Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Медведев Ресейде қысқы уақытқа көшу болмайтындығын жариялады

Дата: 09 февраля 2011 в 15:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматы. 9 ақпан. ҚазТАГ — РФ президенті Дмитрий Медведев Ресей территориясында қысқы және жазғы уақытқа көшу болмайтындығын жариялады, деп хабарлады ресейлік БАҚ-тар.

Атап айтқанда, Ресей басшысы, 2011-ші жылы күзде бір сағат артқа, қысқы уақытқа көшу болмайтындығын жариялады. Ресей президенті бұл шешімін 2010-шы жылғы ғылым мен инновация саласындағы президент сыйлығының лауреаттары және жас ғалымдарымен кездесуінде мәлім етті.

Президенттің пайымдауынша, сағат тілін ауыстыруға бейімделу стресс пен әр түрлі аурулар тудырады

Ресей БАҚ-тары 2010-шы жылы қазанда РФ мемлекеттік думасына қысқы және жазғы уақытқа аусыды алып тастау туралы заң жобасы енгізілгенін еске салады. Оның авторлары ЛДПР депутаттары болды. 2011-ші жылдың басында мемлекеттік думаға осындай заң жобасын «Единая Россия» партиясы да ұсынбақшы болған.

Ресей соңғы 30 жыл бойына жазғы және қысқы уақытқа көшіп отырған. Қазан айындағы соңғы жексенбіде 3:00-де сағат тілі бір сағатқа артқа, ал наурыздың соңғы жексенбісінде бір сағатқа алдыға жылжытылатын. Сағатты маусымдық уақытқа көшіру электр экономиясын қамтамасыз етеді деп есептелген.

Қазақстанда «жазғы уақытқа» көшу 2005-ші жылы алынып тасталған. Сонымен қатар сағаттық белдеулер саны азайтылып, бұрынғы үш сағаттың орнына екі сағат қана қалған.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы