Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Азиадаға арналған фотобайқаудың жеңімпаздары анықталды

Дата: 09 февраля 2011 в 08:10

Азиадаға арналған фотобайқаудың жеңімпаздары анықталды

Алматыда «Хабар» агенттігі мен on.kz әлеуметтік желісінің «Отандастарыңа жанкүйер бол!» фотобайқауының жеңімпаздары анықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға Азиада ойындарының ұмытылмас сәттерін бейнелеген көптеген адамдар қатысқан.

7-ші қысқы Азия ойындарының басталысымен «Хабар» агенттігі және on.kz әлеуметтік желісінің біріккен фотобайқауы ұйымдастырылады. Қатысушыларға шектеу жоқ. Негізгі мақсат тартысты бәсекені, жанкүйерлердің көңіл-күйін көрсете білу.

Ержан Сүлейменов, «Хабар» агенттігі» АҚ креативті директоры:

— Әуесқой фотографтар болғандықтан композициялық және техникалық жағына ерекше мән берілген жоқ.

Ұйымдастырушылар көптеген суреттерден лайықтысын іріктеу оңай болмағанын айтады. Нәтижесінде қазылар алқасы төрт адамның туындысын жеңімпаз деп тапқан. Соның бірі

Қанат Бейсекеев «Ел-Арнадағы» «Алға Азиада, Жаса Қазақстан!» бағдарламасына қонақ ретінде шақырылып, естелік сыйлыққа ие болды.

Анастасия Хамова, Диана Адиканкова мен Александр Шамовтың да суреттері үздіктер қатарында.

Анастасия Хамова, фотобайқаудың жеңімпазы:

— Жақында ғана кәсіби камера сатып алдым. Айналамдағы барлық қызықты оқиғаларды бейнелеуге тырысып жүрмін. Өзім де спортшы болғандықтан, спорт тақырыбы ерекше қызықтырады.

Фотобайқау жеңімпаздары Азиада ойындарының жоғары деңгейде өткенін айтады. Елеулі оқиғадан сыр шертетін естелік ескерткіштер енді олардың үйлерінің төрінен орын алмақ.

По сообщению сайта Nur.kz