Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мәжілісмен Тұрсынов түлектері өз елінде жұмысқа тұра алмайтын «Болашақ» бағдарламасының қажеттігіне күмән келтірді

Дата: 09 февраля 2011 в 15:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 9 ақпан. ҚазТАГ — Айгүл Түлекбаева. Мажілісмен Сағынбек Тұрсынов«Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесіне алаңдаушылық білдірді.

Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында ол көптеген қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде керемет білім алып, оқуын аяқтаған соң жұмыс таба алмайтынын атап көрсетті.

«Құрметті, Кәрім Қажымқанұлы, (...) «Болашақ» бағдарламасының керемет табыстарға қол жеткізген түлектерін жұмысқа орналастыру үшін мемлекеттік органдарға тапсырма берілсе, жақсы болар еді», — деді С. Тұрсынов сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында.

«Бағдарлама 1994 жылы қолға алынды, қазір ол бойынша 2 788 бала оқып шықты, кейбіреулері елімізде жұмысқа тұра алмағандықтан, шетелде қалып қойды. Балаларымызды жұмысқа тұрғыза алмасақ, оларды оқытудың қажеті қанша? Мұндай бағдарламаны жүзеге асырып не бар? Неліктен еліміздің басшылығы оларға жұмыс таба алмайды? Бұл бағдарламаны алдағы уақытта жалғастыру қажет пе? деген сұрақтар туындайды. Халық қалаулысы өз сауалында үкімет басшысынан осы сауалдарға жауап беруді сұрады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы