатқан. А. Машкевич Қазақстан және Израиль азаматы болып табылады.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также