Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Еркеш Құрманбекқызы : «Кеңістік пен тіршілік қана мәңгілік»

Дата: 09 февраля 2011 в 04:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Еркеш Құрманбекқызы : «Кеңістік пен тіршілік қана мәңгілік»

«Ақсарбас»  — арғы бетте таспаланған тағы бір сәтті фильм (қазақ қуанышы мен жұбанышына, әлде бір тәуекел еткен ісіне ақсарбас  атайды). Көңілге ыстық көріністер көшін тізген көркем фильмде сүйгені үшін тәуекел ете алған — қайсар, тағыдырына тәкаппарлығын жеңдірмей көнген   — өжет қазақ әйелі мен бабалар дәстүрі, тұрмыс-салт белгілері айқын көрініс тапқан. Бұрынғы арда қазақтың ұрпағын  жатқа бермеуі, ғашықтардың домбыра, қобыз үнімен  сырласуы, боталы інгеннің басындағы кеп «Ақсарбастың» ішікі лейтомотиві болып табылады.   Фильмнің сценраийін жазған Шыңжаңдағы (ҚХР) Жазушылар одағы төрағасының орынбасары — Еркеш Құрманбекқызы, бас режиссері — Орталық телевизия бастығының орынбасары Гау Фың, бас продюсері — Шың Зы Жүн.

Фильмдегі басты кейіпкерлер.

Үкібала (Ақтай салды ұнатып, ата-анасының ұзатпақ болған  жеріне бармай, сүйгенімен  қашып кетеді де, кейін Қастермен бас құрайды. Фильмнің соңында Ақтай салдың ауылында қалған қос жетімегін сағынып ботасын іздеп боздаған аруана кейпіне енеді).

Ақтай сал (Үкібаланың ғашық жары. Жастай дүние салады).

Қастер (даланың тау мінезді тұйық жігіті. Үкібалаға үнсіз ынтық болады. Ұзатылып бара жатқан Үкібалаға өз қолымен күміс ер шауып береді, кейін ынтық зарымен аз ғана күндер жұптасып өмір сүреді).

Қали (ақынжанды арманшыл бала. Фильмдегі оқиғаның кейбір тұсы Қалидың естелігімен баяндалады).

Сара апа.

Абыз қария.

Фильмде Абайдың өлеңдері оқылып, әндері айтылады.

(Төмендегі сұхбатымыз жазушы Еркеш Құрманбекқызымен фильмдегі әсерлі көріністерді әңгіме ете отырып жалғасын тапты).

-Абыз қария ерте көктемде алажонданып жатқан  жердің  бетінен  ақсарбас қозыны тауып алады да, жақпартастарға сурет ойып  тұрған балаға әкеліп береді. Фильм осы көрініспен басталып, осы көрініспен аяқаталыпты.  Неге?

— Қария балаға қозыны берместен бұрын, «сен мына суреттерді үш мың жылдан бері ойып, түсіріп келесің бе?» деп сұрайды ғой. Әңгіме осы сұрақта. Жақпартастағы суреттер. Абыз қария. Арманшыл бала. Көшпенлі тұрмыс. Мәңгілік осылайша жалғасып жатыр. Түсі, түрі ғана ептеп өзгеруі мүмкін, бірақ, біздің тереңнен тартқан алтын тамырымыз сабағын үзген жоқ.

Яғни, жақпартастарға таңбалар бейнесімен түскен уақыт керуені ғасырлар қойнауынан шықты да киноға айналып кетті.

— Иә, ғасырлар қойнауынан шыққан уақыт керуені дегеніміз дұрыс. Киноның басындағы бала Қалидың жігіт болған кезінде де Үкібаланың соңынан қарап тұрып өзі сурет сызатын жартастарға қайтып баруында сондай мән бар. Бірақ мен осының бәрін кинода кино тілімен ғана жеткізе аламын.   Музыкамен және  әртістердің ойнымен аңғартамын.    Уақыт керуені дегеннен шығады, Үкібала (келін) мен Сараның (ене) екеуі бір ананың образын сомдады десе болады. Ал енді осы бір әйел үш мың жыл алдын өмір сүрсе керек. Тіпті одан да бұрын тірлік кешті деп ойласақ  қателеспейміз.  Ол және бүгін де өмір сүріп, қасымызда жүр.

Ел жайлауға жаңа келіп қонып жатыр. Сара апаның ошағындағы от тұтанбай қояды. Сонда Сара апа  көршілерінен от алып келу үшін бала Қалиды жұмсайды.   От алып келу — қырдағы ауылдың ішіндегі ақпаратты (бүгінгі тілмен айтқанда) таратудың да бір түрі ғой. «От алып келген әйелдің отыз ауыз сөзі бар» деген. Осы жағын бір баяндап кетсеңіз.

— От алып келуді мен кино сюжетіне арнайы енгіздім. Негізгі информацияны тасушылар көшпенді тұрмыста от алып келуші әйелдер, балалар болған. Қысқасы,  бір үйдің арық-тұрақ малы жоғалып кетсе де оның  қай сайда қалай қарап тұрғанын ат үстіндегі жолаушылар от тасып жүрген әйелге немесе ауылдың қара сирақ балаларына   айтып кетеді.   Біз бала кезімізде талай от алғанбыз. Сол сәттер есімде қалыпты. Кино түсірсем, немесе  кино сценарий жаза қалсам, пайдаланармын деп ойлап жүруші едім. «Ақсарбасқа» дөп келе кетті.

Сіз от әкелуді кино әлеміне әдемі енгізіп жіберіпсіз. Біздің қазақ киносында қазақтың дәстүрлі өмірін көрген, сол ортадан шыққан адамдардың өздері бұл жайтты ескерусіз қалдырып келіп еді. Екінші жағынан бір үйдің ошағында лаулап жанған от бүтін  ауыл отының сөнбейтінін, бір ауылдың бір ошақтан жылынатынын білдірсе де керек.

Жоғарыда әңгіме от әкелуден басталады деп қалдық қой,       Үкібаланың еріксіз ұзатылып бара жатқаны ауылға алдымен ақсарбас қозының иесі бала Қалидың аузынан тарайды емес пе?

— Иә, солай. Үкібала Қалидан «үйлеріңде кім бар?» деп сұрады. Қали  «Қастер ағам бар» деді. Үкібала «кім болса соған айтып бар» деді.  Қали Үкібаланың ол сөзін өзінше топшылап, Қастерде көңілі бар екен деп қалады. Үкібала солқылдап әдемі өскен бойжеткен. Жас бала үшін менің жеңгем болса ғой дейтін қас сұлудың өзі. Бұл да дала баласына тән арман емес пе (күлді).

Фильмде бізді сүйсіндірген жарасымдылық  — жеңгесі мен қайын сіңілісінің ара қатынасы, екеуінің жақындығы. Жасыл белде гүл теріп жүріп жеңгесі Үкібалаға Ақтай сал туралы айтады. Оның әндерін қыздар сүйіп тыңдайды дейді. Осы кезде Үкібаланың ойына Ақтай сері кім деген сауал ұялаған сияқты. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» демекші,  өнерлі азаматтың өзінен бұрын мырза ауылға дақпырты жетпей ме?  Дегендей-ақ, Үкібала ұзатылар кезде Ақтай сері ойын сауық құруға ауылға келе қалады.  Бір таңқаларлығы,  ауылдың ибалы бойжеткені, әке шешесінің айтқанына көніп отырған қыз Ақтай салдың дауысын естігенде алдынан жүгіріп шығады. Бұл жерде «тосын оқиға мен қызық» үшін режиссер  әлгіндей шешім қабылдаған сияқты ма, қалай?..

— Иә, бұл қызық шешім болды.  Ол екеуін, мәселен өзеннің бойында кездестірсек те болатын еді, бірақ ол жаңалық емес. Өйткені бұдан бұрынғы киноларда бұндай көріністер болған. Бір шындықты айта кетейін, кино түсіру барысындағы ойлаған көрінісімізде  Үкібала топ қыздардың ішінде жасырынып тұруы тиіс-ті. Атағы алысқа кеткен сұлуды Ақтай сал (Нұрлан Әлімжан) көзімен іздейді. Қанша дегенмен бай, шонжар ауылдың қатаң бағуындағы қыз салдың көзіне бірден түсе қоймауы керек қой. Күйеуге шыққалы жатыр. Бірақ  осы көріністі таспалай алмай-ақ қойдық. Біз киноны түсіріп бастаған кез жетінші ай еді, жаздың нағыз дер шағы. Маңайдағы қыз-келіншек, жігіттердің барлығы шөпке түсіп кетіпті.  Жалпы жиынның көрінісін 200-дей бұқара әртісі (аудан, ауылдағы мәдениет қызметкерлері.-ред) кейіптеп жүрді. Көбі шал кемпір. Олардың әрекеттері шынайы шықпады.  Ал, кино болса уақытына қарай тарау-тарауымен түсіріліп жатты. Сол күні бас режиссер келіп еді. Бас режиссер: «Менің бір ойым бар. Неде болса, бұқаралық әртістерді түгелдей түсіріп алайық. Әйетуір, осы көріністі көрсету керек болған соң, жасау үйде отырған қыздармен бірге Үкібала да жүгіріп шықсын», —  деді. Сөйтіп, алдындағы түсірілімдерде айқын көрінген бұқаралық әртістер мен кәсіби әртістердің бет-бейнесіндегі айырмашылықтар білінбей кетті. Әйтпесе, Ақтай салдың алдынан жүгіріп шығатын қыздардың көбі биші қыздар екен де, олар өздерінің бишілік қалыбынан шыға алмай жатты. Олар бишілік жүріске салған кезде  жасандылық көп байқалды. Сөйтіп,  күтпеген жерден Үкібаланы Ақтай серімен кездестіріп жібердік.

