Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Өзін-өзі ұсынған Дуамбеков мемлекеттік тілді еркін меңгеру бойынша емтиханнан өтті

Дата: 09 февраля 2011 в 15:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 9 ақпан. ҚазТАГ — Президент сайлауына қатысуға үміткер Мұсағали Дуамбеков мемлекеттік тілді еркін меңгеру бойынша емтиханнан өтті, деп мәлім етті лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

«Лингвистикалық комиссияның мүшелері президенттікке үміткер Мұсағали Дуамбеков қазақ тілін еркін меңгерген деген қорытындыға келді», — деді ол сәрсенбі күні комиссияның шешімін жариялай отырып.

Комиссия төрағасының айтуынша, М.Дуамбеков өзінің жазбаша жұмысында ойын дұрыс жеткізе алатынын көрсетті, бірақ 5 қате жіберген: 1 — орфографиялық, 2 стилистикалық және 2 пунктуациялық қате. Екінші тапсырманы орындау кезінде үміткер қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың 3 өлеңін оқып берді. Комиссия оның жақсы оқығанын атап өтті.

«Емтиханның үшінші бөлігі — сөз сөйлеуде — Дуамбеков өз ойын дұрыс жеткізе алатынын дәлелдеді. Кемшіліктер де болды, бірақ өте маңызды және қосымша сұрақтарға дұрыс жауап берді», — деді М.Жолдасбеков.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда өзін-өзі ұсынған Уәлихан Қайсаров «Қазақстанның болашағы бүгіннен басталады» тақырыбында жазған жазбаша жұмысында 28 лингвистикалық, орфографиялық және стилистикалық қате жіберіп, емтиханнан өтпей қалған болатын. Комиссия төрағасы У.Қайсаров өз шығармасында тақырыпты аша алмады деді.

Емтиханның екінші бөлігі — көркем мәтінді оқу орташа деңгейде болды.

Сондай-ақ, ол сөз сөйлеу кезінде де бірнеше қате жіберіп, нақты болмады, қосымша сұрақтарға толық жауап бере алмады.

Осылайша У.Қайсаров бірінші кезеңнен өтпей қалды.

ОСК түстен кейін отырыс өткізіп, президенттікке кандидат У. Қайсаровтың Конституцияға және «ҚР сайлау туралы» конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес келмейтіні туралы шешімін жариялайды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы