Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Оңтүстік Қазақстан тұрғыны ғажайып шежіре жасаған

Дата: 09 февраля 2011 в 14:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Оңтүстік Қазақстан тұрғыны ғажайып шежіре жасаған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордасабы ауданының тұрғыны өз үйінің бір бөлмесін қазақ халқының шежіресіне арнаған.

Яғни, үйдің ең үлкен бөлмесінде ұлтымыздың шежіресін ағаштан ойып жазыпты. Бұл үшін бес жылын сарып еткен.

Естелік туындының алдымен суреті салынып, содан кейін ағашқа отпен күйдіріп басылған.

Бір үйдің тұтастай бірнеше қабырғасын алып тұрған естелік туындыда үш жүздің шежіресінен бөлек қазақтың мұңын жоқтаған марқасқа ерлері — «Үш биіміз» бен «Бес арысымыз» және «Үш бәйтерегіміз» , әрі Қажымұқан мен Бауыржан бабаларымыздың бейнелері суреттеліпті.

Әбубәкір Оразалиев — шебер:

«Ата бабаларымыздың үш жұртын мысалы ұлы жүз, орта жүз, кіші жүзді көрсету да таныстыру. Жеті атамызды мынау өзімнен кейінге мен мектепте істеим мұғалім болып еңбектен сабақ берем сол балдарға сабақ болсын деп осыны бастадым».

60-ты алқымдаған шебер үш жылдан соң зейнеткерлікке шығып, өзінің туындысын өзі еңбек еткен мектептің мұражайына естелік ретінде сыйға тартпақ.

Ондағы мақсаты, өскелең ұрпақтың жеті атасы мен өз шежіресін жадында сақтасын деген аталы ой екен.

 

По сообщению сайта Nur.kz