— Ақтай салдың алдынан жүгіріп шығуы   — Үкібаланы күтіп тұрған үлкен тағдырдың нышанындай  аңғарылды бізге.  Үкібала қадырлы ауылдың сәнімен бой жеткен ұяң қызы болғанымен таңдау жасаудан тайынбайтын, сезіміне де ерік бере алатын қазақ қызының табиғатын танытты.  Қызды байлап матап ұстау, малға сату дәстүрлі дала тұрмысында болмағанын және білеміз.  Дәстүрді дала тұрмысында қазақ қызының еркіндігі сақталған, ерлігі дәріптелген.  Сондықтан да,  Үкібаланың Ақтай салдың алдынан шығуын еркелік демесек, ерсілікке балай қоймадық.  Үкібала Ақтай салдың алдынан шығып қана қоймайды, өз сезімін қобыз үнімен жеткізеді. Кинода тауып кеткен тағы бір жаңалығыңыз — ғашықтардың музыка тілімен сөйлесуі болды. Ақтай сал  жиын ортасында   елді ерен риза етіп Үкілі Ыбырайдың әнін айтып отырады. Сөйтіп отырған кезде үй ішіндегі Үкібала Ерденнің күйін қобызбен тартып, өзінің зар-мұңын салға жеткізеді. Бұл қалай ойыңызға келді?

-Бұл сұрақты өте жақсы қойдыңыздар. Дәл осы адамның ішкі күйін музыкамен бейнелейтін дәстүр қазақтың аңыздарында көп айтылады. Ондай аңыздардың көбін бала кезімізден тыңдап,  бала кезімізден құлағымызға құйып өстік. Кейін келе оқыдық. Оқыған кезде маған ерекше әсер етті. Бұл дәстүр басқа ұлттарда жоқтың қасы. Өйткені, қазақтың сахаралық мәдениеті, заңы, мұрасы бар. Бір нәрсені төтесінен айтса, бірін қалжыға сүйеп айтады. Ал, енді тілмен айтып жеткізуге келмейтін дүниені домбырамен, қобыз үнімен жеткізеді. Шіркін, бір туынды қолыма тисе, соған  қазақтың  музыкамен тілдесетін дәстүрін алып шықсам деп армандайтынмын. Сөйтіп, жүргенде осы киноны түсірудің сәті бұйырып  музыка арқылы тілдесуді, түсінісуді көрсете алдық. Әрине, жан-дүниеңнің тілеуін, күрделі күйін тілмен жеткізуге де болады. Бірақ, қобыз шала отырып жеткізу   — тек қазақта ғана бар ғажайыптың бірі. Қазақтың сахаралық мінезі. Өйткені, айтуға келмейтін, өте-мөте ауыр көңілдің күйін муызкамен жеткізу тек қазақта  ғана бар екен. Мүмкін, басқа ұлттарда да бар шығар, оны білмедім.

-Сіз қытай мәдениетін жақсы білесіз. Ғашықтық пен махаббат сезімін муызкамен жеткізу, қандай да бір музыкалық аспаптың үнімен білдіру қытайларда бар ма?

— Бәлкім бар да шығар. Бірақ мен салыстырмалы түрде деп ойлаймын. Қытайдың кейбір киноларында өздерінің «арху» деген ұлттық аспаптарында ойналатын музыкалары және аңыздары бар. Бірақ онда негізінен  музыкаға тағдырды қатыстырады. Ал, дәл осы кинодағы сияқты адамның жан күйін музыкамен тілдестіруді көрген жоқпын.

-Кинодағы оқиғалар қисса-дастандағылардай қысқаша баяндалып отырады. Оны неге қостыңыз? Қытайға, басқа да көрермендерге түсінікті болу үшін бе?

-Тура айтасыз. Өйткені, біз бұл фильмді тек қана қазақ қауымына арнамадық. Менің негізгі ойым — қазақ әлемін кино арқылы да Батыс елдеріне, Америка құрлығына, Африкаға, Жапонияға әйгілеуге болады. Сондықтан   өзімізге ұғынықты жайттерге   баяндау тәсілімен түсінік беріп отыруды жөн көрдік . Кино басталған кезде бала Қали «Сарбас, сарбас» деп қозысын шақырып, іздеп жүреді. Шындығында, қазақта малға ат қойып, шақырмайды. Ал, бұл жерде қозының «сарбас» аталуы өзге мәдениет аясында өмір сүретін жұрттарға  түсінікті болуы үшін жасалды . Себебі, Батыс елдері әрбір хайуан мен мақұлыққа ат қойып, шақырады.  Біз кинода өз табиғатымызды сақтай отырып халықаралық тілде сөйлей білуіміз керек. Және сол тілмен байланыс жасауымыз шарт. Кино барысында мал сойған сәтте алақан жайған Қали мен Қастер қолдарын жоғары, көкке көтереді.  Соның барлығында да ой бар. Біз, қазақ, мал соярда қолымызды кеуде тұсымызға ғана көтеріп, бет сипаймыз. Ал, бұл басқа тілге, мәдениетке барғанда олар мұны түсінбей қалады. Сол себептен де кейбір әрекеттерді үлкейтіп, анықтап көрсеттік. Түсінікті болуы үшін. Өйткені, кино түсіру барысында  қытай азаматтары: «Бұл не? Не істеп жатырсың?» —  деген сауалдарды жиі қойып жүрді. Содан барып, «Ә, мұндай нәрселерді анықтап түсірмесек, өзгелерге жеткізе алмайды екенбіз», — деген ой келіп, ол әрекеттерді анықтап түсірдік.

