Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ОҚО азық-түліктің басым бөлігін сырттан әкеледі – әкімдік

Дата: 09 февраля 2011 в 15:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Шымкент. 9 ақпан. ҚазТАГ — Оңтүстік Қазақстан облысы әзірге өзінің халқын негізгі азық-түлік тағамдарымен толығымен қамтамасыз ете алмай отыр, деп облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарамасының бастығы Нұржан Әлтаев ведомствоның 2010-шы жылғы жұмысын қорытындылай келіп мәлім етті.

«Оңтүстік Қазақстан өзін толығымен ұнмен, сүтпен, пиязбен, қырққабатпен, қызанақпен, қиярмен және шәймен қамтамасыз етеді. Ал басқа әлеуметтік маңызды азық-түлік бойынша теріс баланс қалыптасып отыр», — деді Н. Әлтаев.

Бұл ретте, дейді ол, халық ол азық-түліктерден тапшылық көріп отырған жоқ, себебі ол жеткілікті мөлшерде сырттан әкелінеді.

«Ет өнімдерінен 72,7 мың тонна жетпейді», — деді Н. Әлтаев. Бұл ретте халық өзі өндіріп, базарларда сататын ет көлемі бұған кірмей отыр.

Құс етінің жетіспеушілігі 11 мың тонна. Қаймақ майының тапсышылғы 11,3 мың тонна, маргарин тапшылығы  -3,8 мың тонна.

«Өсімдік майын бірнеше кәсіпорындар өндіреді және ол облыс қажеттілігін ең төменгі мөлшерде қанағаттандырады, бірақ былтыр облыстан 24,7 мың тонна май экспортталып, сондықтан облыста өсімдік майынан 26,9 мың тонна жетіспеушілігі анықталды», — дейді Н. Әлтаев.

Алманың тапшылығы — 22,1 мың тонна, сәбіз — 5,9 мың тонна, картоп — 55,1 мың тонна, қызылша — 4,6 мың тонна.

«Жетпей жатқан ауыл шаруашылығы өнімдері Алматы мен Қырғызстаннан жеткізіледі. Олар негізінен қытайлық, ирандық, пәкістандық өндіріс тауарлары», — дейді ол. Күріш пен тұз және қант ОҚО территориясында өндірілмейді.

Басқарма бастығы аталған кемшіліктерді жою үшін АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруды тездету мәселесін қолға алынып жатқанын айтады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы