Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Назарбаев әйгілі әнші Бағланованың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтады

Дата: 08 февраля 2011 в 19:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Назарбаев әйгілі әнші Бағланованың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Роза Тәжібайқызы табиғат берген таңғажайып даусымен, тамаша орындаушылық шеберлігімен, азаматтық және отансүйгіштік асыл қасиеттерімен халқымыздың ерекше құрметі мен махаббатына бөленген жан еді. Оның орындауында кез келген әлем халықтарының әндері өзгеше құлпырып, тыңдаушының құлақ құрышын қандыратын. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол майдан даласын аралай жүріп ән шырқап, жауынгерлерді ерлікке жігерлендірді», — деп келтірді баспасөз қызметі жедел хат мәтінін.

«Өзі өмірден озғанымен, ол кісінің мол ән мұрасы ғасырлар бойы халқымыздың жүрегін баурап, жанына нұрлы шуақ сыйлай береді деп сенемін», — делінген жеделхатта.

Бағланова сейсенбіде 89 жаста қайтыс болды.

Жерлеу қаланың Кенсай мүрдесінде 10 ақпанда өтеді.

По сообщению сайта Nur.kz