-Киноның желісімен сұхбатымызды жалғастыра берейік. Келесі көрініс. Ақтай салдың қызы ұзатылатын аулда  біраз уақыт жатып қалуы қалай? Ауылға келген бетте ат үсітінен еңкейіп Үкібаланы алдына алып отырғызды. Үкібаланың болашақ күйеуіне деген енжарлығы да байқалды. Бұдан кейін Ақтай салдай қасқыр жігітті сол ауылда «қамап» ұстап отыру қауіпті болмады ма?

—  Соңғы жылдары  сал-серілер туралы көп ойландым. Сал-серілер мәдениеті — соңғы бес ғасырдағы қазақ мәдениетінің ерекше бір шоқтығы екен. Бір жағы олар батырлар, екінші жағынан қазақтың өнері мен мәдениетінің саф үлгісін жасаған  да  солар. Сал-серілердің  бойында рухани асқақтық бар. Дүниені құндылық тұрғысынан дәріптеушілер. Күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан қазақтың классикалық  әндерінің 60-80 пайызы осы сал-серілердің әндері. Сөйтіп сал-серілер мәдениетін бағамдауыма тура келді. Олар қалай тұрды, қалай жүрді, қалай киінді? Олардың ер-тұрмандары қандай болды? Бір ауылға барғанда халықпен қалай мәміле жасады? Сал-серілігін қалай көрсетті?   Осылардың барлығын зерттей келіп, фильмге сал-серілер образын енгізу керек деген шешімге келдік. Ал енді Үкібаламен оқиғаны қабыстыру үшін логикалық түрде оны жаратуымыз керек болды. Сол кездегі қазақтың байының бір жасаған салтанаты  — «отыз күн ойын, қырық күн тойын» деген сөздің нақты көрінісі болған. Ол неге дегенде, бір қазақ той жасаса, алыс-жақындағы көңіл жеткен ағайын-туыстың бәрін шақырады. Ол кездегі қазақ ауылдары бір-бірінен шалғай отырады. Олардың тойға келіп сыбағалы бір қойдың басын мүжіп кетуінің өзіне аз дегенде орта есеппен үш-төрт күн кетеді екен. Яғни ойдағы, қырдағы жұрт тойға келіп кетіп, қызды ұзатып салғанша отыз, қырық күн өтеді екен. Сол уақытта сал-серіні ауылда арнайы ұстап отыратын болған.

-Бұны сұрап отырған себебіміз, бізде қазір шолақ пікір айтатын  сыншылар көп.  Олар көре қалса, «Қызды ұрлап кетейін деп жүрген жігітті сонша уақыт ауылда ұстау — режиссер мен сценарийстің қателігі» деп шығар еді. Бірақ, Ақтай сал Үкібаланы алып қашқан кезде салдың қасында адам болмады ғой? Оның нөкерлері қайда? Жоқ,  әлде қысқарту болды ма? Мүмкіндіктеріңіз солай болды ма? Қаражат жетпей қалды ма?

- Қаражат жағынан тапшылық болған жоқ. Қазақстанда қалай екенін білмеймін, бірақ,  Қытай елінің кино дәстүрінде фильмде басты кейіпкерлер мен түйінді ойға басымдық беріледі. Сондықтан, салдың жанында нөкерлер болатын болса, онда көрерменнің ойын бытыратып жібереді.  Кинода айтқың келген ойыңды, көрсетпек кейіпкеріңді тұнық әрі айқын етіп көрсету басты талап. Екінші жағынан мұның техникалық мәселесі де бар. Мысалы, салдың жанындағы нөкерлері болып түскен адамдарды алыс ауылдардан  шақырып алып келеміз, келесі күні олардың жұмысы болып қалады. Және біздің көріністі алатын жеріміз бен жатын орын аралығы алпыс шақырым. Күнде таңертең алпыс шақырым жол жүріп отырдық. Түнде иір-иір тау жолымен әбден қалжырап, шаршап жатар орынға жетеміз. Үш сағат қана ұйықтап ертесі таң нұрында қайта жолға шығамыз. Сондықтан, салдың қасындағы нөкерлерін ойнаған адамдардың мүмкіншілігі болмады.

Олар сонда ауылдың азаматтары ма?

Ауылдың азаматтары болғанда, аймақтық ойын-сауық үйірмелерінің қызметкерлері ғой. Солардан шақыртамыз.

— Содан Үкібаланы Ақтай сал алып қашып кетті. Қызының бұл қылығына төзе алмаған ата-анасы көз көрмес қиянға көшті. Біздіңше, осы жерде сіз Қозы-Көрпеш Баян сұлу секілді лиро-эпостық жырдың «көшіп кету», яғни кеңістікке сіңіп кету сияқты әфсаналық тұсын  киноға енгізіп жіберген сияқтысыз.   Сарыбайдың жалғызына  қызын бергісі келмеген Қарабай да қиянға көшіп кетеді емес пе.

Шыңжаңдағы «Халық» баспасы ғашықтар дастанынан екі жүз дастанды жинақтап, он екі томын шығарып үлгерді. Сонда осы шығармалардың бәрі бар. Томдарды түгел оқымасам да, түйінді шығармаларды шолып шықтым. Қазақтың дәстүрлі әдебиетінде көтерілген тақырыптың негізгісі осы  — өкпелі жақтың алысқа ауа көшуі екен. Соны көріп, дастандардан деталь енгізсем деген едім. Себебі, қарап отырсаңыз,  дастандарда, батырлар жырында, тіпті қара өлеңде де осы бір деталь бар. Мысалы, «аулың көшіп барады таудан асып, таудан асқан бұлттармен араласып», -деп келеді ғой әндердің өзі.

