Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақберен Елгезек. Мұқағалиға

Дата: 09 февраля 2011 в 13:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақберен Елгезек. Мұқағалиға

Әлмисақтан дарыған Тәңірімнен,

Мен де Сіздей ауырғам кәрі мұңмен.

Түнектерді жүректен қуалаймын,

Ішімдегі алапат жарығыммен!

 

Кеш арайлы, жарықсыз таңым бірде,

Мазақтайды көшеден сағым күнде.

Діңім қатты болғанмен өмірімде,

Қаттылыққа көнбейді жаным мүлде.

 

Періштенің естіліп әні бірде,

Шағылысып тұрады тәні Күнге.

Сізге шашқан өлеңнің ұшқындары,

Қанатында қалыпты әлі күнге.

 

Өлеңімнің байланып бағы түнге,

Тағдырымның қашалар табы түрде.

Сізге түскен өлеңнің бір парасын,

Сыйлайды екен Тәңірім тағы кімге?

 

Бағы бірге болғанның соры бірге,

Соры бірге болғанның жолы бірге.

Сізден қалған елестер көз алдымда,

Сізден қалған сезімдер көңілімде...

 

Айналарын білген соң бары күлге,

Жаңа бүршік бас иер кәрі гүлге...

Сүймесе де бұл өмір өз ақынын,

Ақын оны сүйеді бәрі бір де!

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы