Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Еліміздің ұлы әншісі 90 жасқа қараған шағында дүние салды

Дата: 09 февраля 2011 в 12:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Еліміздің ұлы әншісі 90 жасқа қараған шағында дүние салды (видео)

Қазақ мәдениеті мен өнері ауыр қазаға ұшырады. 2011 жылы 8 ақпанда аты аңызға айналған әнші, КСРО және Қазақстанның ха­лық әртісі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланова 90 жасқа қараған шағында дүние салды.

Роза Бағланова Қызылорда облысының Қазалы қаласында 1922 жылы туған. Ол Қызылорда педагогикалық институтында оқыған­нан кейін 1941 жылы Ташкент филармониясы ән-би ансамблінің әншісі болды.

Р.Бағланова бұл ансамбльдің құрамында Ұлы Отан соғысы кезінде майдан даласында ән салды.

Мәскеу түбінде шайқасқан панфиловшы жауынгерлер алдында концерт қойды.

1945 жылы 9 мамырда Берлин қаласындағы Жеңіске арналған концертке қатысты. Оның орындауындағы «Кестелі орамал», «Ах, Самара, городок» әндері ел арасында ерекше танымал болды.

1947-1949 жылдары ол Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының әншісі, 1949-1960 жылдары Қазақ филармониясының солисі болды. Р.Т.Бағланова кейінгі 50 жыл ғұмырында «Қазақконцерт» шығармашылық бірлестігімен байланысын үзбеді.

Роза Тәжібайқызы қазақтың ән өнерін дамытуға айрықша ауқымды үлес қосты. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі композиторлардың шығармалары, әлем халықтарының – орыс, өзбек, тәжік, украин, грузин, әзірбайжан, қырғыз, корей, поляк, венгер, қытай, моңғол, үнді халықтарының әндері үйлесімді көрініс тапты.

Аса танымал эстрада әншісі Роза Бағланова қазақ өнерін шетелдерде таныстырып әрі насихаттай отырып, белсенді гастрольдік қызмет жүргізді. Ол Мәскеуде өткен Бүкілодақтық эстрада әншілерінің екінші конкурсының дипломанты, Бухаресте өткен Жастар мен студенттердің II бүкілдүниежүзілік фестивалінің лауреаты болды. Осы фестивальде халық әндерін орындағаны үшін арнайы сыйлық иеленді.

Роза Бағланова еліміздің мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Халық қаһарманы атағына ие болды, Ленин, Еңбек Қызыл Ту және Халықтар достығы ордендерімен марапатталды, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын иеленді.

Әйгілі әншінің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

По сообщению сайта Nur.kz