— Келесі көрініс шыққанда арада бес жыл өткені айтылады. Ақтай салдың дүниеден озғаны мәлім болады. Осы жерде бірер көріністер қиылып қалған сияқты. Өйткені, Үкібаланы таудың мұздай суына әкеліп салып, «Дүзіқара, Ақтай салдың топырағы суымай жатып» дегендей ауыр сөздер айтып, «Сенің жазаң осы» дейді үкімшіл топ. Бұл  «Шолпанның күнәсіндегідей» күйеуінің талақ етуінен кейін әйелдің үстіне қырық шелек суық су құйып, тазартып алу деген сенім ғой. Осы жерде оқиғалар монтаждалып кеткен жоқ па? Мұртты қара жігіт отыр күжірейіп. Үкібала мен соның арасындағы оқиға қиылып кеткен жоқ па?

— Ол жерде ешқандай көрініс қиылған жоқ. Ақтай салдың дүние салғанын, одан кейінгі жайларды түсірсек, ол көп болып кететін еді. Бұл көріністің түсірілуі — көрермендерге түсінік беру ғана. Әйтпесе, мұртты жігіттің ешқандай қатысы жоқ. Бірақ,  сол жерде Сара апаның «Жарайды, жазалауларың жетті ме? Мен алып кетейіне бе?» —  деп айтатын бір-екі ауыз сөзі бар еді. Сол қиылып кетті. Бұл көріністе қытай көрермендері үшін Үкібаланың Қастермен тағдыр қосуын  таныстырып өту ғана қажет болды.

— Киноның режиссері қытай азаматы екені белгілі. Режиссер болған соң, негізгі шешімді сол қабылдайды ғой. Сондықтан, ол  кейбір тұстарды өзінің дүниетанымына қарай қысқартып отырды ма? Өз көрермендеріне лайықтап дегендей.

— Бір жағы өз көрермендері және кең көлемдегі көрермендер сонымен бірге, фильмнің сыйымдылығы... бәрі ескерілді Жалпы, кино түсіріліп біткен кезде біз бес сағатқа жуық материал алдық. Қысқартылған тұстардың бірі — киноның соңына таман Үкібаланың енесі Сара апай «Әлгі дегенің рас па?» дейді. Соның алдында Үкібала мен қайны екеуі тоғайдың ішінде отын теріп жүргенде Үкібала қайнысына: «Менің көңіл-күйім ауыр жүр. Апам мен Қастер ағаңды саған тапсырдым», —  дейді. Сонда қайнысы: «Мен барып, екі балаңды алып кеп берейін» дегенде, Үкібала: «Қолыңнан келмейді», — дейді. Ал, қайнысы «Онда не үшін?» деп  жылап қалады. Ал, Үкібала қарды сықырлата басқан жүрісімен ғана жауап қатады. Мұндай көріністерді сақтап қалатын болсаң, тоқсан минуттан асып кетеді. Тоқсан минуттен бірер секунд асса болды, өлшемге толмайтын тауар болып шығады. Сондықтан тура тоқсан минутқа туралау қажет болды.

— Басты кейіпкердің бірі — Қастер. Ол неге соншалықты тұңғиық, тұйық?

Ол образды әдейі солай жаратқанмын. Қарасаңыз, қазақ жігіттерінің ішінде сондай азаматтар өте көп. Өз ұғымымда бұлар тау сияқты. Барлық нәрсе ішіне сияды. Бар ауыртпашылықты мойнына алып, теңселмей тік тұрады. Олар — басына кейде тұман түссе, кейде бұлт кетпей жататын тау тұлға. Бұл — тұңғиықтық емес. Әсілі, өзі сондай образ. Болмыс

— Қастерді кейіптеген актердің аты-жөнін айта кетіңізші?

Әбдуайт деген ойғыр (ұйғыр. — ред) жігіт. Алтай ойын-сауық үйірмесінде істейді. Қазақ тілін, қазақ өмірін жақсы біледі. Образды сомдайтын кезде неше қайтара: «Сен өзіңді тек қана таумын деп ойла. Көзіңнен, өзіңнен ұшқалақтық көрінбесін» деп айтқанмын. Және бұл кейіпкер кешке дейін әрекет үстінде жүреді. Байқасаңыз, үнемі күйбең тірлікпен болып  «бес саулықтаың» қамын ғана ойлап жүреді. Бірақ ішкі дүниесі сондай терең. Мен оған: «Сенің ішкі дүниең бұл өмірден кенжелеп қалған жоқ. Сен бәрін білесің. Кешіре де, қабылдай да білесің. Осы образды жаратып бере алсаң, сен мықты жігіт болдың», — деп айттым. Фильмді түсірместен бұрын алдын-ала отыз күнге ол Шіңгілге,  жайлауға кетті. Қазақтың жігіттері атқа қалай мінеді, атқа қалай шабады, қара жұмысты қалай істейді? Соның бәрін өмірден үйреніп кел деп жібергенмін. Кинода ол ер жасап отырады.  Шабылып жатқан ердің қаңқасын білегіне салып өлшеп көреді. Дәл осыны актер жігітіміз жайлаудан үйреніп келді. Оны мен де білмеймін. Келген соң, осындай жақсы дүниелер бар екен деді. Соның бәрін жарат дедік. Ал, енді бізді саусағына сұғып алуы — біздің көркемдік тұрғыдан қосқанымыз.

— Бізді қолына сұғып алуы — ойында Үкібала тұр ғой. Ішкі толқынысын білдіреді ғой.

— Дұрыс айтасыз. Бұл енді — кино тілі.

— Одан кейін Ақтай салдың туыстары Үкібаланы Қастерге ұзатып береді. Сонда  Сара апай құдаларының жетегіне боталы інген байлайды. Бірақ Қали неге ботаны бермей алып қалды?

Бұл көрініс бір жағы сюжет үшін  қажет болса, екінші жағынан, Қалидың балалығы ретінде қабылдануы керек ғой деп ұқтым. Бала кезімізде біз де сондай болғанбыз. Қозы-лақты үлкендеріміз біреуге береміз десе, «бермеймін де, бермеймін» деп жата қап жылайтынбыз. Үшіншіден, фильмдегі оқиғаны ширықтыру мақсатында ботаны бермеймін деп ала қашуы керек болды. Кейін Қалидың «қараулығы» бұрынғы қайын жұртында қалған қос жетімегін боталы інгендей боздап іздеген Үкібаланың тағыдыры болып шығады.

— Фильмде ботасы жұртта қалған аруананың бейнесі сәтті пайдаланылды.  Осы арада аруана мен бота жайына тоқталсаңыз?

Бала кезімізде боздап тұратын бота мен інгенді талай көргенбіз. Боздағаны құлақтың түбінде тұр. Мәңгі кетпейді. «Неге боздап тұр?» — деп үлкендерден сұрағанда бірі ботасы өліп қалды дейді, енді бірі енесі өліп қалды деуші еді...  Алдында айтқанымдай, осы бота мен інгеннің бірін-бірі іздеп боздауын бір туындыма пайдалансам деп ойлайтынмын. Өйткені, ойсыл қара баласының басындағы халмен қазақтың ішкі мұңы бір.   «Бозінген» сияқты күйлердің тууы да соның белгісі.  Фильмде ботасын іздеп келе беретін аруана туралы ешнәрсе айтылмайды.  Сөз жоқ, көрініс қана бар. Бірақ жүрегіңді сыздатады. Менің жүрегімді ауыртқан соң, басқалардың да жүрегін ауыртатын шығар деп ойладым.   Қалайда осы жайтты киноға енгіземін дедім.

— Тура осы шешіміңізге режиссер қалай қарады? Ол өзі үшін жаңа бір дүниенің бетін ашқандай болған жоқ па?

— Таң қалды. Алғашында түсіне алған жоқ. Жүргізуші режиссер деген болады. Мен өзім киноның түсіру техникасынан бейсауат адаммын. Әрине, режиссердің жұмысын атқардым. Әлгі жүргізуші режиссер актерлердің түсірілім барысында қалай жүріп, қалай сөйлеу керектігін, бояу, шырақтардың бәрін қалай пайдаланады бәрін-бәрін қадағалап отырады. Ләң фамилиялы. Сол бір кезде маған: «Біз киноны «Ақсарбас» деп алдық. Түйені кірістірмей, бастан-аяқ қоймен кетсек» деген бір ұсыныс айтқан. Мен сонда: «Олай етсек, картон фильм түсірсек болады. Киноның соңында ең үлкен салмақты осыған, ботасын іздеп келе беретін інген мен бұрынғы барған жерінде жәудіреп қалған балаларын іздеп жанұшырған әйел-ана Үкібаланың тағдырын сабақтастырып бітіруіміз  керек», —  деп түсіндірдім.

— Киноға  қатысты сұрақ бұл да: қытай балажан халық па?

Балажан халық. Осы фильмді Канададағы кинофестивальге  режиссердің өзі алып барып келді. Мен о кісінің сөзінен байқаймын ғой. Канадалықтар да балажан екен. Канадаға апарған кезде бұл кино төрт мәрте көрсетіліпті. Негізі, қандай кино болса да, екі реттен артық көрсетілмейді екен. Өйткені, әділ қазылар киноның түсіндірмесіне қарап қана көрсету, көрсетпеу мәселесін шешетін көрінеді. Біздің фильм төрт рет қатарынан көрсетілгенде де канадалық бір шал мен кемпір келіп көріпті. Артынан «Біздің де осындай балаларымыз бар», — деп жылайды екен жарықтықтар. Режиссер киноға менің сценариймді алғаннан кейін маған: «Біз бұл киноны халықаралық деңгейде шығаруымыз керек»,   — деді. Халықаралық дегенде, оларға еліктеу емес, сен өз құныңды жаратуың керек. Бірақ көтерген ойың халықаралық таныммен бірдей болуы тиіс. Өйткені, сенің жасаған фильміңді қазақ та, қытай да, канадалық та, араб та, жапон да қабылдай алуы керек. Бәрі де адам баласы ғой.

- Режиссердің қазақ әлемі туралы кино түсіру ойында жүрген бе сонда?

- Әрине.

Сосын сізбен кездесіп қалды. Сіз сценарийіңізді ұсындыңыз.

Бұл кісі жиырма жыл деректі фильм түсірген адам. Қытайдағы деректі фильм түсіретін ең мықты режиссер. Сонда бұл кісінің арманы: «міне, орта жасқа келдім. Өмір бойы деректі фильм түсірдім. Енді өмірімнің соңына дейін бір көркем фильм түсірсем» болған ғой...

Біздің елде де көп фильмдер бар. Бірақ, олар бұл кісінің ойынан шықпапты.  «Ақсарбас»  — түпнұсқасы шағын ғана менің бір әңгімем. 2003-нші жылы жазылған. Қытай тілінде. Бұл шығарма автономиялы дәрежеде мадақтауға ие болды. Сосын қытайдың журналдары бірінен соңы бірі басты. Торапқа (интернетке.-ред) түсіп, тарап кетті. Бұл кісі тораптан көріп, маған телефон береді. Менде де кино жазсам деген ой бар еді. Оның алдында «Сержан» деген тізбекті фильм жазғанмын. Сөйтіп, режиссер маған ұсыныс жасады. Сонымен мен сценариін жаздым. Шіркін, кино түсіру мүмкіндігі бола қалса, пайдалансам, қоссам деген жоғарыдағы айтқан дүниелерімді жарату үшін сценарийді он төрт рет  қайтара жаздым. Режиссердің ойларына да құрмет қылдым. Себебі, миллиардтың ішінде талай шығарма бар ғой. Соның ішінен таңдап алғанының өзі ерекше. Ең басында сценарий үш бөлектен тұратын. Үкібала бір бөлек, ортадағы Қастермен қосылатын бір әйел. Сара апай бір әйел. Үш әйелмен бір әйелдің өмірін көрсетпек болғанмын. Сонымен, он екінші өзгеріске келгенде режиссер «осыны бір әйел етсек қайтеді» деген ұсыныс айтты. Алдыңғы нұсқаларында Ақтай сал Үкібаланы алып кетіп қалады. Өйткені, ешкімді өлтіргім келмеді. Режиссерға да бұл кинода жағымсыз кейіркер болмайды деп талап қойдым.

— Кейіпкерлерді кім таңдады? Режиссер ма? Сіз бе? Кинодағы басты кейіпкер — ерекше образ иесі — Үкібала. Оның бидай өңі, қоңыр көзі... Қалай таңдадыңыздар?

Әртістерді режиссер, мен, оператор үшеуміз таңдадық. Үш адамның таңдауы бір жерден шығу керек деген мақсат болды. Өйткені, мен — қазақпын. Біреуі аппараттық көріністік тұрғыда талдайды, біреуі режиссерлық тұрғыда талдайды. Біз мүмкіндігімізше қытайдағы қазақ әртістерінің бәрін шақырдық. Қытайда арнайы кәсіптенген әртістер бар. Бірақ олардың жас шамасы образға келмеді. Қазақстаннан да шақырдық. Нұрлан Әлімжанмен байланыс жасап, бұндағы актерларды  интернет арқылы «қабылдап» тұрдық. Бірқанша өлшем болды. Актер образға сай болуы керек еді. Егер Үкібала тек қана сұлу қыз болатын болса, кейіпкердің  кейіннен ана болған образын шығара алмай қалар еді. Сондықтан, қыз кезіндегі Үкібаланы және ана бейнесіндегі Үкібаланың бет-бейнесін, жүріс-тұрысын дәл келтіретін, образды сөз жоқ түсіне алатын адам керек болды. Әуелі, сенің айтқан ойыңды одан әрі сәулелендіріп алып кететін болуы керек еді. Қыздарды таңдадық. Қазақстаннан да қыздар таңдадық. Бірақ олар өте сұлу болды. Ал енді көп әртістің бет келбеті заманауи пішінге өтіп кеткен. Көздері, көзқарасы қазіргі замандық болып тұрады. Ал, Маржанның көзінде (Үкібала бейнесін сомдаған әртіс. -ред) қазақ қызының бір ұяңдығы бар. Ақыры алып келіп, режиссерға таныстырдық.  Одан кейін Зейнеп апай... Зейнеп апай (фильмдегі Сара әже бейнесін сомдаған әртіс. — ред)  осы күні Қазақстанға келіп балаларға би үйретіп жүр. Бұл кісі бұдан бұрын сахналық қойылымдарда ойнаған. Біз таңдағанда  сөз жоқ, сахаралық қарапайым әйел болуы керек деп шештік. Өз кезінде бұ кісі де ақын болған. Ол туралы кинода да айтылады. Әсілі, Үкібала да үлкен бір ауылдың қызы.

— Фильмдегі Сара өзінің ынтық болған адамына қосылған бақытты әйел ғой, иә?

— Иә, бақытты адам. Үкібала мен Сара бір адам десек болады. Бірі — ақындық өнерімен сүйгеніне қосылып, бала-шағасының қызығын көруге жазған  сахара әйелінің кейуана кейпіндегі бейнесі болса, екіншісі  тағдыры шәлкез болып жолыққан жалғысы. Бұл сценарийдегі өзімше жасаған құрылымдық шеберлігім. Ұлттық характерлерді беретін образдарды кино әлемінде сомдағанда  халықаралық додалардың ешбірінде  ұялмайтындай болуың керек қой. Батыстың фильмдерін қарап отырсақ, олар сценарийдің құрылымын өте тамаша жасайды.

— Бұл екі актерді жақсы таңдағансыздар. Сара — қазақ анасының мейірімін, кеңдігін, ұлағатын паш еткен бірегей образ болып шыққан. Кескін келбеті де сондай бай табиғатымен үйлесіп тұр.  Ал, сахара сұлулығын зипа бойында сақтаған арулар Маржан — Үкібаланың жасында   қазір аз кездеседі. Қаншалықты боядыңыздар оны? Ол кәсіби әртіс пе, әлде  көп ішінен тауып алдыңыздар ма?

— Тауып алдық қой. Негізі, ойын-сауық үйірмесінде кәсіби биші.  «Көрікті мекен» деген кинода жеңгенің рөлін сомдаған. Содан біраз негізі бар. Киноны техникалық тұрғыда жақсы түсінеді.

 

— Фильм көрерменнің ойына ерік беретіндей сарынмен аяқталыпты.   Мәңгілік ертегі сияқты. Қали: «Ағаммен Үкібаланың түбі бір кездесетініне сенемін», — деп көшіп бара жатса, Үкібала да қосын жығып түйге артып жатады. Қалидың көшін ағасы Қастер бастап барады, бәлкім, екі көш қосылатын шығар.

— Бәлкім қосылған да шығар (сұхбаттасымыз осы сөзді айтқанда күлімісіреп, үнсіз отырып қалды ).

—  «Ақсарбас» деген қытай тілінде мағана бере ме?

— Қытай тіліне аударғанда «Ақсарбас» деген сөз табылмады. Сөз табылды. Бірақ, жай мағынада болып қалады. Сондықтан, мәңгілік деген мәнде бір сөз қолдандық. Менің «Ақсарбас» деген шығармамның ең соңғы сөзі: «Бұл дүниенің жыры тек қана махаббат емес... Мына кеңістік пен тіршілік.  Кеңістік пен тіршілік барлығын жалғастырады» деп бітеді ғой. Өйткені, мың жылдықтар көшкен дүние ғой бұл.  Жер шары аман болса, дүние көші тоқтамайды. Сонда өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті не нәрсе жалғайды? Тек қана махаббат па?  Жартастарға таңбалы бейнелер сызған бабаларымыздың   санасы осы сауалдардың жауабына  жеткен.   Адамзаттың мәңгілік жасауындағы сыры да осында шығар. Үзілмейді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кете береді.

Қытай режиссерларында қоғамды  ізгілендіруге, құштарлыққа, өмірді сүюге ұмтылдыратын кинолар көбірек түсіріліп жатқан сияқты

— Бұл сөздеріңіз де тура.

— Қытайда киноға байланысты заңдар барма?

— Бар.

-Ол заңда не айтады? Қаржыландыру жағы қалай? Кино саясаты туралы да заңда айтылған ба?

-Кино заңы бар. Мысалы киноханаларда кино қалай қойылады? Одан кейін кино жасауда авторлардың жеке құқығын қалай қорғау керектігі... бәрі бар.  Кино туындыларды қарайтын орталықта министр бар. Кино жобаны алдымен министр  бір рет тексеріп шығады.   Қытай киноларында қатігездікті насихаттауға    жол берілмейді. Сырттан келетін киноларды, егер ол  қытайдың кино заңына қайшы болса,  жолатпайды.

Қытайда  ұлттық тақырыптағы кинолар бар. Оларды министр тексеріп қана қоймайды, ұлттар істері жөніндегі министрі бар, солар да тексереді. Ұлттар істері жөніндегі министрліктің бірден бір қарайтыны — болашақ фильмде ұлттық намысқа тиетін көріністер бар ма? Бір ұлтты жамандады ма? Осыны шығарғаннан кейін ұлтаралық тынышсыздық туып кетіп жүрмей ме?  Осыны тексереді. Сосын, таңбасын басып отырып, «мынау болады» дейді. Мысалы, менің киномды да неше рет тексерді.

— Министрлік қандайда бір ескертулер айтты ма сіздерге, «мынаны алып таста, тоқтат» деп.

— Мен ұзақ уақыт журналист болғанмын. Заңды әбден білемін. Мен қазақ болғаннан кейін осы кинода қазақтың ар-намысына тиеді-ау деген жағына ерекше мән бердім.

— Киноларыңыз ішкі қытайда көрсетіліп жатыр ма?

— Қазір Бейжиңде көрсетіліп жатыр.

Қытай тіліне аударылды ма?

— Жоқ,  қытай тіліне аударылмады. Неге  дегенде, ілеспе аудармасы жазылып отырады. Ал негізгі дыбысталуы қазақша. Режиссер «фильм қытайша дыбысталса, жалған болып шығады. Сондықтан, қазақ тілінде болуы керек», — деді.

— Көркем фильмдеріңіздің бюджеті қанша болды?

— Жеті млн юань. Бір жарым миллион доллар болады.

Сұхбаттасқандар Дәурен Қуат, Өміржан Әбдіхалық.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы